Өртке қарсы іс-шаралар бойынша келесілерге тыйым салынады: - ғимарат арасындағы өртке қарсы аралықтарды материалдар, құралдар мен ыдыстарды жинақтау орыны ретінде, сонымен қатар көлік тұраға ретінде пайдалануға;
- ғимараттар мен имараттарға 50 м жақындықта от жағу, ыдыстар мен қалдықтарды өртеуге;
- гараж ғимараттары аумағында тез жанатын және жанғыш сұйықтығы бар ыдыстарды (канистралар т.б), сонымен қатар сығылған және сиретілген газды баллондарды қалдыруға;
- жайларды жинау мен бөлшектерді жууда жанармай, керосин және т.б тез жанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;
- майланған сүрту материалын жинамай тастауға;
- жиһаз, күнделікті үй шаруашылық заттары, және т.б. сонымен қатар 20 литрден артық отын қоры мен 5 литрден артық май сақтауға;
- автокөліктің қозғалтқышын ашық отпен қыздыруға, жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
- ұсталық, термиялық, пісіру, сылау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге;
- көлік құралдарының жанармай багінің аузын ашық күйінде ұстауға;
- аккумуляторды тікелей көлік құралдарында зарядтауға;
- көлік құралдарына гараж жайда жанармай құю және олардан отынды төгуге;
- электр құрылғылары мен тұрмыстық электр құралдарын қараусыз қалтыруға;
- зақымдалған немесе оқшаулағыш, қорғағыш қасиетін жоғалтқан электрөткізгіш пен кабельдерді пайдалануға;
- жылудан қорғау құрылғылары жоқ, өрттің пайда болу қаупін тудырмайтын, жанбайтын жылуоқшаулағыш материалдардан жасалған төсегіші жоқ электрқыздырғыш құралдарын пайдалануға;
- зақымдалған розетка мен басқа да электр бұйымдарын пайдалануға;
- стандартты емес (қолдан жасалған) қыздырғыш құралдарын пайдалануға;
- калибирленбеген балқитын төсегіштер немесе қолдан жасалған артық жүктеу мен қысқа тұйықталудан сақтау аппараттарын пайдалануға.
Электр жарығынан және тұрмыстық электржылытқыш қондырғыларынан болатын өрттердің алдын алу шаралары Электрден болатын өрттердің негізгі себебі - ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай болмау үшін электр сымдарын жөн жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосу) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.
Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.
Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады.
Сондықтан әрқашанда тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жөн жағдайда болу керек.
Өрт электр шамынан да болу мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет.
Өрттер зауытта жасалған тұрмыстық электрқондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электрсымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.