Су-тіршілік көзі Мақсатым: Табиғаттағы су көздерін сақтап оны қорғай білуге, үнемдеп сақтауға үйрету Зерттеу жұмысымның өзектілігі



бет4/6
Дата14.03.2022
өлшемі23,2 Kb.
#27940
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөз слайд

7-слайд:

Табиғаттағы су 3 түрлі күйде болады. Ол бір күйден екінші күйге ауысып, табиғаттағы су айналымын жасайды. Соның нәтижесінде ғаламшарымыздағы су көздері тұрақты болады. Мәселен, ыстық күнде жер бетіндегі теңіз, мұхит, өзен, көл секілді су көздері буланып, бу аспанға ұшады. Ол бұлтқа айналып, жерге қайтадан жауын болып түседі. Ал қыста мұзға айналады да, көктемде еріп су арналарын толықтырады. Мұндай қасиет басқа заттарда кездеспейді. Сондықтан су осы қасиетімен басқа заттардан ерекшеленеді. Біз мұғалімімізбен бірлесе отырып тәжірибе жасағанда судың үш күйіне бақылау жасаған болатынбыз. Сол кезде су толы шелекті күн суық кезде далаға қойып қойғанда, шелектегі су мұз болып қатқанын және оның көлемінің сұйық кездегі түрінен әлдеқайда азайғанын байқадық. Ал, шыны ыдыстарға құйған суыған су қатқан жағдайда ауызы жабылған шөлмек шынылар өз-өзінен сынып кететіндігін де тәжірибе барысында байқадық. Демек, бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайып немесе көбеюі оның басқа заттардан тағы бір ерекшелігін танытады.


8-слайд

Біздің еліміз де өзен-көлдер анау айтарлықтай көп болмаса да аз емес. Жалпы алғанда Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар екен. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер мыналар:



Ертіс    4 248 км   
Есіл    2 450 км   

Жайық    2 428 км   
Сырдария    2 219 км   
Тобыл    1 591 км   
Іле    1 439 км   
Шу    1 186 км   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет