Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Бөкейорда  ауданы.  Батыс  Қазақстан  облысының  тарихи-мəдени  жəне  табиғат  мұралары 
ескерткіштері / Жалпы ред. басқарған, т.ғ.д., проф. М.Н. Сдықов. – Орал, 2009. – 192 б.  
2.  Қарабалин Ғ. Бөкей хандығы: 200 жыл // Қазақ тарихы. – 2001. – № 6.  – 34 -36 бб. 
3.  Аханқызы К. Хан Жəңгiр // Ұлағат. – 2003. – № 1. – 3-10 бб. 
4.  Махимов Ғ. Бөкей ордасы: Музей ісі – өткені, бүгінгісі, болашағы // Мəдени мұра. – 2015. 
– № 6. – 6-23 бб. 
 
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨРМЕ ТАРИХЫ ЖƏНЕ АСТАНАДАҒЫ «ЭКСПО-2017»  
Сабытаева Н.О. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Менің  алып  отырған  тақырыбым  қазіргі  таңдағы  үлкен  көрмелердің  бірі  жəне  де 
əлемдік 
мəселелерді 
шешетін 
жиналыстардың 
бірі - Экспо
Дүниежүзілік 
көрме (
ағылш.
 World's fair)  немесе Экспо (Expo)   индустрияландырудың  нышаны  жəне 

73 
техникалық,  технологиялық  табыстарды  көрсету  үшiн  ашық  алаң  болып  табылатын
 
халықаралық көрме [1].
 
Бүкілəлемдік  көрмелерді  өткізу  орны  мен  олардың  тақырыбы  саяси,  экономикалық, 
жағрафиялық  жəне  мəдени  ерекшеліктерді  ескере  отырып  анықталады. XIX ғасырда
Өндірістік  революциялар,  романтизм  жəне  позитивизм  қоғалыстары  кезеңінде  көрме 
қозғалысын дамытуға қолайлы жағдайлар туындады. Өзінің құрылғанынан бастап Көрмелер 
халықтар  арасындағы  ынтымақтастыққа  ұмтылды;  сондықтан  олар  бір  мезгілде  «витрина» 
жəне  адамзат  прогресімен  байланысты  мəселелерді  талқылау  жөніндегі  форумдар  болып 
табылды.
 
Бүгінгі  күннен  бастап  олардың  тұрғысынан  қарастыра  келе,  бүкілəлемдік  көрмелер – 
бұл,  белгілі  бір  деңгейде  ұлттық  формалардағы  шоғырланған  түрде  бейнеленген  адамзат 
дамуының  тарихи  ретроспективасы  деп  пайымдауға  болады.  Бүкілəлемдік  көрмелерде 
ұсынылған  экспонаттардың  талдаудары,  құндылықтар  мен  басымдықтарды,  сондай-ақ 
олардың  жеке  елдерде  үстемдік  ететін  басымдықтарымен  қатынастарының  жүйесі  туралы 
қорытынды  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Осы  құндылықтардың  серпінділігі  бүкілəлемдік 
көрмелердің  ұлттық  өнеркəсіп  пен  мəдениеттің  дамуына  белгілі  бір  ықпалы  туралы  айтуға 
мүмкіндік береді. 
Əр  бүкілəлемдік  көрме  экспонаттардың  жəне  идеялардың  бірегейлігімен, 
ұйымдастырушылар  жəне  қатысушылардың  тұрғызған  кешендер  мен  павильондардың 
өзінділігімен,  өткізілетін  шаралардың  көркемділігі  жəне  мерекелігімен  ерекшеленеді. 
Бүкілəлемдік  көрмелер  өзінің  ауқымы,  жалпы-саяси  жəне  эконмикалық  мəнділігі  бойынша 
теңдессіз  оқиғалар  болып  табылады.  Олардың  басты  мақсаты – жаңа  ғылыми-техникалық 
жетістіктер,  даму  келешегі,  сондай-ақ  қатысушы-елдердің  дəстүрлері  мен  тарихының  жұрт 
алдындағы  шеруі.  Олар  көп  жерде  халықаралық  экономикалық  жəне  ғылыми 
байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкілəлемдік көрмелер əр-түрлі елдерде 
тұратын,  бірақ  бірдей  құндылықтар,  мүдделер  жəне  мақсаттармен  біріккен  адамдардың 
араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. 
Бүкілəлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың 
өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. 
1928  жылы  Парижде  көрме  қызметін  реттеу  мақсатында  Халықаралық  көрме  бюросы 
(ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі жəне өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі 
(оған 166 ел  мүше).  Халықаралық  көрме  бюросы  халықаралық  көрмелер  принциптері  мен 
мақсаттарының  сақталуын,  халықаралық  қызметтесу  шеңберінде  білім  беру,  инновациялар 
саласында,  жалпыадамзат  мəселелері  бойынша  пікір  алмасу  жөніндегі  ғаламдық  сұқбат-
кездесулер ұйымдастыруды қадағалайды [2]. 
Ол  ең  алғаш  рет 1851 жылы  Лондонда  Гайд-паркте  Альберт  ханзаданың  бастауымен 
өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды. Осы өткізген 
уақыттан  бастап  есептегенде 2017 жылы 166 жыл  толады  екен.  Лондон  көрмесінен  кейін 
ЕХРО  үздіксіз  дəстүрлі  түрде  жүргізіліп  келеді  жəне  оны  өткізуге  Қазақстан  да  өз  ниетін 
білдірген  болатын.  Бұл  оқиға 2017 жылға  жоспарлануда,  оның  шешімі 2012 жылдың 
желтоқсан айында жарияланды. Қазақстан (Астана) көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен 
бақталастырып  тұрған  болатын,  бірақ,  дауыс  басымдығымен  жеңіске  жетіп  көрме  өткізу 
мүмкіндігін  ұтып  алды.  Иə,  бұл  жерде  "Астана  қалай,  қандай  басымдықтарымен,  қандай 
артықшылықтарымен Бельгиялық Льеж қаласын басып озды?" - деген сұрақтар туындайды. 
Қандай артықшылықтарымен басым дауыс жинағанын айтар болсам, Қазақстан осыған дейін 
Экспо  көрмелерінің 4 -еуіне  өз  павилонын  орнатқан  болатын, "Баламалы  энергия"  атты. 
Тақырыбына  байланысты  жəне  де  географиялық-экологиялық  орнына  байланысты  да 
қолайлы орын болды.  
Өткен 160 жыл өндірушілер жəне олардың тауарларын жалпы халықаралық қараудың 
маңыздылығы  мен  мақсатқа  лайықтылығын  растады,  бұған  көптеген  елдерде  жыл  сайын 
өткізілетін көптеген көрмелер жəне жəрмеңкелермен қатар,  анағұрлым жарқын, əрі беделді 
бүкілəлемдік  көрмелер  қала  беретіндігі  куə.  Əрине,  осындай  үлкен  мерзім  ішіндегі  мұндай 

74 
көрмелердің мазмұны мен сипаты едəуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат 
пен абыройы сол күйінде қала берді. 
ЕХРО  экспонент  елдердің  əділ  əрі  ашық  бəсекелесуіне  арналған  əлемдік  ең  беделді 
алаң  болып  табылады.  Көрменің  біздің  елде  өткізулуі  Қазақстанға  экономиканы 
диверсификациялауға,  өндірістік  қуаттар  мен  ғылыми  базаны  жаңғыртуға,  елімізге  жаңа 
технологиялар  мен  инвестицияларды  тартуға  ықпал  етеді.  Осындай  көрмені  өткізу  əлемдік 
бірлестікке  біздің  елдің  əлеуметтік  жауапкершілігін  көрсететін  жақсы  мүмкіндік  болып 
табылады. Бұл тікелей экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен 
қатар  көрмелер  мемлекет  үшін  экономикалық  табыс  көзі  болып  табылады.  Көрме — 
экономика,  ғылым,  техника,  мəдениет,  өнер  жəне  т.б.  қоғамдық  салалардағы  жетістіктерді 
жариялап  көрсететін  демонстрация.  Бұл  ұғым  сол  іс-шараны  немесе  оның  өткізілу  орнын 
сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, 
жалпы  жəне  салалық.  Салалық  көрмелерге  көркемөнер,  өнеркəсіптік,  ауыл  шаруашылық 
көрмелері  жатады.  Уақытына  байланысты  көрмелер  уақытша  жəне  тұрақты  болып 
жіктеледі. Көрмелер  кез  келген  елдер  мен  халықтар  үшін  үлкен  тəрбие  мен  нəтижеліліктің 
көрінісі болып табылады. 
Бүкілəлемдік  көрмелерге  қатысуға  дарынды  ақындар,  суретшілер,  мүсіншілер 
тартылды. Вагнер, Штраус, Верди көрмелерге арнап арнайы музыкалық шығармалар жазды. 
Көрмелер академиялық мəнердегі суретшілермен қатар батыл авангардистер өз жұмыстарын 
ұсынатын  тамаша  көркемсуретті  галереяларға  айналды. 1867 жылы  Мане  Париждегі 
Бүкілəлемдік  көрменің  суреттерін  салса, 1939 жылы  Дали  Нью-Йоркте  сюрреализм 
павильонын рəсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың сиволына 
айналған «Герниканы» ұсынды. 
1851  жылы  Лондонда  алғаш  рет  Бүкілəлемдік  көрме  қаланың  орталығындағы  барлық 
экспонаттар  сыятын  БІР  ҒИМАРАТТА  өткізілді.  Ол  үшін  сол  кезде  жаңалық  болып 
табылатын  Хрусталь  сарай  салынды.  Оның  тіреу  құралдарының  оранжереясы  өзінің 
жаңалығымен  инженерлік  конструкциямен, «Виктория  Рения»  алы  кувшикасындағы 
қайталанытын суреттерімен ерекшеленді. 
1855  жылдан  бастап  Бүкілəлемдік  көрмені  бір  ғимаратта  өткізу  концепциясы  ескіріп, 
көрме  кеңістігін  ұйымдастырудың  жаңа  нысаны – көрме  алаңдары  туындады.  Сөйтіп, 
халықаралық көрме қалашықтары пайда болады. 1893 жылғы Чикагодағы “Ақ қала” осындай 
қалалардың  алғашқы  қарлығашы.  Көрмелеуді  бұлай  ұйымдастыру  салынған  нысанарды 
келешекте  де  пайдалануға  мүмкіндік  береді:  экспозициялар  көлдің  айналасынағы  араналар 
мен салаларда орналасты. 
Бүкілəлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында маңызды орын сəулетке берілді. 
Көрмені  қабылдаған  қалалар  заманауилықтың,техникалық  прогрестің,  жəне  бүкіл  əлемге 
танымалдықтың  белгісі  болуға  лайықты  бірегей  ғимараттар  салуға  тырысты:  Брюссельдегі 
Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…[3.] 
«Экспо  көрмесінің»  өзі  бір  спектакль,  мəдени  жəне  шығармашылық  оқиғалар  ретінде 
орын  алып  жатқан  «əлемдік  дегейдегі  театр  сахнасы»  іспетті.  Келушілерге  Бүкіəлемдік 
көрмелердің  мұрасы  мен  тарихы  ұсынылды.  Олар  көңіл  көтерудің  жаңа  нысандарының 
пайда  болуымен  байланысты  ғажайып  жəне  қызықты  оқиғаларға  толы  болатын:  Ауа 
шарымен, дирижабльмен саяхат, кинематографтағы алғашқы қадамдар… 
Көрермен  Бүкілəлемдік  көрмелерге  ғылыми  сабақ  жəне  жаңа  білім  алуға  емес,  көңіл 
көтерудің  жаңа  түрлерімен  танысуға,  ғажайып  заттарды  тамашалауға  деген  құлшыныспен 
келетін.  Осылай XIX ғасырдың  соңғы  үшінші  бөлігінде  қазіргі  аттрациондардың  алғашқы 
нұсқалары пайда болды. 
Бүкілəлемдік  көрмелердің  пайда  болуы  жəне  қалыптасуы  қарқынды  ғылыми-
техникалық  прогрес  жылдарына  келді.Түрлі  ғажайып  механизмдер  мен  лайықтандырылған 
қарапайым  құралдар – лифтер,  транспортерлер,  тігін  машинкалары,  сондай-ақ  телеграф, 
электр  жарығы,  тоңазытқыш  қондырғылар,  роботтар – заманауи  адамға  үйреншікті 
өнертабыстар - əр  жылдары  Бүкілəлемдік  көрмелерде  алғаш  рет  ұсынылған  болатын. 

75 
Дегенмен Бүкілəлемдік көрмелер – жұмыс жəне пікірталас орны, əлемдік мəселелерге назар 
аудару  мүмкіндігі.  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезеңдегі  көрмелерде 
технологияалық  прогрестің  өмірмен  жəне  тұрақты  дамумен  үйлесімдікке  деген  талпынысы 
көрініс табады. 
Бүкілəлемдік  көрмелер XIX ғасырда  экономика  мен  сауда-саттықтың  бұрын-соңды 
болмаған  өсуінің  толқынында  пайда  болды.  Ол  уақытта  Өндірістік  революция  кезеңіндегі 
империалистік əлем билеуші Европа болатын.  
Бүкілəлемдік  көрмелер – өзінің  масштабы,  жаңашылдығы  жəне  келушілер  саны 
бойынша бірегей оқиғалар. Бүгінгі күні ХКБ 166 мемлекет мүше, олардың барлығы өз елінде 
Экспо-ны қабыладап осындай елеулі оқиғаны өз жерінде өткізгісі келеді. 
Жылдан  жылға  Қазақстан  жалпыға  танымал  ірі  аймақтық  форумдардың  орталығына 
айналып  келеді.  Осы  арқылы  өзінің  халықаралық  беделін  нығайтуда.  Сондай-ақ,  бүгін  ол 
2017  жылғы  мамандандырылған  ЕХРО  көрмесін  Орталық  Азия  аумағында  алғашқы  болып 
өткізуге  үміткер.  Қазақстанның  ЕХРО-2017  көрмесі  үшін  ұсынған  тақырыбы – Болашақ 
энергиясы. 
Бұған  дейін  Қазақстан  ЭКСПО  Бүкілəлемдік  əмбебап  көрмелерінде  өз  павильонын 
орнатты.  Қазақстан  өз  павильонын  мəдениет  пен  ғылымдағы,  бизнес  пен  туризмдегі 
дəстүрлерге  жəне  инноваицяларға  сəйкес  құрды.  Павильон  су  тақырыбына  арналып, 
Қазақстан  тарихы  мен  дəстүрлері,  оның  заманауи  өмірі  жəне  болашақ  перспективалары 
туралы  əңгімеледі.  Біздің  павильон 6 аймақтан  тұрды.  Келушілер  бүкіл  павильондар 
бойынша  көрсетілген  интерактивтік  шоуды  тамашалады  жəне  оған  қатысты.  Қазақстан 
павильоны  ол  кезде  «Болашақ  энергиясы»  тақырыбы  бойынша  ЭКСПО-2017  көрмесін 
өткізуге үміткер қала Астанаға ерекше назар аударды. 
Экспо-2017 10 маусымда  басталып, 10 қыркүйекте  аяқталады.  Астанадағы  көрме 
"Болашақ  энергиясы"  деген  атпен  өтеді.  Ұйымдастырушылар  əлемнің  əр  түкпірінен  бес 
миллионға  жуық  адам  келіп  қатысады  деген  болжам  бар.  Тетігін  таба  білсек,  тиімді  екені 
даусыз.  Экспо-2017 - біз  үшін  үлкен  мүмкіндік.  Мысалға  айта  керер  болсақ,  Париждегі 
Эйфель  мұнарасын  алайық.  Бұл  мұнараның  Экспо  көрмесі  аясында  орнатылғаны  белгілі. 
Міне  сол  мұнара  секілді  Экспода  Астанаға  да  биік,  көркем  сəулет  туындысын  орнатары 
сөзсіз.  Осы  бір  ғана  мұнара  əлем  халықтарының  қызығушылығын  туғызып,  шет  елдік 
туристердің  елімізге  ағылуына  жағдай  жасайды.  Экспо-2017  ел  бюджеті  үшін  шығын  деп 
ойламай,  инвестиция  ретінде  қарауымыз  керек.  Бұл  ірі  халықаралық  шараны  дұрыс 
қолданған жағдайда біз көптеген жетістіктерге жетеміз. Атап айтар болсам, қала көркейеді; 
ұлттық  құндылықтарымызды  насихаттауға  болады;  əлемнің  озық  жаңа  үлгідегі 
технологиялары  мен  техникасының  қай  бағытта  қалай  дамып  бара  жатқандығына  куə 
боламыз;  технологиялық  прогреске  əкеледі;  салынған  зерттеу  орталықтары,  жаңа  жобалар 
мен  ғимараттар  Экспо  біткеннен  кейін  де  халық  қажеттілігіне  жарап,  қызмет  етеді; 
кəсіпкерлерге пайда əкеледі; туризмнің дамуына септігін тигізеді; жастарға үлкен тəжірибе 
береді, тек жастарға ғана емес мемлекет үлкен тəжірибеден өтеді. Бұл дегенім, Қазақстанның 
экономикасының дамуына əкеледі, яғни "дамыған 30 елдің" қатарына қосылуымызға  "ұлы" 
мүмкіндік. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі 
1. Иллюстрированная история мира: с древнейших времен до наших дней: в 8 т.: пер. с англ. 
- М. : Слово. - Т.8 : Современный мир / Стивен Хоар. - 1994. - 78 с. 
2. Всемирная выставка // www.kk.m.wikipedia.org  
3. История Всемирных выставок // www.expo2017astana.com 
 
 
 
 
 

76 
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ КӨРНЕКТІ  
ТҰЛҒАСЫ – КЕЙКІ БАТЫР 
Самар А., Сатыбалды М. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қарсыбаева Ж.А. 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
ХХ  ғасыр  адамзат  баласының   санасында  қандай  оқиғасымен  есте  қалды  дейтін 
болсақ,  бірінші  болып 1916 жылғы   ұлт-азаттық   көтерілісі   еске  түседі.  Бұл  көтеріліс – 
тəуелсіздікке  жетуге  бағытталған  алғашқы  сəтті қадам еді.  
1916  жылы  байырғы  Тұран  даласында  ұлтазаттық  қозғалысы  азаттық  революцияға 
ұласты. Қазақ сахарасындағы ол революция ғасырлар бойы қатпарланған отар елдің мүддесі 
негізінде  өрбіді,  ал 1917 жылы  Ресейде  ақпан  революциясы  басталған  сəтте  оның құрамды 
бөлігіне  айналды. 1916 жылдың  екінші  жартысында  отаршылыққа  қарсы  наразылық  қазақ 
хандығының  негізін  қайта  қалпына  келтіруден  көрінді.  Қазақ  даласында  хандар  сайланды, 
сардарбек,  сарғасбектер  тағайындалды,  армия  құрылды,  хан  кеңесі,  қазылар  алқасы, 
елбектері,  қазынашылар,  басқаша  айтқанда  билік  жүйесі  қалыптасты.  Міне,  осылай  қазақ 
мемлекеттігінің  құрамды  белгілері  қалпына  келтірілді.  Бұл  қазақ  халқы  Ресейге  бодан 
болғаннан  бергі  ең  ірі  қозғалыс  еді.  Халық  қаһарына  мініп,  өз  ерлігін  көрсеткен 1916 ж. 
ұлтазаттық қозғалысының ең шыңы болды [1, 21 б.]. 
1916  жылғы  Торғай  даласында  болған  ұлт-азаттық  көтерілісінің  батыры,  атақты 
мерген  Кейкі  (Нұрмағанбет)  Көкембайұлы  туралы  деректерге  қаншалықты  қанықпыз? 
Мəліметтерге сүйенсек, Кейкі батырдың туғанына 2016 жылы 143 жыл толады. Осы  уақыт 
арасында  Кейкі  жайлы  естелік,  аңыз-əңгімелер  толастаған  емес.  Əйтсе  де,  Кеңес  үкіметі 
тұсында  батырдың  атын  атауға  тыйым  салынып,  кейінгі  ұрпақ  арасында  Кейкі  туралы 
əңгімелер  ауыздан-ауызға  ғана  жетіп  отырғаны  белгілі.  Батырдың  бейнесін  толық  ашып, 
жұрт  білмейтін  кейбір  қасиеттерін  таныту  мақсатында  соңғы  жылдары  көптеген  еңбектер 
жазыла бастағаны белгілі. 
М.Қ.  Қозыбаевтың  жазғанындай, 1916 жылғы  көтеріліс  лидерлерінің  қатары  өте 
сирек, революция мен азамат соғысы жылдары баррикаданың арғы жағынан орын алғандары 
тарихтан шығарылып тасталды (мысалы, Кейкі батыр) [1, 140 б.].  
Қазақ  даласының  еркіндігі  мен  тəуелсіздігін  аңсаған,  соның  жолында  өмірін  қиған, 
1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісті  ұйымдастырушылардың  бірі,  Аманкелді  Имановтың 
үзеңгілес  сардары,  халық  арасында  "қол  мерген"  атанған,  атышулы  батыр  Кейкі 
Көкембайұлы 1873 жылы  Торғай  уезіне  қарасты  Қайдауыл  болысының  Байтума  қопасы 
деген жерінде дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты-Нұрмағанбет. Ал оның Кейкі 
аталуының сыры –ол жасынан құс атып, аң аулап, өзен-тоғай аралап, кісіге онша қосылмай, 
кісі киіктеніп жүретін болған. Содан жеңгелері қайнысын   Кейкі деп атайды. Кейін бұл есімі 
қайта-қайта  айтыла  берген  соң,  оған  басқалардың  да  құлағы  үйреніп,  бабамыздың 
Нұрмағанбет  деген есімі бірте-бірте ұмытыла бастайды. 
Кейкі батырдың жастық шағы Батпаққарадағы атақты бай - Шашамбайдың бел баласы 
- Рахметтің ауылында өтеді. Ол кезде қазақтың басты байлығы - жылқысымен өлшенетін. Ал 
Рахметтің жер қайысқан көп жылқысы болған. Осыншама  жылқыны  ит-құсқа жем қылмай, 
бағып-қағу  үшін  бақ-дəулет  иесіне  нағыз  атпал  азаматтар  керек  еді.  Кейкі  жас  кезінде 
Рахметтің жылқысын бағып, талай рет түн жорытып келген барымташылармен  де белдесті, 
талай  рет  қарымта  қайтаруға  да  қатысты.  Бақ-дəулет  əкеден  балаға  дүние-мүлік,  ақша-мал 
арқылы келіп қонса, батырлық пен даналық бабасынан ұрпағына қан  арқылы келіп қонатын 
қасиет. Кейкі батырдың шыққан тегі-Құлан Қыпшақ та тегін тұқым емес. 
Құлан  Кейкі  батыр  əке-шешесінен  жалғыз  емес-ті.  Ол  алдында  арқа  сүйейтін  ағасы, 
соңында қолтығынан демейтін інісі бар бес ағайынды болатын. Олар: Омар, Оспан, Қошжан, 
Кейкі, Шұбар деп аталатын, бір-бірімен қаны да, жаны да бір бауырлар еді. Кейкі батырмен 
бірге  туған  бес  адамның  ішінде  қазір  Қошаннан  ғана  ұрпақ  қалған.  Қалғандары  Кейкі 
батырға "халық жауы" деген қара күйе жағылғанда жаппай қуғындалған. Кейкі Көкембайұлы 

77 
- палуан  денелі,  түсі  суық,  ашуланғанда  екі  көзі  қып-қызыл  от  болып  жанып  кететін, 
бірбеткей,  қайсар  адам  болған.  Қолына  құран  ұстап,  намаз  оқыған.  Жастайынан  садақ, 
мылтық атып, ат құлағында ойнаған өнері тағы бар. Халық арасында "Аманкелді көз мерген. 
Кейкі  қол  мерген  еді"  деген  сөз  айтылады.  Мұның  сыры-Сардар  қай  нысананы  да  көздеп 
атқан  жəне  көздегенін  ешқашан  мүлт  жібермеген.  Ал,  Кейкі  болса,  кез-келген  нысананы 
атпен  шауып,  жаяу,  жүгіріп   келе  жатып  шапшаң  атып  түсіре  берген.  Оның  жастайынан 
мылтық  атуға  əбден  машықтанғаны  соншалықты,  қандай  қимыл  үстінде  де  екі  қолы 
мылтықты нысанаға дəл ұсынатын. Кейкінің атақ даңқын шығарған екінші өнері оның-небір 
ат ойынын жетік білетіндігі, ат үстінде сойыл, шоқпармен шебер шайқасқандығы. 
Кейкі  Аманкелдімен  бірге  өсіп,  біте  қайнасқан.  Екеуі  де  əділдік  жолында  күресуді 
балалық  жастан  мақсат  тұтқан.  Кейін 1916 жылы  Торғайда  ұлт-азаттық  көтерілісі 
басталғанда   Кейкі  Аманкелдіні  іздеп  барып  Əбдіғапар  ханның  əскерінде  мергендер  тобын 
басқарған [2, 647 б.]. 
Құлан Кейкі батыр ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Торғай қаласына шабуыл, Құмкешу, 
Күйік,  Батпаққара,  Доғал  соғыстарының  бəріне  де  қатысқан.  Академик  Манаш  Қозыбаев 
өзінің  «Жауға шаптым ту байлап»-деген кітабында: "Ақпанның 13-і күні  (1917) Шолақсай  
керуен  жолын  торыған  Аманкелді,  Өмен,  Кейкі  бастаған 2000 сарбаз  Шошқалы  қопада 
подполковник  Кисловтың  отрядын  оқпен  қарсы  алды,   шабуылға  шығып  айқас  салды.  Дер 
кезінде  шегініп, əскердің ертеңгі жолын  болжап, түнделетіп төте жолмен Күйік қопасына  
жеткен  сарбаздар  Тышқан  тамының  маңайында  қаңтардың 14-і  күні  Кислов  отрядын 
қайтадан  қарсы  алды.  Еркіндікті  аңсаған  ерлердің  беті  қайтпай,  қарулы  қолға  қайтадан 
шығуы таңғажайып емес пе? Күйік қопадағы бұл айқаста атақты Құлан қыпшақ Кейкі батыр 
ерен  ерлік  көрсетті.  Жау  тобына  қырғидай  тиіп,  жазалаушылардың  талайын  жайратты", - 
дейді [1, 77 б.]. 
Мал  баққан  қыр  қазағы  болғанымен  Кейкі  өз  заманында  болып  жатқан  тарихи 
оқиғаларға  ойлы  көзбен  қарап,  оған  өзіндік  əділ  бағасын  бере  білген  адам.  Ол  қазақ  елінің 
басындағы бақытсыздыққа ең басты кінəлі - орыс мемлекеті, оның отарлау саясаты деп ұқты. 
"Олар əуелі жерімізді алған еді, оған қоса еркімізді алды. Енді бауыр еті-баламызды аламын 
дейді.  Көрерсің,  ертең  олар  тіліміз  бен  дінімізге  де  қол  салады" деді.   Кейкі  өзі  қатысқан 
көтерілістің  алдыңғы  майдан  шебіндегі  қара  жұмысқа  адам  бермеу  үшін  ғана  болған 
наразылық  емес  екенін,  оның  ата-бабасынан   қалған  асыл  мұрасы-жерінен,  бас 
бостандығынан айрылған, тілі мен дініне қауіп төнген, ұлтының болашағы- балаларының бір 
бөлігі  оқ  пен  оттың  ортасында  құрбан  болып,  бір  бөлігі  ауыр  қара  жұмыстан  жарымжан 
болып,  халқының,  одан  əрі  өсіп-өнуіне  балта  шабылғалы  тұрғанын  жан  дүниесімен  сезген 
халықтың алапат ашу-ызасынан тұтанған ұлт-азаттық көтерілісі екендігін терең түсінді. 
Торғай 
даласында 
отаршылдыққа 
қарсы 
ұлт-азаттық 
күресті 
көрнекті 
ұйымдастырушылардың  бірі,  Кейкі  Көкембайұлы 1923 жылдың  наурыз  айында  Аманкелді 
ауданының  Жыланшық  өзені  жықпылындағы  Жалаулы  деген  жайлауда  айуандықпен 
өлтірілген. 
Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейін  ел  мен  жерін  жат-жұрттықтардан  қызғыштай 
қорыған ержүрек ата-бабаларымыздың есімдері халқымен қайта қауышып,ерлік істері ұрпақ 
жадында қайта жаңғырды. 
Есімі  мен  ерлігі  ел  аузында  аңызға  айналған  тағдыры  күрделі   дара  тұлға  жайында 
жерлес  жазушы  Ақан  Нұрманов  "Құланның  ажалы"  атты  тарихи  роман  жазды.  Көрнекті 
ақын  Серік  Тұрғынбекұлы  "Кейкі  батыр"  тарихи  дастанын  жазса,  торғайлық  белгілі 
журналист Ахметхан Байжан "Құлан Кейкі батыр"  атты деректі хикаяттар жинағын, Əубəкір 
Қылышбайұлы "Құлан Қыпшақ Кейкі батырдан соң" кітапшасын жарыққа шығарды. 
2010  жылдың  мамыр  айында  Арқалық  қаласындағы  Дала  өлкесі  тарихы 
облыстықмұражайының  алдындағы  алаңға  батыр  бабамыздың  екерткіші  қойылды, 
қаламыздың бір көшесі  Кейкі батырдың есімімен аталады. 
Тарих қойнауына назар аударсақ, еліміз тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде бүгінімізді 
бағамдап,  өткенімізге  ой  жіберіп,  елдің,  жердің  тарихын  зерттеуге,  зерделеуге  бетбұрыс 

78 
басталды.  Кешегі  кеңес  заманында  тарихи  жер  аттары  сырттан  келген  ағайынның 
ықпалымен түгелге жуық өзгертілді. Тарихи тұлғаларымызды жауыз, құбыжық етіп көрсету 
етек алды. Неше алуан батырлар - барымташыға, берекелі байлар - ақылсыз азғынға, ғұлама 
діндарларымыз - залым  алдаушы  дүмшеге  айналдырылды.  Осы  салада  билік  саналы, 
жоспарлы  жұмыс  жүргізді.  Сол  жасалған  қиянат,  жағылған  күйе,  жабылған  жала  басқаның 
емес өз қандастарымыздың қолымен жасалды. Осындай барды жоқ етіп көрсетуден көптеген 
асылдарымыздан  айырылдық,  тарихымызды  ұмыттық.  Елдің-жердің  тарихы  зерттелмеді. 
Шүкір бүгінгі күні елдің өткеніне, бүгініне, болашағына арналған бағдарлама зерттеулер бар. 
Тарих қойнауына үңілген азаматтар елдің-жердің тарихына, сол кезеңде өмір сүрген тарихи 
тұлғаларды  зерттеп,  жинақтап  баспа  бетіне  шығарып  жатыр.  Біздің  киелі  Торғай 
 топырағында  халқына  адал  қызмет  атқарған,  барша  саналы  ғұмырын  халқымыздың 
тəуелсіздігі  мен  бостандығына  арнаған,  сол  жолда  құрбан   болған   азаматтар  қаншама. 
Көбінің  аттары  аталмай  түстері  түстелмей,  жасаған  игілікті  істеріне  баға  берілмей  келеді. 
Көп  жағдайда  аумалы-төкпелі  заманның  құрбаны  болған  кешегі  ұлт-азаттық  көтеріліс 
қаһармандары  елеусіз  қалып  келеді. Кейкі батырды тірісінде көп адам түсіне бермеді, қəзір 
де  көп  жағдайда  түсіне  бермеуі  мүмкін.  Сыры  ашылмаған  жұмбақ  адам.  Алдымен  аруақты 
діндар,  ақын  адам.  Өмірі  ат  үстінде  салауат  айтумен  өтті.  Елді  тəуелсіздікке,  бірлікке, 
бостандыққа  шақырды.  Ешкімге  тəуелді  болғысы  келмеді.  Еркіндікті,  ерлікті  аңсады. 
Сондықтан да кісіге, қоғамға тəуелділіктен қашты. Көктегі қыранша, жердегі арланша еркін 
өмір  сүруді  қалады.  Бірақ...  Тағдыры  тəлкекке  түсіп,  қайда  барса  да  өзін  жау  көрген 
жазалаушы  топтан  қашқан  есіл  ер  отанынан  пана  таппай,  жанын  шүберекке  түйіп  өтті. 
Кімнің  дос,  кімнің  қас  екенін  ажырата  алмай,  өмірінде  алысумен,  арпалысумен  үнемі 
жортуылдар  да  жүріп,  ағайынның  теріс  үгітінен,  сатқындығынан  оққа  ұшты.   Дос  дегені 
дұшпан болды, жолдас дегені жау болды. Бірі қоғамға өмірге аралас десе, бірі кері үгіттеді. 
Осындай  түйіні  қиын  заманда  өмір  сүруі,  бүгінге  дейін  жүрген  жолы,  жасаған  қызметі, 
атқарған ісі халық үшін төккен тері нақты арнаға түспеген, жұмбақ адам. Жек көргендері бас 
бұзар «банды» десе, еңбегін білетіндер, көзкөрген тұстастары теңдессіз батырлығын тамсана 
айтады.  Тіпті  туған  жылы  мен  қайтқан  жылы  да  əртүрлі  айтылады.  Күн  өткен  сайын  хас 
батырдың  биік  тұлғасы  айқындалып  келеді.  Кейкі - рухани  батыр.  Ел  үшін,  қазақ  үшін 
құрбан болған азамат. Кешегі кесірлі кеңес заманында Кейкіні аса қатал жау көрген саясат 
оны  шамасы  келгенше  тарих  сахнасынан  өшіруді  мақсат  тұтты.  Кім  не  жазса  да  «жауыз», 
«банды», «қанышер» дегеннен аспады. Мамыражай күн кешкен отырықшы қазақтың тыныс-
тіршілігін  тəлкекке  салып  елді  алатайдай  бүлдірген  саясат  Торғай  уезінің  тоз-тозын 
шығарды. 
Жүз  жылдан  соң  орындалған  арман!  Астанаға 1916 жылғы  Ұлт  азаттық  көтерілістің 
даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батырдың бас сүйегі ақыры жеткізілді. 
Торғай даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін «қызылдарға» қарсы шыққан 
оны  большевиктер  айуандықпен  өлтіріп,  екі  қолы  мен  басын  кесіп  алған  болатын.  Содан 
батырдың  басы  Петербордағы  музейде  сақталып,  Қазақстанға  қайтарылмай  келді.  Бірақ, 
Астана мен Мəскеу арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін əйгілі қолбасшының сүйегі түнде 
Елордаға жеткізілді. Біздің мақсатымыз - батырымызды дəріптеу, еңбегін елеу, азаматтығын 
марапаттау,  ерлік  ісін келешек  ұрпаққа  насихаттау.  Патриоттық  тəрбие  деген  осы.  Өзімізді 
өзіміз  зерделеп,  зерттеп,  жақсылығымызды  көрсете  алмасақ,  уақыт  өте  келе  талай  тарихи 
тұлғалардың жоғалатыны анық.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1  Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап.-Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б. 
2  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.3-том.-Алматы: 
«Атамұра», 2002. -768 б. 
 
 

79 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет