Студенттің өзіндік жұмысы №11
Зат пен энергияның алмасулары. Тамақтану гигиенасы
Тапсырмалар
1.Рахит пен артық салмақ қосу – тамақтанудың бұзылу
нәтижесі.
2.Тамақтанудың тәртібі мен реті.
3.Гиповитаминоз бен авитаминоз, олардың профилактикасы.
1.Рахит пен артық салмақ қосу – тамақтанудың бұзылу
нәтижесі.
Рахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) — сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздыгына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы шгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек қурылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бузылуымен сипатталатын ауру.
Рахит дамуынын жағдайлары:
теріде холекальциферол түзілісінің бүзылуы;
бауыр мен бүйректе Р-Са алмасуының бұзылысы;
тағаммен Д вит. кем түсуі;
Д витаминің тапшылығы рахиттің себептік және икемдеуші факторы.
1) Кун сәулесі тапшылығы.
2) Тағамдық факторлар,
Рахиттің ағымы ауыр және оның жиі кездесетін бала топтарында анықталғаны:
— Д вит. қосылмаған жасанды қоспалармен қоректендіру;
—- сүтпен ұзак мерзім тамақтандыру (1 г емшек сүтінде Д 3 40-70 ХБ, сиыр сүтінде -5 -40 ХБ; 1 г тауық жүмыртқасының сарысында 140-390 ХБ);
— негізінен вегетариандықтамақтану (ботқа, көкөністер), жануар белогы жетімсіз; дақылдарда фитин қышқылы мол, ол ішекте калыдийді байлайды; дақылдарда лигнин көп, ол Са мен Д вит. сіңірілуін және гепато-энтерогендік айналысын тежейді;
Кеп мөлшерлі көкөністерде (әсіресе, картоп) және сүтге фосфаттар артык (ты-ңайтқыштар қолданудан), олар Са сіңірілуін (тағамдағы тиімді Са:Р ара-катнасы I:! ,5-2,0), паратгормон түзілісін тежейді.
Рахит дамуындағы мәнді фактор тағамдағы Д вит-кемістігінен гөрі одан жеткілікті түрде Са, Р, белок (ең бастысы аминқышқылдары), липид, микроэлементтер мен бас-қа вит (С, В, В2 В6 Е) түсіп, калыптаспауы.
Отбасылық тамактану үрдісінін. де бір жастан асқан сәбиде рахит дамуында мағынасы бар.
3) Перинатальдық факторлар.
Шала туылу рахит дамуына икемдейді, себебі Са-дің іштегі нәрестеге ең белсенді түсуі жүктіліктің соңына карай. Шала туылғандардын өсу қарқыны күштірек болған соң Са-ге сұранысы да сәйкес келеді (ересектерде 8 мг/кг, жетілген нәрестеде — 70-75 мг/кг, ал шала туылғандарда — 200-225 мг/қг/тәулігіне).
Жүктіліктің асқынулы ағымы, плацентарлық жетіспеушілік. Бұл жағдайларда Д вит. мен оның метаболиттер денгейі кіндік қанында төмен, Са мен Р қоры организмде жетімсіз болады.
Дұрыс тамақтанбаудың зияны Аталған әр пункт денсаулыққа орасан зор зиян тигізіп, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ал ішек-қарын жолдары ауыратын адамдар үшін, балалар мен жүкті әйелдерге бұлай тамақтану тіпті жарамайды. Адам ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарныңыз қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Егер сіз стресстен тамақ жейтін болсаңыз немесе тәтті болғаны үшін, әдет бойынша тамақ жей берсеңіз, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады. Шамадан тыс қант тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіреді, бұдан ол көп мөлшерде инсулин бөле бастайды. Нәтижесінде бұл процесс бұзылып, қант диабеті белең алады. Сонымен қатар тым көп мөлшерде тәтті тұтыну семіздік пен кариеске ұрындырады. Көп мөлшердегі ащы тағамдар ағзадағы сұйықтықты бөгеп, несеп тас ауруы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын тудырады. Қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болады. Олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болады. Қосымша өнімді тағамдардың мөлшерін азайту үшін орамадағы түрлі өнімдерді, чипстер, газдалған тәтті сусын, шұжық, дүкен бәліштерін азырақ сатып алыңыз. Егер теледидар алдында, газет оқып отырып немесе интернеттен жаңалық оқып отырып тамақ жесе асқазан сөлі дұрыс бөлінбейді. Бұл да өз кезегінде асқазан мәселелерін тудырады. Жүріп бара жатып та тамақ жеу құпталмайды, өйткені қимыл-қозғалыс кезінде тағам дұрыс шайналмай, нәтижесінде тағам дұрыс қорытылмайды да ағзаға тағамның пайдалы заттары сіңбейді. Егер қатаң диеталар ұстанып, аз тамақ жесе, ағзаға дәрумендер жетіспейтін болады. Ал бұл жалпы денсаулық үшін өте маңызды. Жемістер мен көкөністер адам рационында елеулі орын алуы керек. Бұл авитаминоз, ішек микрофлорасының бұзылуының алдын алады. Егер адамның тұрақты тамақ ішу режимі болмаса, ағза асқазан сөлін қашан бөлуі керектігін білмей, әрдайым ауыр күйде болады, бұл да асқазан мен ішек ауруларының тууына әсер етеді. Түнде тамақ жеу құпталмайды, өйткені ас қорыту жүйесіне демалыс қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |