Нормативтік құжаттар:
1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы Заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: Юрист, 2012- 236 б.
2. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың бағдарламасы 2011-2020 жж. Арналған бағдарламасы. - Астана, 2010.
Оқу пәнінің және академиялық этиканың саясаты:
Сабаққа кешікпеу және босатпау;
Дәріс сабақты босатқанда, өтілген материалды өз бетімен оқу және конспектілеу..
Оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият орындау;
Дәрісханада ұялы телефонды пайдаланбау;
Белгілі себептермен босатылған сабақтардың тапсырмасын орындау;
Тапсырманы орындамаған кезде бағаның төмендеуін білу;
Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу;
Этика нормаларын сақтау: тәртіптілік, тәрбиелік, адалдық, жауапкершілік;
Қарама-қайшылықтарды топта, оқытушымен шешу
Әзірлеуші ___________________ Сулейменова Зауре Екпиновна
Дәрістердің мәтіндері
1 бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Дәріс №1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі
Жоспар:
Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен ролі
Білім беру жүйесі туралы түсінік
ҚР білім беру жүйесінің құрылымы
12-жылдық орта білім беру моделі
Мақсаты: білім берудің үш түрлі мағынасымен таныстыру, ҚР мемлекеттік білім беру саясатын анықтау.
Негізгі ұғымдар: білім беру, білім беру парадигмасы, әлемдік білім беру кеңістігі, білім берудің дамуындағы тенденциялар, біілм беру жүйесі, жалпы орта білім беру, инклюзивті білім беру, тұлғаның зияткерлік әлеуеті, функционалдық сауаттылық.
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру жүйесі деп білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығын айтады.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасау;
жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін оқып-үйренуге жағдай жасау;
Бұл міндеттерді жүзеге асыруға түрлі факторлар әсер етеді: қоғмның дамуы, ғылым мен техниканың дамуы, педагогикалық фактор - баланың мектепке дайындығы.
Білім беру жүйесінің құрылымы:
Отбасындағы тәрбие;
Мектепке дейінгі тәрбие;
Жалпы орта білім;
Мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
Арнаулы білім мекемелері;
Кәсіптік-техникалық білім;
Орта арнаулы білім;
Жоғары білім;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
Қосымша білім.
Достарыңызбен бөлісу: |