Студенттің педагогикалық сараманға жеке жұмыс жоспары


М. Өтемісов атындағы Батыс



бет5/5
Дата27.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#87499
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асель.doc

М. Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан университетінің
жаратылыстану-география
факультетінің 3-курс Б/англ-3
топ студенті Жаңабаева
(Куспанова) Асельден Орал қаласындағы
4 қосымша білім беру мектеп – орталығынан өтілген


Педагогикалық сараман бойынша қорытынды есебі

Мен, Жаңабаева (Куспанова) Асель № 4 қосымша білім беру мектеп – орталығынан 04.04.2022-30.04.2022 жылы аралығында педагогикалық сараманнан өттім. Бұл педагогикалық сараманнан өту барысында өзіме, яғни, болашақ мамандығыма қажетті біраз тәжірибе жинай алдым. Қазіргі таңда білім жүйесіне енген жаңа бағдарлама бойынша ұстаздар мен оқушыларға біршама міндеттер артылған. Жаңа білім жүйесі бойынша бір сабақтың ұзақтығы 45 минутқа созылуы қажет. Сондай-ақ оқушылар жаңа сабақты түсіну барысында топтасып жұмыс атқара алады. Жаңа білім жүйесі бойынша менің түйгенім – дұрыс және нақты мақсат қоя білу. «Сабақ мақсаты айқындаудан басталады» деген қағидаға сәйкес мұғалімдер жаңа тақырыптар бойынша жұмыс жасамай тұрып, тақтаға сабақ мақсатын жазады немесе экранда көрсетеді. Өйткені мақсатсыз орындалған әрекеттер саналы түрде жүзеге асырылмайды, олар оқушының өз еркімен атқарып жатқан әрекеті болып табылмайды, тек басқа біреудің айтуы бойынша ғана жүзеге асырылған іс-шара деп қабылданады.


Мақсатты жоспарлау үшін қазіргі білім жүйесінде біршама әдістер қолданылатындығын біліп, алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын деп сенемін.
Сараманның алғашқы күнінен бастап бекітілген сыныптың 2 апталық сабақтарына қатыстым. Сабақ барысында мұғалімдер дәстүрлі форматта жұмыстарын жүргізді. Барлық мұғалімдер оқушылардың жеке жұмыстануын, ал ойларын көпшілікпен талқылауын қадағалады. Мұғалімдердің басты әдістері «Сұрақ-жауап», «Сен білесің бе?» сынды диалогтік бағытта болды. Бұл жердегі негізгі мақсат оқушымен тығыз байланыс орнату. Ал сабаққа белсенділігі төмен оқушыларды қызықтыру мақсатында басқа оқушылардан оған көмек көрсетуін, мысалы тапсырма орындауға бағыт-бағдар беруін өтінеді. Яғни негізгі ой-оқушының туындаған мәселені өз қатарласымен шешуі оның сабақты түсінуіне септігін тигізеді.
Екі апта бойына оқушылардың сабақтарына қатысып, нәтижесінде сыныптың білім деңгейін анықтай алдым. 18 оқушының ішінде 4 озат оқушы, 5 екпінді оқушы, ал қалған оқушылардың деңгейлері орташа. Алайда, бұл оқушылар арасынан өнерге жақын, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы деңгейдегі оқушылар жетерлік.
Айнұр Есенгелдіқызы – биология пәнінің мұғалімі. Пән мұғалімі ретінде сабақ беру тәсілі дәстүрлі әдіс. Ол көбіне деңгейлері орташа оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуіне зер салады. Ол үшін басты міндет өзіне берілген 45 минутты тиімді пайдаланып, оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре алу. Меніңше бұл өте дұрыс пікір.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспармен танысқаннан кейін, сабақ жоспарларын жасай бастадым. Алдын ала сабақ жоспарын құрап, пән мұғалімімен талқылау жұмыстарын жүргіздім. Осылайша өзіме артылған міндетті жақсы нәтижеде аяқтай алдым деп ойлаймын.
Практика барысында өзімнің бойымдағы қабілеттерді барынша пайдалануға тырыстым. Мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және әдістерін, ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Биология пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым. Практикалық сараманнан осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым деп үлкен сеніммен айта аламын. Өзімді мұғалімдік қызметке толықтай дайындап, шыңдалып шыққаныма сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет