Студенттің өзіндік жұмысы №1 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе Жоспар



бет9/41
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Ñòóäåíòò³ ç³íä³ê æìûñû ¹1 Îóøûëàðäû ôèçèîëîãèÿëû äàìóû ïí

2. Бас миы және оның ерекшеліктері.

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.

3. Бас миының бөлімдері.
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.
Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.
Үлкен ми –милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір-бірден қуыс болады .Ол қуыстар мидың 1-ші және 2-ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың ұзын жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер иірімдер болады.
Үлкен мидың маңдай,төбе, самай, шүйде,жиек және аралшық деп аталатын бөлімдері болады.Бұл алты бөлімді бүйір,орталық төбе,шүйде,белдеу және терең жүлге бөліп тұрады.Үлкен ми құрылысы ,қызметі және шығу тегіне байланысты 3 бөлімге бөлінеді.
1)Орталық түйіндер-базальды ганглий
2)Үлкен мидың бүйір қарыншалары
3)Үлкен мидың қыртысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет