Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет38/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мүиы дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл -қордағы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым Бұл айырмашылық көп болады.


Студенттің өзіндік жұмысы №14
Тапсырмалар
1.Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері.
3. Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
4.Парта
5.Партада отыру ережесі.
6.Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар. 
1.Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.
Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспауы керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары оқушыларды таситын көлікпен қамтамасыз етеді.
Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады.
Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасады. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көще шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп терезелері мен Бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, сынып бөлмелерінің жарығын азайтады.
Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз балалардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында балалардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек.
Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) биология, география пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасады. Оқу-тәжірибе аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын анықтауға қажетті аспаптар, яғни желдің бағытын анықтайтын флюгер, ылғалдылық пен ауа температурасын өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т. б. орналасады.
Спорт аймағы ( 0,1-1,07 га ) мұнда дене шынықтыру пәніне және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің терезесінен ең кем дегенде 10 м қашықта болу керек. Көпшілік мектептерде спорт аймағына 5800-7900 м2, тек кейбір мектептерде ғана 4900-10700 м2 жер бөлінеді, яғни Мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық мектептердің жеңіл атлетика (4900 м2) және гимнастика (600 м2), баскетбол мен волейбол (480 м2) алаңдары, ал ірі мектептерде (1176-1960 орындық) футбол немесе басқа спорт ойындарына арналған үлкен алаң (2960 м2) болады. Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт алаңдары (волейбол, баскетбол, футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде, шаңы аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшарушылық құрылыстарынан, мал қораларынан аулақ болғаны дұрыс. Спорт алаңдарын тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.
Шаруашылық аймағы (500м2) мектепауласының алыс түкпірінде балалардың жүретін жолынан, демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт қауіпсіздік жабдықтарының бұрыш ы т. б. шаруаға қажетті құрылыс тар болады. Мұндағы дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері, транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Мектеп ғимаратын салғанда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары т. б. жатады. Олардың ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа сай келуіне көбірек көңіл бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет