Су қоймаларындағы альгофлораның ТҮрлік қҰрамын анықтау


Біздің аймақтағы су қоймаларында жиі кездесетін балдырлардың түрлері



бет2/3
Дата16.03.2023
өлшемі131,07 Kb.
#74938
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АЛЬГОФЛОРАНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Біздің аймақтағы су қоймаларында жиі кездесетін балдырлардың түрлері.

Біздің аймақтағы су қоймаларында жиі кездесетін балдырлардың түрлері.

Көк-жасыл балдырлар Cyanophyta тіршілік етуге мүмкіндігі жоғары, тіршілік етуге ешқандай мүмкіндігі жоқ жерлерде және жердің барлық сулы континенттерінде кездеседі. Вегетативті клеткаларына қарай көк жасыл балдырларды негізгі 2 топқа бөлуге болады.

клеткалары шар тәрізді түрлері

клетка түрлері бір бағытқа қарай өте шығыңқы (немесе жатыңқы), клеткалары жеке, кейде бірігіп колониялы немесе жіп тәріздене жүреді.

Олардың түстері таза көк-жасылдан сиякөк немесе қызғыш кейде қоңыр-қызыл, сарыдан ақшыл-көк немесе қара түске өзгереді.

Пирофиттілер бөліміне бір клеткалы өзгеше балдырлардың тобы кіреді. Пирофитті балдырлардың көпшілігінің денесі түтікше тәрізді. Талломды пирофиттілер денесі жіп тәрізді (Dinothrix-ті қоспағанда) бір клеткалылар болып келеді.

Судағы органикалық лас заттарға тітіркенгіш келетін немесе керісінше өзінің дамуына қоршаған ортаның органикалық заттарын қажет ететін пирофитті балдырлардың көп түрі сапробты формасында пайдаланылады.

  • Судағы органикалық лас заттарға тітіркенгіш келетін немесе керісінше өзінің дамуына қоршаған ортаның органикалық заттарын қажет ететін пирофитті балдырлардың көп түрі сапробты формасында пайдаланылады.
  • Диатомды балдырлар Bacillariophyta бір клеткалы ағзалардың негізгі тобы, басқа балдырлардан тез ерекшеленеді: диатомды балдырлардыңклетка сырты қатты кремнеземді қабықшамен қоршалған, ол панцир деп аталады.
  • Жылтыр панцирдің арқасында және хлоропласттың сұр-қоңыр түстенуіне байланысты диатомды балдырларды микроскоп арқылы басқа бір клеткалы төменгі сатыдағы балдырлардан айыру өте жеңіл. Осы балдырлар – бір клеткалы микроскопиялық ағзалар, жалғыз немесе бірігіп бірнеше колония құрып жүреді: жіп тәрізді, лента тәрізді, жұлдызша, тізбек және сілемейлі қабықша тәрізді.

Эвгленалы балдырлар Euglenophyta шағын, тұрып қалған су қоймаларында қарапайым мекендейтіндер. Оларға микроскопиялық (ұзындығы 4-500 мкм) бірклеткалы ағзалар, бір немесе екі талшықты және шапшаң қозғалады. Дене пішіні созылмалы доғал, эллипс тәрізді. Тірі эвгленалы балдырлардың клеткаларының беткі бөлігінде қызыл дақтар анық байқалады, оны – стигма деп атайды. Су қоймаларының гүлденуін туғызады.

  • Эвгленалы балдырлар Euglenophyta шағын, тұрып қалған су қоймаларында қарапайым мекендейтіндер. Оларға микроскопиялық (ұзындығы 4-500 мкм) бірклеткалы ағзалар, бір немесе екі талшықты және шапшаң қозғалады. Дене пішіні созылмалы доғал, эллипс тәрізді. Тірі эвгленалы балдырлардың клеткаларының беткі бөлігінде қызыл дақтар анық байқалады, оны – стигма деп атайды. Су қоймаларының гүлденуін туғызады.
  • Жасыл балдырлар Chlorophyta: Қазіргі кездегі таныс балдырлар бөліміндегі ең ауқымды кең тараған бөлім болып табылады. Олар бір клеткалы болуы да мүмкін, немесе ценобиальды, колониялы және көпклеткалы, оларда балдырларға тән барлығына белгілі морфологиялық дифференциялы тармақтары көрсетілген: монадалы, коккойдты, пальмелойдты, жіп тәрізді, пластинка тәрізді және клеткасыз (сифональды және сифонакладальды). Өлшемі 1-2 мкм -ден макроскопиялы өсімдіктерге дейін, ал ұзындығы ондаған сантиметр.

Зерттеу нысаны ретінде табиғи суқоймасы Қошқар ата өзені мен Бадам өзендері сулары алынды.
Қошқар ата және Бадам өзендерін гидробиологиялық талдауда балдырлардың нашар дамитындығын көрсетті (сурет 1). Диатомдылардың бір ғана түрлері анықталды: Cocconeis placentula, Achnanthes biasolettiana, Gomphonema olivaceum, Navicula laterosrata, Meridion circulaare. Олигосапробты индекс 1,33, бұл әлсіз ластанғандықты көрсетеді. Ағыстың бойымен өзенге тұрмыстық өндірістік ағыстар құйылады. Бұнда судың мөлдірлігі төмендеп, ОБК5 - 2,88 дейін, сонымен қатар балдырлардың саны да күрт жоғарылайды. Қаланың орталығындағы өзен суын гидробиологиялық зерттегенде жіп тәрізді жасыл балдырдың – Stigeoclonium tenue массалық вегетациясын көруімізге болады. Бұл органикалық заттармен судың ластануына жауап беретін сапробтылық ағза болып табылады.
Қошқар-ата өзенінде балдырлардың 40 түрі: көк-жасыл – 9, диатомды – 11, жасыл – 15, эвгеналылардың – 5 түрі анықталды. Бұнда доминантты орынды жасыл балдырлар алады, олар балдырлардың жалпы санының 42% құрайды, ал қалған бөлігі басқа балдырлардың үлесіне тиеді. Олардың ішінде екеуі ксеноолигосапробтылар, 8 - α- мезосапробтылар, 14 - β- мезасопробтылар, 2 – поли - β- мезасопробтылар. Ортадан табылған β- мезасопробты балдырлар судың қатты ластанғандығын көрсетеді. Бадам өзенінде балдырлардың 27 түрі: көк-жасыл – 6, диатомды - 8, жасыл – 10, эвгеналылар – 3 анықталды, бұнда жасыл балдырлардың түрлік құрамы басым. Ортадан табылған α- мезосапробты балдырлар судың орташа ластанғандығын көрсетеді.
Сурет 1 – Табиғи суқоймаларының гидробиологиялық құрамының динамикасы
Сонымен, Шымкент қаласының аймағындағы су қоймаларында жиі кездесетін балдырлардың түрлері: Көк-жасыл балдырлар Cyanophyta, диатомды балдырлар Bacillariophyta, эвгленалы балдырлар Euglenophyta және жасыл балдырлар Chlorophyta.
Әсіресе, Қошқар ата өзені альгофлораға бай. Ең көп кездесетін түрі – жасыл балдырлар Chlorophyta балдырлардың жалпы санының 42% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет