Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

 
 
ОТРАЖЕНИЕ ПАТРИАРХАЛЬНЫХ ИНСТИТУТОВ В РОМАНЕ 
М.ДУЛАТОВА «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» 
Тілеуберлі А.Б. 
Научный руководитель: к.и.н., доцент Даниярова А.Е.,  
Карагандинский государственный медицинский университет, 
 
Впервые  в  истории  казахской  литературы  в 1910 году  выходит  объемный  
прозаический роман М. Дулатова «Бақытсыз Жамал». М. Дулатов - представитель казахской 
культуры  и  литературы  начала  ХХ  века,  поэт,  писатель,  общественный  деятель,  один  из 
лидеров  правительства «Алаш-Орда».  М.  Дулатов  призывал  соотечественников  к  новой 
жизни, ратовал за науку, образование, равноправие женщин: 
Не сворачивай с пути 
Свободы, равенства и братства 
Если будешь этому верен, 
Твой  долг  человеческий  ясен [1, c.711]. В  этих  строках  прослеживается  гуманистическая 
позиция и верность своей жизненной программе - «свобода», «равенство», «братство». 
В начале XX в. началось проведение аграрной реформы П.А. Столыпина, по которой 
шло  организованное  переселение  русских  крестьян  в  Казахстан.  Массовое  переселение  и 
аграрный  вопрос  стали  актуальными  вопросами  этого  периода.  На  этом  фоне  М.  Дулатов 
показывает социальную картину казахского общества начала XX века, раскрывает проблемы 
патриархально-феодальных  порядков,  царивших  в  казахских  аулах.  За  основу  берется 
тяжелая судьба девушки Жамал, ставшей жертвой патриархальных институтов. 
Эта тема не нова для казахской литературы.  Например, И.  Алтынсарин еще в конце 
ХIХ  в.  рассматривал  эту  тему  и  видел  решение  проблемы  через  внедрение  женского 
образования.  Ибрай  Алтынсарин  вложил  много  труда  в  развитие  просвещения  Казахстана. 
При  его  поддержке  открылись  школы  в  Иргизе,  позднее  женские  училища  с  интернатом 
открылись в Тургае, Кустанае, Актобе. 
В  этом  романе,  также,  поднимается  вопрос  женского  обучения.  Отец  Жамал  решает  
дать  дочери  религиозное  образование,  но  девочка  тайком  от  отца,  при  поддержке  матери, 
учится  письму.  За  пять  месяцев  она  осваивает  письмо,  но  обучение  Жамал  продлилось 
недолго,  когда  ей  должно  было  исполниться 10 лет,  отец  отправляет  моллу,  посчитав,  что 
этих знаний достаточно девочке. 
В  своем  романе  М.  Дулатов  показывает  отдельные  элементы  традиции  раннего 
сватовства. У казахов издревле была традиция қыз айттыру, т.е. это когда будущую невесту 
высматривали раньше, чем сын достигнет совершеннолетия. Искали равную семью - семью 
хороших, знатных, уважаемых людей. К людям достойным, на их взгляд, специально ездили 
поговорить  о  будущем  своих  детей,  выражали  желание  стать  сватами [2, с.3].  Также 
случилось    и  в  истории  Жамал.  Богатый  и  влиятельный  бай  волости  Байжан  хочет  женить 
сына  на  этой  девушке. Отец  Жамал  соглашается,  потому  что  Байжан  был  влиятельный 

88 
человек, а скоро выборы волостных управителей, народных судей. Ведь отец девочки хотел 
при поддержке Байжана стать бием. В цепь этих корыстных дум отца была привязана Жамал.  
Сатады қызды қазақ мал орнына,                                                                                   
Алмайды халал жұпты жар орнына.                                                                         
Əйелді хайуанға қисап етіп,                                                                                             
Тұтады өзін ерлер хан орнына [3, с.4].                                                                                                                   
В  романе    М.  Дулатова  рассматривается  образ  женщины,  живущей  в  ожидании 
возможности самостоятельного выбора своей судьбы, получения образования, когда можно 
претендовать на равные права с мужчинами, но новость о сватовстве  лишает ее этих надежд, 
женского  счастья.  Фатихолла  бай,  к  которому  Жамал  и  Гали  приехали,  чтобы  скрыться  на 
время с глаз, высказывался, что не одобряет эту традицию казахов, когда девочек с ранних 
лет  сватают [3, с.34].  Скорее  всего,  автор,  таким  образом,  выражает  свое  мнение  по 
отношению к этой традиции. Со строчек эпиграфа, приведенных выше, показано отношение 
автора к этой традиции. 
У казахов национальный обычай - в детстве и отрочестве дочь балуют, она свободна 
от строгих запретов, считается гостьей в отчем доме. В романе показан контраст периодов, 
когда  дочь  является  гостьей  и  когда  уходит  из  отчего  дома.  Этот  резкий  контраст 
просматривается в проблеме насилия над женщинами. Сын Байжана, чувствовавший обиду, 
мстил Жамал побоями, унижениями, насмешками [3, с.45]. 
 Мыржакып  Дулатов  в  своем  романе  «Бақытсыз  Жамал»  поднимает  общественную 
проблему,  являясь  новатором  того  времени.  Писатель  показал  судьбу  традиционной 
казахской молодежи, имеющей и знания, и  ум, и благосостояние, но не имеющие права на 
устройство своей судьбы.  Несомненно, в решении женского вопроса новой является мысль 
автора  о  том,  что  свобода  женщины  зависит  во  многом  от  нее  самой,  от  ее  собственной 
активности. Молодой талантливый прозаик в свои 25 лет оставил глубокий след в духовной 
культуре,  в  истории  казахского  народа.  В  памяти  народа  он  запомнился  как  сильный, 
самоотверженный человек.  
В конце 1928 г. в Казахстане началось преследование деятелей правительства «Алаш-
Орда».  На  допросе  в  ответ  на  обвинение  в  национализме  Мыржакып  ответил: «Мы  хотим, 
чтобы  наше  Отечество  принадлежало  нам»    [4,  с.267].  Его  приговорили  к  расстрелу,  но 
потом заменили на 10 лет лагерей, в 1935 г. Мыржакып Дулатов скончался в Центральном 
лазарете  Сосновецкого  лагеря  и  был  похоронен  на  вольном  кладбище.  М.  Дулатов  был 
посмертно  реабилитирован  в 1988 году.  Он  был  признан  первооткрывателем  современной 
казахской литературы и одним из лидеров национально-освободительного движения. 
Сегодня  именем  М.  Дулатова  названы  улицы  в  Астане,  Алматы,  Костанае  и  других 
городах  Казахстана.  В 2005 г.  в  Казахском  национальном  университете  им.  Аль  Фараби  в 
Алматы  был  открыт  памятный  барельеф  основателям  казахской  журналистики  и  печати 
Алихану  Бокейханову,  Ахмету  Байтурсынову  и  Мыржакипу  Дулатову.  Имя  М.  Дулатова 
навсегда вписано в летопись культуры, истории, общественной жизни Казахстана.   
 
Список литературы 
1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах Т. III. - Алматы: 
«Атамұра», 2000. – 765 с. 
2. Кенжеахметулы С. Казахские народные традиции и обряды. - Алматы: ТОО Издательство 
«Ана тілі», 2001. – 96 с. 
3.  Дулатов  М.  Бақытсыз  Жамал. - Алматы:  «Жазушы», 2009. – 4 - 47 б. – «Қазақтың 100 
романы» сериясы. 
4.  Абдильдин  Ж.  Мыржакып  Дулатов  и  его  призыв  «Ояң,  қазақ». - Собрание  сочинений  в 
десяти томах. Т.VII. – Астана: АО «Астана полиграфия», 2012. -615 с. 
 
 
 

89 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОГЛИФТЕРІ 
Тоқтарқанов Д.Б.  
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Жартастағы суреттер − қызыл охрамен немесе тас бетіне қашалып,сызылып салынған 
суреттер  адам  баласы  жасампаздығының  көнеден  келе  жатқан  түрі  болып  табылады. 
Сондықтан петроглифтер барлық құрлықтарда кеңінен тараған.Бұл əртүрлі елдердің тарихы 
мен мəдениетінің көп салалы қайнар көзі болғандықтан, соңғы жылдары ежелгі адамдардың 
дүниетанымын  қайта  қалпына  келтіріп  түсіну  мəселесімен  айналысатын  зерттеушілердің 
назарын  өздеріне  қатты  аударды,  бірақ  дереккөздерді  талдаудың  əдістік  жəне  əдістемелік 
принциптерінің  жетілмегендігінен  кейбір  кемшіліктердің  орын  алып,өткір  пікірталас 
туындататыны да рас. 
Қазақ Алтайында тас дəуірінің əртүрлі кезеңдеріне нақтылы жататын жартастардағы 
бейнелер  əзірше  табылған  жоқ,десе  де,олардың  келешекте  ашылып  қалу  ықтималдылығы 
жоққа  шығарылмайды.  Өңірдің  жартастағы  бейнелерінің  негізгі  дені  қола  дəуіріне  жатады 
жəне осы тарихи уақыттың аясында ертелеу, не кейіндеу кезеңдерді ажыратудың сəті түсіп 
жатады. Негізінен сұр,бұжыр граниттің бетіне охрамен салынған суреттердің тобы Ертістің 
жоғарғы  жағында  −  Смолянка,  Бұқтырма,  Манат,  Жантас,  Сырымбет  басқаларының 
маңайынан ұшырасқан. 
Доғаша иірілген жыртқыштар мен басқа да көрнекті элементтерді тастың қатты бетіне 
қашап салу  өте қиын болғанымен, ерте темір  дəуірінің петроглифтері бəрінен бұрын скиф-
сібірлік  аңдық  стилінің  өзіндік  болмысы  жəне  ерекше  динамикалық  қасиетімен 
сипатталады.Мысалы,Майемер,  Құлажорға  петроглифтерінің  ішінле  ерте  сақ  кезеңінің 
суреттеріндегі  бұғылардың  мүйіздерін  арқасына  қайқайта  тастаған  жəне  тұяқтарының 
ұшында  тұрған,  көздері,  құлақтары,  кекілдері  айшықты  салынған  фигуралары  немесе  сол 
уақыттың  Шілікті  қорғандарындағы  алтын  тоғаларындағыдай  бүркіттің  мойнын  бұрып, 
артына  қараған  бейнесі  көркемдігімен  көз  тартып,  бірден  байқалады.Көп  жағдайда  əртүрлі 
кезеңге  жататын  жартастағы  суреттердің  топтастырылуы  өмір  сүруге  қолайлы  жон-жота, 
сай-салаларда  орналасқан  əр  түрлі  уақыттық  некропольдарға  ыңғайластырылғандықтан, 
оларды бірқатар жағдайда қорғандардан шыққан материалдарымен уақыты жағынан дəлме-
дəл  келіп  жатады.Ортағасырлық  дəуірде  Шығыс  Қазақстан  өңірі  көне  түркілік 
мемелекеттердің  құрылуына  байланысты  жүрген  этносаяси  оқиғалардың  қақ  ортасында 
орналасқанына  жəне  қорғандар  мен  тас  мүсіндердің  көптігіне  қарамастан,  түркілердің  тек 
өзіне  ғана  тиесілі  əскери  катафрактар  мен  салт  атты  ту  ұстаушыларлың  суреттері  Жетісу 
өлкесімен  салыстырғанда,  сиректеу  кездеседі.Ту  ұстаған  салт  аттылардың  бірен-саран 
бейнелері Бозамбай ауылы маңында тіркелген [1, 134-139 бб.]. 
Петроглифтердің  таралуы  бойынша  Шығыс  Қазақстан  Қазақстандағы  ғана  емес, 
Кіндік  Азиядағы  маңызды  аймақ  болып  табылады.  Оңдағы  петроглифтер  сюжеттік  жəне 
мағыналық  жағынан  алуан  түрлі.  Мысал  ретінде  Мойнақ  петроглифтерін  айтуға 
болады.Хронологиялық  атрибуцияны  жəне  семантикалық  интерпретация  мен  этномəдени 
ерекшеліктің  кейбір  мəселелерін  анықтауға  негіз  болатын  маңызды  ескерткіштердің  бірі. 
Осы  орайда  тас  бетіндегі  көп  фигуралы  композициялар  ерекше  құнды.Мойнақ 
петроглифтерінің  арасында  бұқалар  сирек  ұшырасады.Мойнақ  петроглифтер  кешенінде 
жыртқыштардың  дара  тұрған  суреттерінің  болмауының  өзі  ерекше.Күршім  ауданының 
Сарыөлең  ауылының  солтүстік-шығысынан 30 шақырым  жердегі  Күршім  мен  Ертістің 
тоғысқан  тұсынан  табылып, 1977-1979 жəне 2009 жылдары  зерттелді..Суреттердің  негізгі 
шоғыры  Нарым  қыратын  қақ  жарып  айнала  ағып  жатқан  əдемі  өзенді  орап  жатқан  төбесі 
тайпақ  тізбектелген  бес  жотадан  табылды.Бұл  жерде 400-ге  жуық  суретті  бар  тастар  бар 
[2, 31-36 бб.]. 
Тастар жер-жерде əрқалай топтасып жатыр.Петроглифтер тік жəне еңкіш тегістіктерге 
жиі  салынған,  көлденең  тегістіктерде  кездесетіндері  де  бар.Суреті  бар  тегістіктер  көбінесе 

90 
оңтүстікке қарай, кейде шығысқа жəне оңтүстік-батысқа қарай, ішінара солтүстікке қараған. 
Жаппай  қашау  тəсілі  басым.  Контур  бойынша  қашау  дайтарлықтай  жиі  кездеседі,  ішінара 
ноқаттап  қашау,  сызба-графитти  жəне  тегістеу  тəсілі  пайдаланылған.  Кей  жағдайларда 
суреттер  аралас  тəсілмен  де  салынған.  Мəселен,  дене  контур  бойынша  қашалса,  аяқтар 
граффити  əдісімен  салынған.  Қашалған  бейнелерді  тегістеу  сирек  ұшырасады.  Аталмыш 
орында  суретті  тегістеу,не  егеу  тек  тұтас  қашау  əдісімен  ғана  араласпайдаланылған. 
Мəселен, атқа жегілген қосдөңгелекті арба ғана осындай аралас тəсілмен орындалған. Қашау 
тереңдігі – болар  болмас  ізден 3 мм-ге  дейін.Күн  тотығының  қалыңдығының  көрінісі 
бойыша  бақылағанда  күн  түскен  тегістіктерді  тотық  көп  басқанын  көреміз.  Тотық 
қалыңдығы əркелкі тастар сирек ұшырасады. Кейде бір тегістіктегі күнге күйген тұстардағы 
суреттердің  түсі  бір-бірінен  тым  ерекшеленіп  тұрады.  Бұндай  жағдайда  біртегістіктегі 
суреттердің хронологиясын анықтау дербес фактор ретінде көрінеді.Мойнақ қазіргі кезеңдегі 
Шығыс  Қазақстандағы  ең  ірі  жартас  суреттері  бар  жер,бұнда 3 мыңғ  ажуық  бейнелер  бар. 
Хронологиялық  атрибуцияны  жəне  семантикалық  интерпретация  мен  этномəдени 
ерекшеліктің  кейбір  мəселелерін  анықтауға  негіз  болатын  маңызды  ескерткіштердің  бірі. 
Осы  орайда  тас  бетіндегі  көп  фигуралы  композициялар  ерекше  құнды.Мойнақ 
петроглифтерінің  арасында  бұқалар  сирек  ұшырасады.  Мойнақ  петроглифтерінің  арасында 
бұғылар  ерекше  орын  алады,  хронологиялық  жəне  стилистикалық  жағынан  бұғылардың 
бейнесі сан түрлі.  
Мойнақ  петроглифтер  кешенінде  жыртқыштардың  дара  тұрған  суретінің  болмауы 
назар  аудартарлық.  Олардың  басым  бөлігі  жануарларды  қуып  келе  жатқан  түрде 
бейнеленген. Қасқырлар мен айғырлардың жекпе-жегіне арналған бір сурет бар. Бұл жерде 
жыртқыштарды  екі  айғыр  аяқтарымен  таптап  жатқан  көрініс  берілген.  Қасында  осындай 
тағы бір көрініс бар, онда айғыр бейнесі тұрпайлау көрсетілген, ал қасқыр алдыңғы суретке 
қарағанда  неғұрлым  анық  кескінделген.  Сыртқы  шеңбер  төменгі  жағынан  түйіседі.Аспан 
денелері  жиі  ұшыраспайды,  зооантропоморфты  суреттермен  тіркесте  жəне  жеке 
бейнеленген.  Негізінен  олар  қарапайым  шеңбер  ретінде,  кейде  шабақты  дөңгелек  іспеттес 
бейнеленеді.  Шабақ  саны 4-еу  жəне  одан  көп.Негізгі  мағыналық  элемент  шеңберлер  емес 
оның ішіне салынған ашамай болуы да əбден мүмкін.Қазақстан петроглифтеріндегі əртүрлі 
таңбалардың  ішінде  ішіне  қарай  үшкілдене  кіріп  тұрған  дөңгелек  кескініндегі  жылқы 
тұяқтарының  бейнелері  айтарлықтай  жиі  ұшырасады.  Жылқы  тұяқтары  ерте  темір 
дəуіріндегі  Моңғолия мен  басқа  да  аймақтарда  кеңінен  танымал.Жоғарыда  айтылғандардан 
басқа,  бұл  жерден  тағы  қос  дөңгелекті  арбаның  үш  суреті  табылды.  Тұтас  дөңгелектері 
барлары күйме арбалар болуы да мүмкін. Бесеуінің үшінде дəрте,ұшында мойынтұрық анық 
көрінеді. Дөңгелектері шабақты жəне шабақсыз [3, 74-78 бб.]. 
Қазақ халқының ұлттық бай мұрасының кішкентай пұшпағы болып табылатын, жасы 
300 жылдан 100 жылға дейінгі аралықты қамтитын қазақ петроглифтерінің пайда болуы көп 
ғасырлық  тарихы бар жартас  суреттерінің  ұзаққа  созылған  генезисінің  жемісі.Оның  тарихи 
тамыры  сонау  көне  замандар  −  палеолит,  неолит,  қола  дəуірлеріне,  яғни  петроглифтердің 
семантикалық - композициялық принциптерінің пайда болуына келіп тірелді. 
Өз  бастауын  көне  замандардан  алатын  бұл  суреттер  құрамы  мен  мағынасы  жағынан 
алуан  түрлі.Олардың  арасынан  жеке  бейнелерден  бастап,  қазақтардың  кешегі  тұрмыс-
тіршілігін  баяндайтын  көріністер  мен  көп  бейнелі  күрделі  композицияларға  дейін 
кездестіруге  болады.Олардың  кейбір  үлгілері  жазба  деректер  мен  этнографиялық 
материалдардың, аңыз-əңгімелер мен жыр-дастандардың толықтырылуымен қазақтардың 20 
ғ.  басына  дейінгі  күнделікті  өмірі  мен  тұрмысының,  діни  наным-сенімдері  мен  əдет-
ғұрыптарынан,  дүниетанымынан,  қоршаған  ортамен  жəне  көрші  елдермен  қарым 
қатынасынан жəне тағы басқа іс əрекеттерінен көптеген мəліметтер береді [4, 106 б]. 
 
 
 

91 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақ  Алтайының көне  қазыналары. / Самашев  З.,  Ермолаева  А.,  Кущ  Г.  −  Алматы: 
Өнер, 2008. – 200 б. 
2.  Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006. – 150 с . 
3.  Самашев З., Сапашев О., Оралбай Е., Төлегенов Е., Исин А., Сайлаубай Е. 
Шығыс  Қазақстанның  байырғы  өнер  туындылары. – Алматы: «Археология»  ЖШС 
баспа тобы, 2010. − 216 б. 
4.  Самашев  З.,  Жетібаев  Ж.  Қазақ  петроглифтері  (көне  тамыры  мен  сабақтастығы) – 
Алматы : Иль-Тех-Кітап, 2005. – 134 б. 
 
ЖƏҢГІР ХАН КЕСЕНЕСІ 
Утарбай Б.Қ. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Жəңгір хан 1801-1845 жж аралығында өмір сүрген (азан шақырып қойған шын аты – 
Жиһангер) – Бөкей  Ордасының  соңғы  ханы,  Əбілхайыр  ханның  шөбересі,  Нұралы  ханның 
немересі, Бөкей ханның ұлы. Ең алғашқы генерал-майор шенін алған қазақтың ханы. 
Ел  тарихын  əйгілі  тұлғалар  арқылы  зерделеу - қазақтың  дəстүрлі  таным-түсінігінде 
ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың  шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы, 
ал  адам  сапасы-тарихтың  қозғаушы  күші.  Кез  келген тарихи тұлғаның  замана  төрінен  алар 
орны мен үлес-салмағы бөлек. 
Олар кемеңгерлігімен, алысқа көз тастап келешекті кең толғай білуімен, туған халқы 
мен Отан тағдырына деген елжандылығымен өлшенсе керек. Ұлт маңдайының бағына біткен 
ірі тұлғалардың бірі –ихан Жəңгір [1]. 
Хан  ордасынан 4 км  қашықтықта,  Хан  зираты  қорымының  оңтүстік  бөлігінде 
орналасқан  мемориалдық  ескерткіш.  Мазар  Жəңгір  хан  мен  əйел  Фатиманың,  тума-
туыстарының бейіті басына тұрғызылған. 1845 жылдың тамызында Тарғын өзені бойындағы 
жазғы  қалашығында  дүниеден  өткен  Жəңгірдің  денесі  жолдың  қашықтығына,  күннің 
ыстығына байланысты марқұмның Тарғын қалашығының құбыла жағына уақытша жерленді. 
1849  жылы  Орынбор  əскери  губернаторы  Обручев  Жəңгірдің  ұлы – корнет, "князь 
Шыңғыстың" (Ыбрайымның)  жəне  тума-туысқандарының  өтінішін  ескеріп,  марқұмның 
сүйегін  Орда  маңына  қайта  жерлеуге  рұқсат  етеді.  Сол  жылы  Орданың  қопа  жақ 
бетіне,төрелер қорымына жерленген хан басына ағаштан қиып, күмбезді мазар тұрғызылған. 
Жаназасын  жəңгірдің  тірісінде  сыйласып  өткен  құрдасы  əрі  досы  Сүлеймен  қазірет 
шығарған.  Ағаштан  жасалған  бұл  мазар XIX ғасырдың  ортасынан XX ғасырдың 30-
жылдарының  басына  дейін  сақталып  келген. 1933 жылы  жергілікті  "қызыл  белсенділер" 
Жəңгір  ханның  мазарын  бұзып,  ағаштарын  шаруашылық  қажеттеріне  жаратады,  ал 
тақтатастары  мен  құлпытасын  қиратып,  монша  еденіне  төсеуге  алып  кеткен.  Мазар  ұшар 
басында  көкке  шаңшылған  сүңгісі  бар  күмбез  тəріздес  шатырлы,екі  текшелі  (қабатты), 
қарағайдан  салынған  қомақты  құрылыс  болған  сияқты.  Төменгі  текше  төртқырлы,  ал 
жоғарғысы  сегізқырлы.  Архитектуралық  тұрғыдан  мазар  қазақ  ағаш  шеберлері  қолөнерінің 
өзіндік ғажап үлгісі боп табылады. Мазарды тұрғызу барысында кейбір аса ерекше тəсілдер 
қолданылған. 1996 жылы  жаңа  мазар  тұрғызатын  орынды  жоспарлау  кезінде  құрылыстың 
ағаш  тіректерін  шіркеуден  сақтау  үшін  астына  салынған  керамик  тағаның  бірі  табылды. 
Оның  бүйіріне  (шамасы  баған  мен  тағанды  шегемен  берік  бекіту  үшін)  арнаулы  тесік 
тесілген. Кейін бұзылып қалған мазар орны - ханның бейіті басында аласа бетон қоршау мен 
күні бүгінге дейін сақталған əдепкі құлпытас (қазір жаңа кесненің ішінде) қана болған. Бұл-
аса қызықты жазбасы бар, нұсқалы эпиграфикалық жəдігер. Құлпытастың батыс бүйіріндегі 
(қырындағы)  бетіне  мынадай  жазу  жазылған:"  Дешті  қыпшақ  ханы  хан  Əбулхаир  ұғлы 
Нұрғали ханның небиресі (немересі – С.Ə.) Одан соң Жəңгірдің қайтыс болған уақыты – 11 
тамыз 1845 жылы көрсетілген. 1996-1997 жылы Жəңгір хан мазары қалпына келтіріліп, оның 

92 
орнына  Маңғыстаудың  (Жаңаөзеннің)  ақ  ұлутасынан  жаңа  кесене  тұрғызылды.  Ол-
сəулетшілік  өнердің  маңғыстау  мектебі  тəжірибесін  пайдалану  негізіндегі  "жаңа  дəстүрлі" 
стильдің  дамытылған,  аса  қызықты  үлгілерінің  бірі.  Ескерткіш  автор – құрылысшы-шебер, 
халық  сəулетшісі,  маңғыстаулық  сəулет  өнері  мектебінің ("Сатыбалды    балдары")  өкілі 
Көпбол Демесінов. (1998 жылы осы Хан зиратында ол күйші Дəулеткерей Шығайұлына да 
ескерткіш - кесене  орнатты).  Жəңгірдің  жаңа кесенесі - дөңес  жерге  орнатылған,  төбесінде 
биік сүңгісі бар күмбезді ғимарат. Үймереттің жалпы биіктігі 15 метр. Кірер беті шығыңқы 
түрдегі  аркалы  портал  түрінде.  Мемориалды  кешеннің  негізгі  нобайы  дулығаның  кейпінде 
жасалған. Кесене ішінде Жəңгір мен оның зайыбы Фатимаға арналған жаңа белгі – тақтастар, 
сондай-ақ  ханның  алғашқы  құлпытас  қойылған.  Жəңгір  хан  кесенесі  Орда  ауылының 
солтүстік  батыс  бетіндегі  хан  қорымында  орналасқан.  Кесене 1997 жылы  Маңғыстау 
облысынан  алдырылған  ақ  тастан,  биік  күмбезді  етіп  салынды.  Оның  авторы  əрі  салушы 
архитекторы Копбол Демесінов. Бөкей ордасының соңғы ханы Жəңгір Бөкейұлы 1845 жылы 
11  тамызда  Тарғын  (қазіргі  РФ  Волгоград  облысы,  Палласовка  ауданы  Савинка  селосы) 
өзенінің  жанындағы  жазғы  Ставкасында  дүние  салған. 1849 жылы  артында  қалған  өтініші 
негізінде  осы  араға  қайта  əкелініп  жерленген.  Алғашында  оның  басында  ағаштан  қиып 
салынған  кесенесі  болған.  Бірақ 1933 жылдары  жергілікті  кеңес  қызметкерлері  оны  бұзып 
алып,  шаруашылық  қажеттілігіне  пайдаланған [2, 283-284 бб.]. 1997 жылы  жергілікті 
халықтың өтініші мен облыс басшыларының қолдауы негізінде Жəңгір ханның басына жаңа 
кесенесі  тұрғызылып,  оны  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаевтің  өзі  арнайы  келіп  аштты.  Жəңгір  хан 
кесенесі жанына белгілі күйші Дəулеткерей Шығайұлы мен этногроф-ғалым Мұхамед-Салық 
Бабажановтың  кесенелері  орналасқан.  Жəңгір  хан  тарихта  қуыршақ  хан  болып 
қалғанымен,ол  білімнің  дамуына  жəне  мектептерді  салынуына  жол  ашқан  алғашқы  хан. 
Жəңгір  хан  өзі  билік  құрып  тұрған  кезде  елді  отырықшылыққа  көшіру,  мектеп  ашып 
балаларды  оқыту  мəселесіне  ерекше  көңіл  бөлді.  Ол  ашқан  мектептен  білім  алған 
алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі 
Мұхаммед  Салық  Бабажанов  бұл  ретте  былай  деп  жазады:…ханның  ықпалымен  жəне 
жанашырлығымен  Ордадағылар  білімнің  қажеттілігін  сезіне  бастады.  Шəкірттер  мен 
мұғалімдерді  ынталандыру  үшін  марқұм  хан  ақшасын  да,  өзінің  ынтасы  мен  ордалықтарға 
оқу  білімнің  пайдасы  жөнінде  түсіндірмек  болған  ынтасын  да  аямады.  Өзінің  сарайында 
мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы жəне тіл жөнінде дəріс алды. Бұл мектеп сарай 
маңында  осы  күнге  дейін  «Жəңгір  мектебі»  деп  аталып  келді.  Ондағы 30 бала  Орданың 
шаруашылық  қаржысы  есебінен  білім  алуда.  Жəңгір  хан  бойында  жақсылығы  мен 
жамандығы  жарыса  өріліп,  атқарған  ісінен  орайына  қарай  осының  екеуі  де  көрініс  беріп 
тұратын  күрделі  тұлға.  Жақсысын  көріп,  асқақтатып,  аспанға  шығармай,  жаманын  көріп, 
жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез 
енді  келді  деп  білеміз.  Қалайда  Жəңгір  ханның  халқымыздың  тарихында  өзіндік  орны  бар 
екені  ешқандай  дау  тудырмаса  керек.  Қорытындылай  келе  қазіргі  ұрпақ  біздің  міндетіміз 
осындай  қазақ  жеріндегі  тарихи  тұлғалардың  ескерткіштерін  көздің  қарашығындай 
сақтауымыз  керек.  Оның  қаншалықты  маңызды  екенін  қалған  ұрпаққа  баяндап, 
тəрбиелеуіміз керек [3, 17-25 бб.]. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Жəнгір хан //www.kazinform.kz/kz/zhangir-han. (26.10.2009ж). 
2.  Батыс  Қазақстан облысы энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2002.  
3. Қазақстан Республикасының  тарихи  жəне мəдени ескерткіштерінің  жинағы. – Алматы: 
Аруна, 2011. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет