Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


Темірбетон ванналар блогының көлденең тілігі



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс. 15

 
Темірбетон ванналар блогының көлденең тілігі 
1 − анод; 2 − катод; 3 − катодты штанга 
Анодтың еруі әдетте 20-30 тәулікке созылады және ол оның қалыңдығы мен электролиз режиміне 
байланысты. Бастапқы заттың 12-18% құрайтын анодты қалдықтарды (скрап) анодты пештерде қайта балқытады. 
Анодтардың жұмыс істеу уақытында катодтардың 2-3 ауыстырылуы болады. Катодтардың шығарылу уақыты 
жеткенде олардың массасы 60-140 кг құрайды. Катодтар электролит қалдықтарынан жақсылап жуылады, сосын 
тұтынушыларға жіберіледі немесе қайта балқытылады. 
Қазіргі заманғы зауыттарда мысты электролиздеу кезінде жұмсалатын электр энергиясы 230-350 
кВт•сағ./т мыс құрайды. 
Катодты мысты көбінесе қайта балқытады және арнайы кесектер (слитки) − вайербарстарға құяды (1500 
мм ұзындығы, 100х100 мм кесігі), ол ары қарай прокатка және созылатын сым дайындамалары үшін қолданады. 
Шламда бағалы және сирек кездесетін металдар концентрленеді. Шламдарды арнайы аффинажды 
зауыттарда алтынды, күмісті, селенді және теллурді бөліп алу үшін қайта өңдейді. Шламнан алынатын 
компоненттерінің бағасы көп жағдайда мысты рафинирлеуге кеткен шығындардың орнын жабады. 
Электролиттегі жетекші қоспа − ол шекті рұқсат концентрациясына бәрінен бұрын жететін қоспа. 
Құюдың көптеген операциялары автоматтандырылған, соның ішінде – қалыптан (изложницы) анодты 
қазып алуды жеңілдету үшін бариттің суспензиясын беру. Анодтарды қалыптан істік (қада) көмегімен шығарып 
алады. Анод массасы 295 кг болады. Анод ілгіштерінің (25мм) қалыңдығы бүкіл анодтың қалыңдығына қарағанда 
кіші болады. Ішкі жағынан шинамен (өткізгіш жуан сым) байланысты (контакт) жақсарту үшін оларды жұқартады 
 
 


Ұсынылған әдебиеттер тізімі 
Негізгі әдебиет: 
1. Миомандр А.В Электрохимия. М. 2008г.
2. Кудреева Л.К., Курбатов А.П. Гальваникалық қаптамалар алудың технологиясы бойынша практикалық 
жұмыстарды орындауға оқу - әдістемелік құралы, 2009. – 34 б. 
3. А.М. Аргимбаева, Б.Д. Бүркітбаева, Р.А. Нурманова. Электрохимияның таңдамалы тараулары, 2013. – 108 б. 
4. Кудреева Л.К. Гальваникалық қаптамалар алу технологиясы, 2021. – 184 б. 
5. Аргимбаева А.М. Талдаудың физика – химиялық әдістері, 2013. - 204 б. 
6. Баешов А.Б., Баешова А.К. Электрохимия, 2014. - 204 б. 
7. Кудреева Л.К., Курбатов А.П. Руководство по выполнению работ практикума «Технология электрохимических 
производств – Алматы: Қазақ университеті 2015, - 56 б. ISBN 978-601-04-1472-3
8. Кудреева Л.К., Электрохимиялық өндірістер технологиясы» курсы бойынша практикалық жұмыстарды орындауға 
нұсқаулық – Алматы: Қазақ университеті 2015, - 52 б. ISBN 978-601-04-1295-8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет