Сулейменова зауре екпиновна



бет7/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Әріптік балама

Бағалау критерийлері

Тестілеу

Бақылау түрі

A

95-100

Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі жəне қосымша əдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пəн бойынша негізгі терминдерді сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пəндеріне қарай дамыта алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады..

A-

90-94

Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі жəне терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі жəне қосымша əдебиеттерді толық меңгерген. Пəнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін пəндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

B+

85-89

Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті жетік біледі, пəнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы əр түрлі байланыстардың рөлі мен мəнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрєыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

B

80-84

Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті біледі. Пəндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады

B-

75-79

Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті біледі, ұсынылған бағдарламаны біледі, пəндік терминологияны дұрыс қолданады, пəндік терминологияның барысы мен бағытын түсінеді жəне түсіндіре алады, негізгі механизмдерді түсіндіре алады, бірақ оны ашып айтуда қиындыққа тап болады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Тəжірибе өткізу дағдылары (пəнге байланысты) қалыптасқан. Тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

C+

70-74

Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан əрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі əдебиеттерді меңгерген. Пəндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады

C

65-69

Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес жəне маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді. Пəндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады

C-

60-64

Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес жəне маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пəндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар жəне т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пəндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D+

55-59

Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пəндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D

50-54

Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пəндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тəжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады

F

0-49

Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма/тəжірибе орындалмаған, немесе тапсырма /тəжірибе/ зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет