2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек [1].
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі «Корпоративтік табыс салығының есебі мен аудиті» атты тақырыбының ағымдағы бухгалтерлік міндеттерді есепке алуға арналған. Бұл басқару жүйесіндегі тұрақты өзгерістер, кәсіпорынның банкроттығы және кәсіпорындарды салық салудың асқынуы бухгалтерлік есептің шекарасын кеңейтеді. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен жылдық есептілікті жасаудың қағидаларын, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді [2].