Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар


,Жүрек пен қан- тамыр ауруларының профилактикасы



бет29/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

5,Жүрек пен қан- тамыр ауруларының профилактикасы.


Жүрек- қан тамыры ауруларының профилактикасы
1. Талапқа сай дене шынықтыру жүктемесі. Ол қан айналымын күшейтеді. Табиғат аясында жаттығу жұмыстарын жасау өте пайдалы, себебі сіз өз ағзаңызды оттегімен толықтырасыз (жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, велосипед тебу). Гимнастика ағзаға аэробтық жүктемелермен қатар өте пайдалы.
2. Дұрыс ұтымды тамақтану. Денсаулығыңызды сақтау үшін, нәруыз және талшықтарға бай тамақтарды жеуге тырысыңыз, көмірсулар мен майларды азайтыңыз. Олар ми мен ішектеріңіздің дұрыс жұмыс істеуі үшін сіздің ішетін тамақ мөлшеріңізде міндетті түрде болуы керек, бірақ, нәруыздардың көптеп болуы шарт, өйткені олар қан тамырларының қабырғаларын берік ететін құрылыс материалы болып табылады. Егер де сіздің салмағыңыз шамадан тыс үлкен болса, онда сізге диета сақтап, күніне кішкене мөлшерлермен 5-6 рет тамақ ішуіңіз керек.
3. Ағзаға стресстік жағдайлардың әсер етуін азайту. Жүрек-қан тамыры жүйесіне стресстік жағдайлардың әсері белгілі: адреналин гормондарының шығарылуы жүрек соғуының жиілеуіне әкеліп соғады, бұл уақытта қан тамырлары жиырылып, түйіліп, тарылады. Осының әсерінен қан қысымы көтеріледі, жүрек бұлшық еттері тозады. Адам негативті эмоцияларға берілгенде - қорқу, ашулану, шамдану кездерінде бірінші ретте жүрек зардап шегеді.
4. Зиянды әдеттерден бас тарту. Темекі шеккен адамның қан тамырларының сау болуы мүмкін емес. Никотин қан тамырларын жиырылдырады, түйілдіреді, сондықтан да адамның қан қысымы көтеріледі. Сонымен қатар, тамырлардың қабырғаларына зиян келтіріледі, оларда қан ұйып тұрып қалады, осының бәрі жүрек-қан тамыры ауруларының негізгі себептері болып табылады. Темекі (шылым) шегушінің миына зақым келеді, есте сақтап қабілеті нашарлайды, сал ауруына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да темекіден бас тарту керек. Тағы да бір өте зиянды әдет алкогольді көптеп ішу. Осылардан біржола бас тартыңыз. Біріншіден, жақсы үлгі көрсетесіз, екіншіден денсаулығыңызға пайдалы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет