Химиялық кәсіпорындардағы судың шығыны өндіріс қуаттылығымен, өнімнің түрімен және технологияны жетілдірумен, қызмет көрсететін персоналдың біліктілігімен, сондай-ақ кәсіпорындағы су қорымен анықталад
Химиялық кәсіпорындардағы судың шығыны өндіріс қуаттылығымен, өнімнің түрімен және технологияны жетілдірумен, қызмет көрсететін персоналдың біліктілігімен, сондай-ақ кәсіпорындағы су қорымен анықталады.
Мақсатына қарай су шартты түрде өндірістік және ауыз су болып бөлінеді. Олардағы қоспалардың құрамы белгілі стандарттармен реттеледі.
Судың сапасы физикалық, химиялық жəне бактериологиялық анализдермен анықталынады. Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне физикалық жəне химиялық сипаттамалары: мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері жəне су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы көрсеткіштер су құрамындағы қоспалардың бар жоғын анықтайды.
Үйлер, зауыттар, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, фармацевтика салаларын жылытатын қазандықтар-ешқандай техникалық кәсіпорын өз жұмысында сусыз жұмыс жасай алмайды және оны көп мөлшерде тұтынады. Өндірістік мақсатта пайдаланылатын су - техникалық деп аталады. Әрине, адамдар мұндай суды іше алмайды, өйткені ол сапа мен қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейді.
Техникалық суды пайдаланушылардың үш негізгі бағытын атап көрсетуге болады:
1. Техникалық су мақсатты өнім өндіруге арналған шикізат ретінде. Тұтынушылардың бұл тобына фармацевтика саласын, косметика мен гигиеналық құралдарды, тұрмыстық химия және т.б. өндірушілерді жатқызуға болады.
2. Технологиялық процесте қолданылатын техникалық су. Бұған электронды индустрия және ұнтақты бояу өндірістері кіреді.
3. Техникалық су техникалық прогреске байланысты. Тұтынушылардың бұл тобына барлық ЖЭО, ЖЭС, АЭС және сіздің үйіңізді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін барлық қазандықтар кіреді.