3. Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге үнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэфффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс.
Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф-витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.
4.Парта. Мектеп парталары — сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеденкеле жатқан Ф. Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекетгік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады. Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады.
Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі жөне отырғышы. Парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, қою жасыл түске партаны бояу қазіргі гигиеналық талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-күйі жабырқау тартады.
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы. Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік үстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.
Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биіктігі 18 см. Оқушының дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және отырғыш дистанциялары.
Парта отырғышының арқалық дистанция-с ы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі үстелдің шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардың қызметіне, олардың дұрыс өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисық өседі және көздің қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.
Парта отырғышының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң және теріс дистанция. Егер үстелдің шеті мен отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция нөлдік, арасында аралық болса — о ң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса — т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы.
Парта қақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі. Ескі номенклатура бойынша орта мектептерде пайдаланатын парталарды оқушылардың бойына сәйкес 7 топқа N6 —N12 бөледі. Олардың өрқайсысы бір-бірінен 10 см артық. Мысалы, N6 парта бойы 110-119 см оқушыларға арналса, N7 парта 120-129 см бойлы балаға арналған, т.с.с.
Қазіргі жаңа номенклатура бойынша оқушыларға арналған үстелдер мен парталар 5 топқа бөлінеді:
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балалар үшін,
Б тобы бойы 130-145 см,
В тобы бойы 145-160 см,
Г тобы бойы 160-175 см,
Д тобы бойы 175-190 см балаларға арналған. Бұл өлшемдер парта қақпағының астына немесе отырғышының астыңғы бетіне жазылады. Мысалы, А/130. Партаны топтастыруды жеңілдету үшін әрбір топтағы парталарды арнайы түсті бояумен кішкене дөңгелек не ұзындау төрт бұрыш таңба арқылы белгілеп қояды. Ол белгіні партаның алдыңғы қабырғасына түсіреді. Әр топтарға мынадай түстер бекітілген: А — сары; Б — қызыл; В — көкшіл; Г — жасыл; Д — ақ түсті. Әр мұғалім өзінің сынып бөлмесіне парталар таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындығына сәйкес таңдап алуы тиіс.
Сыныптағы парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6-7 партадан болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,4-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. Терезеден ең алыс орналасқан парта 6 м қашықтан аспауы керек. Әр сыныпта кемінде 3 топтағы парталар немесе оқушылар үстелі болу керек, ал 3-7-сыныптар үшін көпшілік жағдайда 4 топтағы парталар қажет болады. Кішірек парталар алға қойылады да, биіктері соңғы қатарларға орналастырылады. Шамамен алғанда әрбір орта мектепте N6 парталар 1%, N7 14%, N8 — 27%, N9 — 18%, N10 — 20%, N11 — 15%, N12 — 5 % болу керек. Жаңа белгілеу бойынша А топтағы парталар саны 15%, Б тобындағы — 45%, В тобындағы — 20%, Г тобындағы -15%, Д тобындағы парталар 5% болуы керек. Сыныпты 1 орындық парталармен жабдықтағанда бұл көрсеткіштер 2 еселенеді.