«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет10/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Дәрістік сабақты өткiзу формасы: шолу.

Бөгеттің көлденең қимасы трапециялы болуы керек және өлшемдер ғимараттың кез келген жұмыс жағдайында бөгет денесі мен оның негізінің орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.


Қиманың негізгі элементтеріне жататындар: бөгет денесі, жағаулары мен бекітулері, жоғарғы және төменгі беткейлер, қабыстырғыш элементтері мен табаны , кәріздік және сүзілуге қарсы қондырғылар.
Биік бөгеттер үшін олардың көлемін азайту мақсатында беткейлердің кескінін сынықты қондырғы - берма салу ұсынылды. Ол биіктік бойынша 10-15 м сайын ені 2-3 м беткей-ісгі жазықтық алаң. Аласа бөгеттер үшін Нбөг< 15 м беткей-кескінін тіксызықты қабылдайды. Жоғарғы беткейдің сумен тұрақты түрде қанығып тұруына байланысты төменгіге қарағанда жайпақ етіп салады.



Бөгеттің беткейлерін топырақ түріне және бөгет биіктігіне байланысты 5.1 және 5.2 - кестеге сәйкес салады.


Кесте 5.1 - Топырақ бөгетінің беткейлерді салу коэффициенттері





Кесте 5.2 - Кәдімгі кездесетін топырақтар үшін сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері



Бөгет беткейлерін әртүрлі факторлардың әсерінен қорғау үшін бекітулер мен жабындар жасалады.


Судың әсері (Н) мен жүзбе денелердің әсерінде болатын жоғарғы беткейлерде ең көп бекітулер қарастырылған. Бекітулердің типі мен конструкциялары құрылыс материалдарына, механикалық құралдарға (СНиП 2.06.05-84 ) сәйкес белгіленеді. Бекіту материалдары тасты, темірбетонды (монолитті, құрастырмалы), бетонды, асфальтбетонды, биологиялық және тағы сол сияқты болуы мүмкін. Жоғарғы беткейдің бекіту қалындығын биіктікке айны-малы қылып жасайды. Бекітудің максималді қалыңдығын толқын әсер ететін аймақта және белгілерден төмен жасайды. Онан әрі жалына дейін жеңіл бекітулер қойылады. Негізгі бекітудің төменгі шекарасы ӨКД-ден төмен осы деңгей жағдайына сәйкес. Толқынның екі есе биіктігіне тең тереңдікке белгіленеді.
Желдің, жаңбыр және еріген қар суларының әсерінен қорғану үшін төменгі беткейде майда тастан немесе қиыршық тастан жасалған қалындығы 0.2 м жеңіл жабындар жасайды. Тегіс шым төсеп немесе шөп егіп, өсімдікті топырақтар төсейді.
Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі. Топырақ материалдарынан бөгет жобалаудағы негізгі сұрақтардың бірі - орнықты, әрі экономикалықтиімді қимасын анықтау. Көлденең қиманың өлшемі бөгеттің типіне, оның биіктігіне, негіз денесінің топырағының сипатына, соңдай-ақ құрылыс және пайдалану жағдайына байланысты.
Бөгеттің жалын салу жұмыстарын жүргізуді, оны пайдалану жағдайына байланысты құрастырады. Жалдың енін жолдың категориясына байланысты, бірақ 4.5 м-ден аз қылмай қабылдайды (СНиП 2.06.05-84).
Бөгет биіктігін анықтау. Бөгет биіктігін су қоймасының есептік су деңгейінен жоғары — жалдан асып, судың тасуы болмайтындай етіп белгілейді.
(5.1)
мұнда Δһ — желдің суды қуу биіктігі,
һн — бөгет беткейіне жел толқындарының серпілу биіктігі,
a - конструктивтік артық алу (0.5м), 0,1*һ
Һ1 %,—1% ықтималдықтағы толқын биіктігі.

Есептеу екі жағдай үшін жүргізіледі; су деңгейі ӘІД-де және ТІД-де болғанда: Судың желмен көтерілген биіктігін анықтау:


(5.2)
мұнда Кв — жел жылдамдығына байлансыты коэффициент;
W10 — су деңгейінен 10 жоғары биіктіктегі желдің 1 жылдамдығы, м/с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет