«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет5/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
366442 3

Дәрістік сабақты өткiзу формасы: проблемалық.

Суғару мерзімдері, суғару мөлшерлері, суғару саны және мерзімі ауыл шаруашылығы дақылдарының суғару тәртібін құрайды. Суғару тәртібін егістік басындағы тікелей бақылау мәліметтері бойынша немесе ауыл шаруашылығы озаттарының тәжірибелерін ескере отырып жүргізілген ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелік мәліметтері бойынша белгілеуге болады.


Қазіргі мелиоративтік тәжірибеде суғару тәртібін есептеудің бірнеше әдістерін қолданады. Ең көп тарағаны А.Н.Костяковтың сызықтық-талдау әдісі мен топырақтағы ылғал тапшылығының қисық сызығы қолданылатын сызықтық әдіс.
А.Н.Костяковтың су теңгермесі есептеріне негізделген тәсілі әр дақыл үшін топырақтағы нақты және ең төменгі шекті Wmin ылғал қорын алдын-ала анықтауға. Егер Wф>Wmin болса, суғарудың қажеті жоқ негізделген.
Жауын-шашынның мөлшерін, су пайдалануды, суғармалау мөлшерін, топырақтың есепті қабатын, Wmax және Wmin ылғал қорын біле отырып және даму кезеңін ескере отырып топырақтың есепті қабатының онкүндіктер бойынша су теңгермесін жасап, суғару мөлшерін, санын және суғару мерзімдерін талдау және сызу әдістері арқылы табуға болады. Ылғалдың нақты қоры Wmin дейін азайғанда, суғару белгіленеді, суғару мөлшері мен суғарудың орташа күнін анықтайды.
Топырақтың есепті қабатындағы ылғал тапшылығының қисық сызығын пайдалана отырып ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тәртібін есептеудің сызықтық әдісі мен биоклиматтық әдісті пайдаланып және интегральды қисық сызықты құрып алқаптың алдын-ала есептелген су тепе-теңдігінің тапшылығына негізделген.
Бұл қисық сызықтың басы, себу кезіндегі топырақтағы немесе өніп-өсу кезеңнің басталғандығы қайта ең төменгі ылғал қорына сай келуі қажет. Алғашқы суғару мерзімін анықтау үшін, топырақтағы бастапқы ылғал қорын Wиск ең төменгі шекті қормен Wmin салыстыру қажет. Егер болса, ылғалдың пайдалы қорын анықтайды. , және оның жұмсалуына қарай алғашқы суғаруды белгілейді. Алғашқы суғарудың мерзімінен көлденең сызықтың интегральды қисық сызықпен қиылысуы білдіреді. Егер болса, онда себуден соң бірден суғару белгіленеді, ал, келесі суғару күнін жоғарыда көрсетілгендей жолмен анықтайды, бірақ, суғару мөлшерінің нақты мәні ескеріледі.
Баяндалған әдістер бойынша алынған мерзімдер, суғарудың орташа күндері болып табылады. Олардың басталуы мен аяқталуы суғару кезеңінің (t) ұзақтығын көрсетеді, ол, шаруашылықта суғаруды ұйымдастыру деңгейіне байланысты, әдетте t 3-тен 10 тәулікке дейін болады, ал, ылғалмен толықтыру суғаруын 15 тәулікте жетеді.
Нақты табиғи жағдайлар үшін берілген қамтамасыздықтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының суғару тәртіптерін суғармалауды жобалау үшін негізгі және бастапқы көрсеткіштер қатарына жатады. Осыған орай, суғармалау желісі мен ондағы құрылымдардың есепті өтімдерін суландырудың тиімді алқабын, суғару техникасына қажеттілікті белгілейді.
Қазіргі кезде ағайынды Альпатьевтердің биоклиматтық әдісін жобалауды тәжірибесін ендіру арқасында, бұл міндетті электронды есептеу машинасы /ЭЕМ/ табысты шешуде. Биоклиматтық әдісті қолдана отырып суғару тәртібін ЭЕМ-де есептеу әдістемесін УкрНИИГиМ, Упргипроводхоз және бұрынғы "Сорзводпроект" бүкілодақтық бірлестігінің қызметкерлері жасады.
Табиғи жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарының су қажетсінуі топырақтағы ылғал қорының және жауын-шашынның есебінен қанағаттандырылады, бірақ құрғақшылық аймақтарда ылғалдың бұл түрі жетпейтіндіктен егістікке белгілі мөлшерде су жіберіп, суғару қажет.
Суғармалау мөлшері-есепті жыл жағдайында жоспарланған өнім алу үшін дақылдың өніп-өсу кезеңінде суғармалы алқаптын 1 гектарына берілуге тиісті судың көлемі.
Суғармалау мөлшерін (М) кейде есепті топырақ қабатының су теңгермесінің тапшылығы деп те атайды. Оның шамасын А.Н.Костяков ұсынған су теңгермесінің теңдеуінен анықтауға болады.

мұндағы Е- жалпысу қажетсіну, м3/га, 10-ауыстыру коэффициенті, -жауын-шашынды тиімді пайдалану коэффициенті, Р-вегетация (өніп-өсу) кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері, -тамыры жайылатын топырақ қабатынан өсімдіктер пайдаланатын су көлемі, м3/га, Wгр - өсімдіктердің тамыры жайылатын топырақ қабатының жер асты суымен ылғалдануы; Wстр-суғармалау суының жер үстінен қашыртқылануы және терең қабаттарға сүзіліп ысырап болуы, м3/га.
- мәнін мына теңдеуден анықтайды: мұнда Wh- өніп-өсу кезеңінің басындағы, аяғындағы топырақтағы ылғал қоры.
Wгр-жер асты суы тұщы болғанда және топырақ, бетіне жақын жатқанда ғана ескеріледі. Минералданған жер асты суы жер бетіне жақын жатқан жағдайда топырақтың екінші қайтара тұздануы мүмкін, сондықтан кәріз құрылымдарын қарастыра отырып жер асты суының деңгейін төмендету қажет. Мұндай жағдайда Wгр =0. Егістік танаптарына су тереңге сүзіліп ысырап болған жағдайда Wгр -дi теңдеуге минус белгісімен енгізеді.
Суғармалау мөлшерін A.M. және С.М.Альпатьевтердің биоклиматтық әдісі бойынша анықтағанда мынадай теңдеу пайдаланылады.

Мұнда а-өсімдіктердің тамыр жүйесінің жер асты суының есебінен ылғалдануын ескеретін коэффициент, /а=0,85...1.0/ К- биологиялық коэффициент, -aya ылғалдылығының орташа тәуліктік тапшылығының жиынтығы, мб; n-есепті кезеңнің ұзақтығы; Р-өніп-өсу кезеңінде түсетін жауын-шашын, мөлшері мм.
Өсімдіктің суға деген қажеттілігі әр жылы әртүрлі болатындықтан суғару тәртібі "есепті жыл" деп аталатын жыл жағдайы үшін суғармалау суымен белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етіледі.
Қамтамасыз ету проценті неғұрлым жоғары болса, суғармалау суымен қамтамасыз етілетін жылдар саны соғұрлым көп болады, бірақ бұл үшін өткізу қабілеті үлкен құбырлар немесе каналдар, оларға арналған қымбат құрылымдар жобаланады. Осыған орай суғармалау жүйесінің құрылысы және оны пайдалануға қажетті құралдар мен материалдарға үлкен қаражат жұмсау қажет болады.
Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс өңірлерінде "есепті жыл" ретінде 95 процент қамтамасыз етілген орташа құрғақ жыл алынады.
Суғармалау мөлшерінің орташа мәндері қабылданған қамтамасыздықтың деңгейіне өтілуге байланысты болады, жоңышқа үшін 4500...6000 м3/га, көкөніс үшін 3500...4500 м3/га, күріш үшін 9000...25000 м3/га жетіп, кең ауқымда өзгеріп отырады.
Суғармалау мөлшері егістік танаптарындағы топыраққа жекелеген суару мөлшерімен беріледі. Суғару мөлшері дегеніміз суғармалы егістіктің 1 гектарына бір рет суғару кезінде берілетін су көлемі. Суғару мөлшерінің шекті көлемін мына формула бойынша анықтайды:
m= Wmax-Wmin
мұнда m-суғару мөлшері, м3/га, Wmax- суғарудан кейінгі топырақтағы ылғалдың ең жоғарғы мөлшері, Wmin -топырақтағы ылғалдың шекті ең аз шекті мөлшері.
Wmax және Wmin ылғал қоры мына теңдеумен анықтайды m-Wmax=100y және Wmin=100y , мұнда у-құрғақ топырақтың ауқымды массасы, т/м3; Н-топырақтың есептік белсенді қабаты, м; -топырақтың ең аз сиымдылығына /НВ/ сәйкес келетін ең жоғары ылғалдылығы.
- топырақтың ең аз шекті ылғалдылығы, % . Орындарына қор нәтижесінде анықтауға қажетті есепті теңдеуді аламыз:

Суғару мөлшерінің шамасын анықтайтын өрнектің, Н және көрсеткіштері ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшелігін мінездеуге, ал және егістік танаптың топырақ қабатының су физикалық қасиетін сипаттайды.
Топырақтың белсенді қабатының көлемі өсірілетін дақылдың түріне байланысты. Кекөніс дақылдары үшін ол 0,5...0,7 метрді дәнді дақылдар мен отамалы дақылдар үшін 1...1.2 метрді құрайды.
Ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары да тұрақты өнім алу үшін белсенді қабаттағы топырақ ылғалдылығы ылғалдылықтың төменгі деңгейінен жоғары болуы қажет, өйткені өте төменгі деңгей жағдайында топырақ ылғалы өсімдіктерге жетпей жатады. Зерттеулер бұл деңгейдің ең аз ылғал сыйымдылығының 70...85 пайызға сай келетін ылғал екендігін көрсетті.
Топырақ ылғалдылығының ең төменгі шегіне жақындағанын анықтайтын бірнеше тәсілдер мен әдістер бар. Термостатты таразы тәсілі бәрінен жиі қолданады. Сонымен қатар әртүрлі конструкциядағы электр ылғал өлшегіштер: клеткалық суағар жиынтығын анықтауға арналған рефрактомерлер қолданылады олар арқылы суғару қажетгілігін біледі. Осматикалык қысым бойынша саңлаулардың ашылу дәрежесіне қарай суғармалы егіншілікте өсіп-өну кезіндегіден басқа суғарудың ылғалды қуат беру, eгіc алдындағы, отырғызу алдындағы, салқындататын, үсікке қарсы, қозғау салу, шар сынды т.б. түрлері қолданылады.
Ылғал толтыру мақсатында суғару кезіңінде топырақ 1,5...3 метр тереңдікке дейін ылғалдандырылады. Ылғалдандыру мөлшері топырақ қабатының механикалық құрамына байланысты болады және жеңіл топырақ үшін 800... 1400 м3/га ауыр топырақтар үшін 1500...2500 м3/га құрайды. Ылғал толтыру суғаруы, өнімді жинап алған соң күзде немесе көктемде, бірақ себуге 6...5 күн қалғанға дейін кешіктірмей жүргізіледі. Ылғал толтыру суғаруын жер асты, суларының деңгейі жер бетіне 2 метрден кем болғанда жүргізуге болмайды.
Себу алдындағы суғару, әдетте, жазда танаптарға дақылдарды себу алдында 800...1000 м3/га мөлшерімен жүргізіледі. 150...250 м3/га мөлшеріндегі отырғызу суғаруларын дақылдардың көшеттерін отырғызу кезінде жүргізеді. 50... 100 м3/га мөлшеріндегі салқындату суғаруын әдетте, жанбырлату арқылы жүргізеді. Солтүстік аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарының үсікке ұшырауына жол бермеу үшін 300...400 м3/га мөлшерімен үсікке қарсы суғару жүргізеді. 300...400 м3/га мөлшерде арандату суғаруын арам шөптердің белсенді өсуіне қозғау салып, кейіннен оны жер үшін жүргізеді. Шар үшін суғарудың мөлшері 2000... 10000 м3/га, ол тұзданған топырақ қабатын шар мақсатында іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет