5-слайд:
Судың біршама пайдалы қасиеттері бар. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейін: Су қоректік заттектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарды (жасушадан) тасымалдайды; Су жылу сіңіреді. Судың бұл қасиеті дене температурасын реттеуге көмектеседі. Ол ағзадағы жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады
6-слайд:
Су-бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Жердің су қабатын гидросфера деп атайды. Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары:өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен жетпіс бір пайызын алып жатыр екен. Жер бетіндегі су айналымы 2-ге бөлінеді:1.Кіші су айналымы деп судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуын айтсақ, 2-үлкен су айналымы деп судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуын айтамыз..
Достарыңызбен бөлісу: |