Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет6/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

2. Рефлекс және оның доғасы. Орталық жүйке жүйесі өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әр түрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарлуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс доғасы дейді.
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі деп атайды.
Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.

  • Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жыныстық, ұрпақ қорғау бағдарлау т.б. болып бөлінеді.

  • Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып бөлінеді.

  • Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлқындық, бұл барлық, межэнцефальдық, диэнцефалдық және қырсықтық болып жіктеледі.


Рефлекстің бұл негізінде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі Орталық жүйке жүйесі әр түрлі құрлымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс болады.
Нерв орталығы деп организмнің белгілі бір қызметін реттейтін Орталық жүйке жүйесіндегі нейрондар жиынтығын айтады. Организмде қанша рецепторлық қызмет болса, сонша нерв орталығы болады. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу реттеу т.с.с.

3. Жүйке жүйесінің маңызы

  • Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

  • Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

  • Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет