Суда еритін витаминдер



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі16,11 Kb.
#144408
1   2   3
Байланысты:
Суда еритін витаминдер

РР витамині (В5 витамині, никотин қышқылы, антипеллагрлік витамин)
Никотинді тотықтыру арқылы 1837 жылы никотин қышқылы алынған болатын. Бұдан кейін Функ (1911-1912 жж.) күріш дәнінің қауызынан және ашытқыдан бөліп алды. Бірақ оның биологиялық маңызы жүз өткеннен кейін ғана, Эльвехьем мен Вули екеуі никотин қышқылын азық-түлікке қажетті зат ретінде анықтаған кезде белгілі болды.Биологиялық қызметі. РР витаминнің биологиялық қызметі оның НАД және НАДФ коферменттердің құрамына кіруімен байланысты. Бұл коферменттер тиісті апоферменттермен қосылып күрделі ферментер – пиридин дегидрогеназаларын түзеді. Ол күрделі ферменттер сутегін, электрондар мен протондарды бөліп шығару жолымен субстраттың тотығуын катализдейді. Жалпы никотинамид қатысатын реакциялардың саны қырықтан астам.Авитаминоз. РР-авитаминозына тән белгі пеллагра (итальянның pella agra-терінің жарылып түрпіленуі-дегенсөзінен шыққан). Пеллагра сырқаты кезінде терінің ашық жерлері қабынады, ауыз ойылып, стоматит болады, тіл ауырады, ол семіп жансызданады, ас қорыту жүйесі бұзылады.Табиғатта таралуы. Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде, ірі тартылған ұнда, картопта, етте кездеседі. Никотин қышқылының бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері 15-25 мг.
В6 витамині (пиридоксол, пиридоксаль, пиридоксамин, адермин)
Пиридоксол (пиридоксин) 1938 жылы бауырдан, ашытқыдан алынады және сол жылы синтезделіп шығарылды. Химиялық құрылымы мен қасиеттері. В6 витаминінің молекуласы пиридин сақинасынан тұрады, онда сутегінің үш атомының орнын әр түрлі үш топ басады. Олар – метильдік топ, гидроксильдік топ және гидроксиметильдік топ. Бұдан басқа азот атомының пара-жағдайында пиридоксолда алғашқы спирт тобы, пиридоксальде – альдегид тобы, ал пиридоксаминде амин тобы бар.Биологиялық қызметі. 1937 жылы А.Е. Браунштейн мен М.Г.Крицман амин қышқылдарының қайта аминдену рекциясын ашты. Бұл реакцияны амиотрансфераза ферменті катализдейді, оның коферменті В6 витаминінің фосфорланған туындысы болып табылады.
Авитаминоз. В6-авитаминозы кезінде-терінің сал ауруына ғана қабынып ауруы-дерматит кездеседі. Бұл кезде дененің симметриялы учаскелері зақымданады, тері қызарады, жануарлардың терісі түседі. Сол сияқты қан құрамындағы эритроциттердің саны азаяды, олардың түйіршік көлемі кішірейеді, қан азайып анемия құбылысы болады.
Табиғатта таралуы. В6 витаминін жасыл өсімдіктер мен көптеген микроорганизмдер синтездеп шығарады. Жануарлар тканінде және азық-түлікте бұл витамин негізінде пиридоксаль, пиридоксамин түрінде кездеседі. В6 витамині жұмыртқаның сары уызында, сәбізде, бидайда, ашытқыда өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет