Студенттің Өзіндік жұмысы иондаушы сәулелердің ас қорыту ағзаларына әсері



бет3/5
Дата28.11.2022
өлшемі27,61 Kb.
#53231
1   2   3   4   5
Сілекей бездері. Радиацияның әсерінен сілекей бездері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Өзгеріс интенсивтілігі толқынды түрде болады және сонымен қатар сілекейде жаңа зат пайда болады. Мысалы иондаушы сәуле түскен иттердің сілекейінде амилаза пайда болады.
Қарын. Қарын бездерінің секрециясы аз дозада жануарлардың бастапқы жағдайына байланысты: гиперсекрецияда төмендейді, гипосекрецияда жоғарылайды. Жоғары дозалар қарынның ас қорыту қызметін төмендетіп, үлкен морфологиялық өзгерістер туғызады. Дозасы 0,96 және 3,84 Грей иондаушы сәулемен ұлтабардың ащы ішекке жалғасқан жеріне әсер еткенде, алғашқы сағаттың өзінде-ақ қан сарысуында гастриннің 2-3 есе азайғанын байқауға болады. Бірақ алғашқы үш күн ішінде гастрин түзейтін мүшелерде ешқандай құрылым өзгерістері байқалмайды. Үлкен өзгерістер тек 7 күннен кейін байқалады. Ұлтабар, жіңішкерген жерден шығатын С-клеткалардағы секреторлық гранулдар азайып, сау малдардың организміндегі деңгейге 30 күнге дейін жетпейді. Радиация әсер еткенде гастрин түзейтін клеткалар қызметінің бұзылуы бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) уақытша С клетканың қызметі тоқталады; 2) С клеткадан қанға гастрин тасымалдау тоқталады; 3) ішек-қарын жолындағы гастрин түзейтін жүйелер қызметінің бұзылуымен қатар, құрылымдары да бұзылады; 4) түзеу процестері төмендегеннен С клетканың қызметі төмендеп жүдейді, гастрин түзеу нашарлайды.
Ішек. Ішектің секрет шығару, фермент түзеу қызметі, жалпы және жеке мүшелерге иондаушы сәуле түскенде организмдегі өзгерістер толқын түрінде байқалады. Алғашқы уақытта секрет, ферменттердің қызметі жоғарылап, соңынан төмендеп, қайтадан қалыптасып түзелгенше осы өзгерістер қайталана береді. Ал доза үлкен болған кезде жануар шығынға ұшырайды. Ауру аса ауыр болған кезде алғашқы күні ішектің жиырылуы, созылуы бұзылып, бездердің секрет бөлуі күшейіп, ферменттердің активтілігі жоғарылап, 5 күннің соңында секрет бөлуі нашарлап, ферменттің активтілігі төмендейді. Иондаушы сәуле әсерінен ішектің қабырғаларының зақымдалуы мына түрде болады: ішек қабырғасының шырышты қабатының қабыну, кілегей қабатына қан құйылу, жара, шіру, тыртықтар, тесіктер. Ал ішек-қарын жолының зақымдалғанының клиникалық белгісі - жем-шөпті жеудің төмендеуі, жануардың массасының азаюы. Ішек-қарынның кілегей қабаты қабынған кезде нәжіспен бірге шарана (сілекей) бөлініп шығып іші өтеді, ал ішек-қарында жара, қанау, нәжіс қан аралас болады.

Ішек-қарынның қайтадан қалыптасуы алған дозаға байланысты, доза жоғары болса, уақыт ұзақ, доза төмен болса, түзелу тезірек және толық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет