Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондықфизикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл ғылымның басты міндеті –ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу.
Ландшафт компоненттері
Ландшафт компоненттері (геогендік, энергетикалық, биогендік)
Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы.
Биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады. Табиғаттың құрамдас бөліктері өздеріне тән заңдылық бойынша бар болымысымен өзгеріп,дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды.Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы тұтас бір заттық жүйеге бірігеді.
Ландшафт өмір сүруі көптеген элементарлық процестерден құралады: Мысалы: жаңбыр жаууы, судағы газдың еруі, топырақ ерітіндісінің капиллярлар бойымен көтерілуі, булану, фитосинтез, микроорганизмдердің органикалық массаны ыдыратуы т. б.
Биогендік зат айналымы.
Биогеохимиялық цикл немесе «кіші биологиялық айналым» – геожүйе өмір сүруінің негізгі бөліктерінің бірі.
Оның негізін – өнімділік процесі, яғни продуценттер (жасыл өсімдіктер) арқылы органикалық заттардың жасалуы құрайды.