«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж


«Су объектілерін қалпына келтіру» пәнiнің мақсаты мен міндеті



бет2/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
366442 3

«Су объектілерін қалпына келтіру» пәнiнің мақсаты мен міндеті.


Пәннің мақсаты - су объектілерін қалпына келтіру және абаттандыру, оның ішінде су пайдалану мақсаттары үшін су объектілерін басқару, су объектілерінің табиғи құндылығын, биологиялық әртүрлілікті сақтау, су сапасын оңтайландыру, рекреациялық және шаруашылық пайдалану мәселелерін білікті және сауатты шешуге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Пәнiнің міндеті:
- су объектілерін және олардың гидрологиялық режимін қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жобалау дағдыларын игеру.
- әртүрлі функционалдық мақсаттағы су объектілерін, су ресурстарын ұтымды пайдаланатын табиғи және сарқынды суларды өңдеудің тазарту құрылыстарын тазарту, қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жобалау және іске асыру дағдыларын меңгеру.
- су объектілерін қалпына келтіру және абаттандыру, оның ішінде су пайдалану, сақтау мақсаттары үшін су объектілерін басқару мәселелерін білікті және сауатты шешуді қалыптастыру
- су объектілерінің табиғи құндылығы, биологиялық әртүрлілік, су сапасын оңтайландыру, рекреациялық және экономикалық пайдалану.
Курстың пререквизиті: Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері, Кадастр жұмыстарындағы компьютерлік графика, Топография, Кадастрлық жұмыстардың инженерлік графикасы
Курстың постреквизиты: кәсіби практика, өндірістік практика, диплом алды практика, дипломдық жұмыс.

Тақырып 1. Кіріспе. Су экологиясы / гидробиология. Тарих, білім жүйесіндегі орны. Негізгі бағыттары
1-дәріс. Гидробиология және су экологиясы туралы жалпы түсінік.
1.1 Ғылымның қалыптасу тарихы және даму жолдары.
2-дәріс. Гидробиологияның негізгі бағыттары.


Дәрістік сабақты өткiзу формасы: шолулық.

Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.


Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.
Cу шаруашылығы жүйелерін жобалаудың сенімді және тиімді жұмыс атқаруды, олардың алдын-ала жасалған жобаларының сапасына тікелей байланысты. Cу шаруашылығы жүйелерін жобалауды жобалау ерекше күрделі творчестволық жұмыс қатарына жатады. Ерекше күрделіліктің себебі – гидротехникалық құрылыс және гидромелиорация мамандықтарында гидротехникалық құрылым обьектілерін жобалау үшін оқу жоспарының барлық жалпы инженерлік және арнайы пәндердің мазмұндық және әдістемелік принциптерін игеріп, оларды пайдалана білуді қажет етеді.
Топырақ материалдарынан жасалған бөгеттер (үйілген, тасты-топырақты және тасты-шашпалы) — су іріккіш ғимараттардың ішіндегі кең тараған типі және мелиоративтік мақсаттағы көптеген су тораптарының құрамына кіреді. Топырақ материалдарын салу үшін жергілікті топырақтарды пайдаланады. Оларға қойылатын талаптар [10.11] —де аталған.
Көлденең қиманың конструктивтік шешімі бөгет пен оның негізінің құрылыс пен пайдаланудың барлық мүмкін болар жағдайында орнықтылығын, сондай-ақ сүзілуге қарсы және кәріздік қондырғылардың және бүтіндей барлық ғимараттардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
СНиП 2.06.05-84 сәйкес ІІІ және IV кластағы бөгеттерді топырақ материалдарынан жобалағанда мынадай негізгі есептеулер жүргізіледі: гидравликалық, фильтрациялық -сүзілу беріктілігі, кері сүзгілер, кәріздер және өтпелі аймақтар және статистикалық - беткейлердің, экран және қорғауыш қабаттың орнықтылығы, бөгет денесі мен негізінің шөгуі, беткейлердің беріктілігін толқын, мұз және басқалардың әсеріне қарсы нығайту.
Есептеулерді бөгеттің барлық көлденең қималары үшін жүргізген жөн.
Басты реттегіш ғимараттың конструкциясын мыналарға байланысты таңдайды: гидрологиялық жағдайлары мен өзеннен әкететін өтімділіктің салыстырмалы шамаларына; өзендегі су деңгейінің тербелу аралығына; ғимаратты пайдалану жағдайына; құрылыстың жергілікті жағдайына; жағалаудың орнықтылығына; арнасының қайта жасақталу және қатты ағындар режимінің сипатына.
Өзендегі су деңгейінің құламалылығына байланысты реттегішті ашық, жабық және диафрагма типтерінде жобалайды. Реттегіштің табалдырығы олардың әртүрлі аралықтарына бірдей, сондай-ақ әртүрлі белгілерде болуы мүмкін.
Табалдырықтың белгісін су аз кезде су алуды қамтамасыз ететін жағдайда белгілейді, бірақ өзен түбінің немесе су әкелетін арнаның орташа белгісінен төмен болмауы шарт.
Басты реттегіштің алдындағы ағын жылдамдығын 0.8-1.5 м/с аралығында қабылдайды.
Қазынды - тұндырғышты көп басты сағада орталық басқару бойынша бас реттегіштің әрбір қазынды үшін өзінше тесіктері болады. Ол тұтынушыларға бір немесе бернеше каналдан су беруге мүмкіндік жасайды. Мұндай реттегіште екі қабатты конструкция болады - жоғарғы қабаттың тесігінен су қазындыдан бас каналға өтеді, ал төменгі кабаттың тесігінен — су түптік шайғыштарға, онан әрі су алу орнынан төмен, өзенге тасталады.
Таулы өзендерден су алу коэффициенті 0.7 - ге дейін болғанда, басты реттегіштің конструкциясы бөгетті сағаға өтпелі баспалдақ болғаны дұрыс. Оның ерекшелігі су қабылдағышқа табалдырық және шпорлар кешендері арқылы түптік тосқындардың түсуіне тиімді қорғау, сондай-ақ су беруді тұрақтандыруды қамтамасыз ететін қондыр-гыларды қорғау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет