Студенттің практика бойынша есебі


Өртке қарсы жүргізілетін жұмыстар



бет10/12
Дата16.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#83276
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
3 жұмыс

Өртке қарсы жүргізілетін жұмыстар

Өртке қарсы қорғаныс мыналарды қамтамасыз етеді: объектінің өртке тұрақты дәрежесін және элементтер мен конструкциялардың өртке тұрақты шегін дұрыс таңдау, өрт басталу жағдайында өрттің тарамауын қамтамасыз ету; түтінге қарсы қорғаныс жүйелерін пайдалану; адамдарды кауіпсіз жерге көшіру; өрт қауіпсіздік құралдарын пайдалану; өртті сөндіру және хабарлау; өрт күзетін ұйымдастыру.


Өрт қауіпсіздік және техникалық процестердің ережелерін бұзу, электр желілерді және құрылғыларды дұрыс пайдаланбау, осының барлығы өрттің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Объектілерді өрттен қорғау ғимараттардың өрт тұрақтылығына және пайдалану тәртібіне, адамдар санына, оттық материалдар мен заттардың санына байланысты. Өрттің таралу жылдамдығы оттық материалдардың құрылымына, тез арада жылу беруіне және басқада жағдайларға байланысты. Ең жоғары таралу жылдамдықты газдар, сондай-ақ сұйық тез жанғыш заттарда бар.
Өрттің бастапқы орнынан белгілі бір арақашықтықта өрттің жаңа ошақтарының пайда болуы өрттің көлемдік таралуы деп аталады. Өрттің таралуының сеептері болып, оның әртүрлі әдістерімен (жылуөткізгіштік, сәулелену және т.б.) есептеледі.
Өрттің таралуына қарсы шаралар бұл өртке қарсы қоршаулар, сондай-ақ ғимараттың ішкі жоспары және әр түрлі өртке қарсы қоршауларды кұрастыру жатады.
Өртке қарсы қоршаулар арқылы басқалардан бір ғимаратты немесе өртқауіпті бөлмелерді сақтап, өрттің таралмауын қамтамасыз етеді.
Өндірістер мен кәсіпорындар территорияларының жобалануы, өрт қауіпсіздік шараларын жүргізу кезінде үлкен маңызы бар. Бөлек ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру және олардың өзара байланысын өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес шаралар ұйымдастыру қажет. Өндірісте әр қондырғыға, ғимаратқа және объектіге еркін жету үшін өнеркәсіп аумағында негізгі және қосалқы жолдар қарастырылады. Қабылданған ережеге сәйкес негізгі жолдар ені 6 м, ал қосалқы жолдардың ені 4 м.
Барлық ғимараттар мен құрылыстар өрт қауіпінің алдын алу үшін найзағай қайтарғыштармен жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет