Студенттің практика бойынша есебі


Технологиялық үрдістердің өрт қауіпсіздігі



бет8/12
Дата16.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#83276
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
3 жұмыс

Технологиялық үрдістердің өрт қауіпсіздігі

МЕСТ 12.3.047-98 стандартында мемлекет экономикасының кез келген саласындағы және барлық кезеңдердегі: жобалау, құрастыру және қайта жарақтау меншіктеріндегі, сонымен қатар, өндіріс обьектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қадағалайтын технологиялық жобалау немесе басқа да нормативтік құжаттарды рәсімдеу туралы технологиялық үрдістердің өрт қауіпсіздігі туралы бекітілген.


Технологиялық үрдістердің өрт қауіптілігі мыналарды зерттеу негізінде анықталады:
- технологиялық регламент;
- өнім өндірудің технологиялық сызбасы;
-технологиялық үрдісте қолданылатын өрт қауіптілігі бар заттар мен материалдардың көрсеткіштері;
-аппараттардың, агрегаттардың және машиналардың құрылымдық ерекшеліктері;
- цехтың қауіпті құрылғы аумағында немесе басқа бөліктерде орналасуы.
Құжаттамаларды сараптаудан өткізгеннен кейін қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес технологиялық үрдістердің өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шаралар жүйесі жасалады. Технологиялық үрдістердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру үшін өндірістік үрдіс кезінде өрт пайда болу көздерін нақтылау керек.
Өрттің алдын алу үшін жану көздері мен жану көздерінде өрт тұтануына қарсы іс шаралар атқаруы керек.
Жану көзінің пайда болуын мына әрекеттер жасау арқылы жоюға болады:
- жанбайтын немесе әлсіз жанатын заттар мен материалдарды пайдалану;
- жанатын затар мен материалдар көлемін азайту;
- оқшаулайтын камералар, кабиналарды пайдалану арқылы жанатын ортаны оқшаулау;
- қауіпсіздік ережелеріне, нормативтік техникалық және нормативтік құжаттарға сәйкес ортаның өрт қауіпсіздігін сақтау;
- қорғалатын объектінің ауасында қажетті мөлшердегі флегматизаторды сақтау;
- өрт болмайтын температура мен қысым нормаларын қадағалау;
- жанатын заттарға қатысты технологиялық үрдістерді толықтай механикаландыру және автоматтандыру;
- өрт қауіпті құрылғыларды оқшауланған ғимаратарда немесе ашық алаңдарда орнату;
- жанатын заттар қолданылатын құрылғыларды апатты жағдайлардан қорғау.
Өрт пайда болу көздерінде өрттің тұтануын мыналарды қолдану арқылы алдын алуға болады:
- тасымал кезінде өрт шықпайтын машиналарды, механизмдерді және құрылғыларды пайдалану;
- МЕСТ 12.1.011-78 стандарты мен «Электрқұрылғылар қондырғылары» ережелеріне сәйкес электрқұрылғылар мен қондырғыларды пайдалану;
- құрылымдарда өрттің пайда болуы мүмкін көздерінде жылдам әсер ететін қорғаныш құралдарын қолдану;
- МЕСТ 12.1.018-93 стандарттарына сәйкес технологиялық үрдіс пен құрылғыларды қолдану.
Сонымен қатар:
- найзағайдан ғимараттарды, құрылғыларды қорғайтын қондырғыларды қолдану;
- жанатын ортамен әсерлесетін машиналардың, механизмдердің, құрылғылардың беттік қабаттарының қыздыру температурасын тұрақты сақтау;
- тұтану энергиясының минимал мәніне тең немесе одан жоғары мәнде энергия болатын жанатын ортада ұшқын зарядтарының пайда болуының алдын алу;
- оңай тұтанатын газдар және сұйықтықтармен жұмыс жасағанда ұшқын шығармайтын құралдарды пайдалану;
- жылулық, химиялық, микробиологиялық түрде өз-өзінен тұтану жағдайларының алдын алу;
- пирофорлық заттардың ауамен әрекеттесуін болдырмау;
- жанатын ортаның шекті мүмкін мәнінен төмен мөлшердегі өлшемде сақтау;
- қажетті стандарттарды, ережелерді, нормаларды орындау.
Жанатын заттар мен материалдардың көлемі мен массасының шектелуі мына әрекеттер арқылы іске асуы мүмкін:
- ғимарат ішінде және ашық алаңда орналасқан жанатын заттар мен материалдардың массасы мен көлемін азайту;
- өрт қауіптілігі жоғары сұйықтықтар мен жанатын газдарды апатты жағдайларда орнын ауыстыру;
- жарылыстан қорғау жүйесін технологиялық құрылғыға орнату;
- ғимарат ішін, аппаратураларды жанатын қалдықтардан, шаңнан тазарту;
- өрт қаупі бар өндірістік қалдықтарды жою;
- оңай тұтанатын сұйықтықтарды өрт қауіпсіз техникалық жуғыш заттарға алмастыру.
Өртке қарсы қорғаныс жүйесінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары. Өртке қарсы қорғаныс мыналарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі:
- өрт техникасына сәйкес өрт сөндіруші құралдарды пайдалану;
- өрт сөндіру және өрт болдған жағдайда дабыл қағу жүйелерін автоматтандыру;
- негізгі конструкциялық материалдарды өрт қауіпсіздігі көрсеткіштігіне сәйкес қолдану;
- объектілердің беткі қабаттарына өрттен қорғайтын бояуларды жағып, антипирендерді сіңдіру;
- өрттің жайылуын шектейтін құрылғыларды пайдалану;
- өрттен хабар беріп, адамдарды эвакуациялауға көмектесетін автоматты құралдарды пайдалану;
- қауіпті өрт факторларынан жеке және жалпылай қорғану құралдарын пайдалану;
- түтіннен қорғану құралдарын пайдалану.
Өрттің кең таралуын шектеу үшін:
- өртке қарсы қоршауларды пайдалану қажет;
- көп қабатты ғимараттар мен құрылғылардың анықталған нормалардан аспайтын техника-экономикалық есептеулері бойынша шекті өрт қауіпті алаңдарын қолдану;
- коммуникация және құрылғылардың өшіру құралдарын пайдалану;
- өрт кезінде жанатын сұйықтықтың төгілуіне немесе кең жайылуының алдын алатын құралдарды пайдалану;
- өрттен оқшаулайтын құрылғыларды пайдалану.
Түтіннен қорғау жүйесінің объектілері температураның төмендеуіне, термиялық бөлшектену немесе жанатын заттарды жою үшін қолданылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты келесідей ұйымдық-техникалық іс-шаралар жасалуы қажет:
- заңға сәйкес өрт күзетін және құтқару қызметін ұйымдастыру;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен заттарды, материалдарды, бұйымдарды, технологиялық үрдістерді, ғимараттарды құжаттау;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін халыққа түсіндіру;
- өндіріс орнындағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
- өрт қауіптілігі жоғары заттармен жұмыс жасағанда ережелерді сақтау;
- бір әдіспен сөндірілетін материалдарды сақтау ретін бекіту;
- өрт кезінде объектідегі адамдар санын нормалау;
- өрт кезінде жұмысшылардың қызметкерлердің эвакациялау әрекеттерінің жоспарын жасау;
- МЕСТ 12.4.009-83 сәйкес өрт техникаларының саны мен негізгі түрлерін анықтау.
Қондырғыны өрт пен жарылыстан қорғау. Қорғанудың белсенді әдістері.
Өрт пен жарылыстан қорғанудың ең тиімді шарасы өрт қаупі бар үрдістерді жанатын және жарылатын заттарды өндірісті жобалау кезенінде қауіпсіз заттарға алмастыру болып табылады. Бірақ, бұның іс жүзінде орындалуы сирек. Оған қарағанда жоғары қауіпті заттарды қауіптілігі төмендеріне ауыстыру кең тараған. Бұл екі мәселені кешенді түрде шешудің әлеуметтік және экономикалық жағынан тимділдігі жоғары.
Іс жүзінде технологиялық үрдісті өрт пен жарылыстан қорғау өндірістік алаңдар мен құрылыс конструкцияларын дұрыс таңдау арқылы мүмкін болады.
Жарылыстан қорғау шаралары, қызмет жасаушы персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстан кейін құрылғылардың қайта іске қосуына әсер етеді.
Құрылғыларды жарылыстан қорғаудың әдістерінің бірі болып аппарат ішінде пайда болатын жарылыс қысымына шыдамды конструкцияларды қолдану саналады. Бірақ, қондырғының мықтылығын арттыру, аппараттың массасы мен материал сыйымдылығын арттыру тиімділігімен бағаланады.
Химия өнеркәсібінде белсенді және енжар жарылыстан қорғау шараларын қолданады.
Белсенді шаралар қатарына төмендегілер жатады:
- ғимарат ішінде жарылыс қаупі бар газдардың жинақталуын бақылау;
- жарылыс қаупі болғанда ғимарат ішін апатты желдету;
- жарылыс қаупі бар ортаны флегматизациялау.
Жарылыстан қорғаудың белсенді құралдары жарылыс пайда болған сәтте индикатор дабылы бойынша іске қосылады.
Белсенді қорғану құралдарының әрекеті келесілерге бағытталған:
- өрт сөндіруші құралдарды қолдану арқылы жарылысты төмендетуге;
-жарылыстың кең таралмауы үшін құбырларда немесе көршілес аппараттарда инертті аймақты құруға;
- құрылғының жұмысын автоматты түрде тоқтатуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет