Су мәселесін шешу Минайдар Элина Болатқызы ҚазҰАЗУ Менеджмент 2- курс Алматы қаласы Су мәселесі әрқашан да өзекті. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі — табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда — 19%, Африкада — 23%, Австралияда — 45%, Оңтүстік Америкада — 10%-ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Қазақстанда да жағдай ушығып барады. Каспий тартылып жатқаны жайлы да дабыл қаққан болатын. Ал теңіздегі Ақтау және Құрық порт-тарының жұмысы шектелгені белгілі болды. Себебі кеме жағаға дейін жетуі үшін судың тереңдігі кемінде 6 метрден асуы керек. Қазір 5 метрге жетер-жетпес. Салдарынан кемелер жүктің 75 пайызын ғана тасымалдап жатыр. Қазір Каспий суы Балтық теңізі деңгейінен 29 метр төмен.
Негізі Қазақстанның оңтүстік өңірлері су қоры бойынша екінші орында, бірақ Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысындағы тіршілік нәрінің қоры сарқылуға таяу. Себебі халық саны да, шаруашылық та көбейген. Бұл мәселенің түбі трансшекаралық өзендерге келіп тіреледі. Өйткені Қазақстан ағын суға келгенде көрші мемлекеттерге тәуелді. Ал көрші мемлекеттермен арадағы келісімдер ескірген. Ресеймен Жайықтың жайын, Қытаймен Іленің, тәжік, қырғыз, өзбекпен Сырдың суын бөлісуде салмақты келісімдер керек. Ол үшін Орта Азия мемлекеттерінің консорциумын құру керек дегенді ұсынады Қуаныш Айтаханов. Ал, халықаралық сарапшы Ерлан Бадашев мәселенің шешімін тіпті әріден қарастыру керек дейді.Айта кетерлік, су мәселесі бойынша өткір пікір қалдырып жүрген Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұл салада өз ісін жетік білетін кадрлардың тапшы екенін айтқан болатын. Мәселен, 90 жылдары су саласында 40 мыңға жуық маман еңбек етсе, қазіргі таңда 7-8 есеге қысқарған.
Елде сумен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Әлі күнге дейін, ауыл шаруашылығында суды тиімсіз пайдаланудың мәселелері басым. Ауылшаруашылыққа пайдаланылатын су Орталық Азиядағы негізгі үлесті 85%-дан астам су алады. Яғни суды пайдалану мәселесін көтергенде, негізінен ауыл шаруашылығында қолданған суды айтамыз. Қазақстанда өнеркәсіпте пайдаланылатын су шамамен 35% құрайды, және біз Орталық Азиядағы өнеркәсіптік суды пайдаланатын жалғыз елміз.
Басқа елдердің барлығы суды ауылшаруашылығында суару үшін пайдаланады. Қазақстанға басқа елдерден келетін су негізінен ирригацияға немесе Қырғызстандағы гидроэнергетика саласында пайдаланылады. Су мәселесі оның қолжетімділігінде емес. Мәселе елдердің суды қалай және қашан ұстап қалып, қайта жіберетініне байланысты. Мәселен, Қырғызстан жазда суды ұстап қалады, өйткені ол гидроэнергетикаға арналған судың қуатын арттыру үшін су қорын жинайды. Ал қыста суды төменге ағызып, су электр қуатын өндіруге пайдаланады. Қазақстан үшін гидроэнергетика аса маңызды емес. Қазақстан су бөгеттерін салып, оны жинайды, себебі мал шаруашылығына, егін шаруашылығына су қоймалары керек. Сонымен қатар, жер асты суларының қоры да бар. Алайда олар әлі толық зерттелмеген. Оларды пайдалану жолдары туралы көп зерттеулер бар. Қазақстан көрші елдермен су саясатына қатысты өзіне тиімдірек тұрғыдан келіссөздер жүргізуі қажет деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, Жер асты сулары тереңірек зерттелуі тиіс. Оларды суару құралы деп қарастырған дұрыс емес, өйткені бұл өте құнды су. Елдің батыс аймағына келетін болсақ, суды тұщыландыру әдістеріне оралу үшін Каспий теңізіндегі жер асты суларын қайта қарастыруға кеңес берер едім. Сонымен қатар, осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерге тиісті жалақы берілуі керек. Жалпы, Қазақстанда су мәселесі өршіп тұрған мәселе емес. Қазақстан – экономикалық қуатты мемлекет және оның даму әлеуеті зор. Осындай мүмкіндіктермен жағдайды жақсарту әбден мүмкін. Пайдалынылған әдебиеттер:
1 Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылғы Дүние жүзіндегі су ресурстарының жағдайы туралы арнайы баяндамасы. Қол жеткізу режимі: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000367306
2 Су мәселесі https://egemen.kz/article/34227-su-maselesin-sauatty-sheshu-qadget
3 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жағдайы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама. Қол жеткізу режимі: http://ecogosfond.kz/orhusskaja-konvencija/dostup-k-jekologicheskoj-informacii/jekologijaly -zha-daj/r-orsha-an-ortany-zhaj-k-ji-turaly-ltty-bajandamalar/
4 Нұрлан Қаппаровтың сөзі. Еуразия бірінші арнасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=qK_OOxpJnf0