Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


-  кесте. Конвертирленгеннен соң тазаланбаған мыстың химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс. 15

4- 
кесте. Конвертирленгеннен соң тазаланбаған мыстың химиялық құрамы 
 
Сu 

Fe 
Ni 
Pb 
As 
Sb 
Bi 
Sn 
Zn 
Au 
Ag 
Se 
97,5 
- 99,5 
0,03 
- 0,35 
0,01 
- 0,15 
0,1 

0,5 
0,05 
- 0,26 
0,03 

0,3 
0,03 

0,2 
0,05 
дей- 
ін 
0,1 
дей- 
ін 
0,03 
дей- 
ін 
0,003- 
0,04 
0,002- 
0,3 
0,1 
дей- 
ін 
 
Тазаланбаған мысты массасы 1200 кг дейін кесек түрінде және электролиттік рафинирлеуге жіберілетін анод 
ретінде шығарады. Мысты рафинирлеу отты және электролиттік әдістермен жүргізіледі. 
Отты рафинирлеудің мақсаты алдын ала жүргізілетін (электрохимиялық тазалау алдында) сатыда мысты біраз 
оттегіге қосылғыштығы жоғары қоспалардан тазалап, мысты келесі электролиттік рафинирлеуге дайындау. Отты 
рафинирлеу әдісінде балқыған мыстан максималды мөлшерде күкіртті, оттегіні, темірді, никельді, мырышты, қорғасынды, 
мышьякты, сурьманы және еріген газдарды кетіруге тырысады (ұмтылады). Тазартылмаған мыс тікелей техникалық 
қолдануға жарамсыз, сондықтан оны міндетті түрде зиянды қоспалардан тазалау үшін және сонымен бірге бағалы 
металдарды, селен мен теллурды бөліп алу үшін рафинирлейді. 
Мыстың миллиондаған бөлшегіне мына элементтердің селен, теллур және висмуттың бірнеше бөлшегі келсе, 
мыстың электр өткізгіштігі және мыстың өңделушілігі нашарлайды, яғни рафинирленген мысты қолданатын ірі өндіріске 
− кабель өндірісіне − қажетті қасиеттері өзгереді. Электролиттік рафинирлеу − электротехникада қолданылатын мысқа 
қойылатын талапқа жауап бере алатын бірден-бір әдіс. 


Мысты электролиттік рафинирлеудің мәні: 
құйма анодтарды (отты рафинирленген мыстан құйылған) және катодтарды электролитпен толтырылған 
электролиттік ваннаға кезекпен іледі де, осы жүйе арқылы тұрақты тоқ өткізеді. Электролиттік рафинирлеуде екі 
негізгі мәселелер шешіледі: 
 
мыстың қоспалардан терең тазалануы жүреді; 
 
ілеспе бағалы компоненттерді шығарып алады. 
Электролиттік рафинирлеу нәтижесінде мыс жоғары тазалықта (99,90…99,99 % Cu) болады. 
МЕСТ бойынша жоғары маркалы электролиттік мыста 0,04% -тен аспайтын қоспа болуы керек. 
Алғашқы мыста бағалы металдар мөлшері жоғары болған сайын, электролиттік мыстың өздік құны төмен 
болатынын атаған жөн. Мысты электролиттік рафинирлеу үшін отты рафинирленгеннен соң алынған анодты күкірт 
қышқылымен толтырылған электролиздік ваннаға іледі. Ванналарда анодтар арасында жұқа мыс қаңылтырлардан 
жасалған – катодтар ілінеді. 
Электролит – мыс сульфатының сулы ерітіндісі (160…200г/л) және күкірт қышқылы (135…200г/л), оларға 
коллоидты қоспалар қосады, сонда бұл электролит 50…60 г/т Cu мыс алуға жетеді. Коллоидты қоспа ретінде көбінесе 
ағаш желімдейтін желім 
және тиомочевина алынады. Оларды қосу катодқа қонатын тұнбаның сапасын (структурасын) 
жақсартады. Электролиттің жұмысшы температурасы − 50…55
0
С. Мыс электролизі жүрген кезде тоқ тығыздығы көбінесе 
240-300А/м
2
болады. 
Ванналарды тұрақты тоқ көзіне қосқанда анодта мыстың электрохимиялық еруі жүреді, катиондар электролиттер 
арқылы тасымалданып, катодтың бетіне шөгеді. Мыс қоспалары шламмен (ванналар түбіне шөккен тұнба) электроит 
арасында таралады. 9-суретте электролиттік рафинирлеу процесінің схемасы берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет