В12 витамині(цианкобаламин, антианемиялық витамин) 1926 жылға дейін қатерлі қан азаю ауруын емдей алмайтын, әдетте ондай ауруға ұшыраған адам өлетін. Мино мен Мерфи (1926ж) екеуі бұл ауруға бауырды көп беру ем болатынын анықтады. 1948 жылы В12 витамині кристалл түрінде бөліп алынды және ол қатерлі анемия ауруына ем екені белгілі болды.
Авитаминоз. В12-авитаминозы кезінде қатерлі анемия ауруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады.
Табиғатта таралуы. Азық-түлік құрамында кобальт болса, В12 витаминін асқазан-ішек жолында микроорганизмдер синтездейді. Кобальт, әсіресе, жануар тектес өнімдерде-бауырда, бүйректе, жүректе, мида, сүтте көп болады.