2.Тістер, олардың алмасуы, кариесті – тіс қант құртын болдырмау үшін
күрес. Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 32, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 ит тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азу тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 ит тiс және 8 азу тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады.
Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.
3.Ішек – қарын ауруларын болдырмау жолдары. Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, диета сақтап, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.
Кесте