3-слайд:
Ғылыми жобамның жаңалығы: Сусыз тіршілік жоқ. Адам ағзасы аштыққа шыдайды, суға шыдай алмайды. Өйткені су ішпей көріп тәжірибе жасадым. Бірақ тәжірибе соңына дейін шыдай алмадым. Демек, адам ағзасы сусыз тіршілік ете алмайды.
Зерттеу жұмысының нысаны: табиғаттағы су көздері
4-слайд:
Халқымызда да суға қатысты біршама даналық сөздер бар. Олар: су ішкен құдығыңа түкірме. Сулы жер-нулы жер. Өзен жағалағанның өзегі талмас. Дарияның қасынан құдық қазба. Су-тіршілік көзі. Ия шынымен де халық айтса қалт айтпайды. Сусыз адам баласы тіршілік ете алмайды екен. Оның адам денсаулығы үшін де маңызы зор. Судың әр алуан қасиетін мұғалімімнен естіген соң су туралы көбірек ізденіп білгім келді. Іздену барысында су туралы көптеген құнды мәліметтерге жолықтым. Сондай-ақ еліміздегі өзен-көлдер мен олардың экологиялық мәселелері де мені ойлантты. Сондықтан, мен оларды жүйелеп, адамзат тіршілігі үшін судың аса маңызды екендігін дәлелдеуге бел будым.
Достарыңызбен бөлісу: |