Су-тіршілік көзі. Мақсаты



Дата03.12.2023
өлшемі18,33 Kb.
#134109
түріҚұрамы

Су-тіршілік көзі.
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Үнемшілдікке тәрбиелеу.Қоршаған ортаны қорғауға ауаны,суды ластамауға шақыру.
Су- тіршілік көзі.Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Су бар жерде тіршілік бар. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2-3 литр су қажет.
Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су,қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. . Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су.  
Көрнекіліктер: сұрақтар, шадасқан әріптер, жұмбақ, интер тақта.
Сергіту сәті: Ауа, күн, су, доп,
2.Су туралы жұмбақтар жасыру.
1.Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. ( Су )
2.Өзі көк көлеңкесі жоқ. ( Көл )
3.Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын. ( Жаңбыр )
3.Жер шарында неше мұхит бар? (4)
Мұхиттың аттарын айтыңдаршы ( Тынық,атлант, үнді Солтүстік мұзды мұхит)
4.Судың неше күйі бар (3 сұйық, мұзды, бу)

3Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге ,зауыт,фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті.Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.


Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар.Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек.Күл-қоқысты тастауға болмайды.
Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. А«Судың да сұрауы бар» деп бекер айтылмаған осыдан болар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет