Сулейменова зауре екпиновна


Жеке – даралықты тәрбие формалары



бет31/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті – рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау. 
Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.
Тәрбиелік іс - әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің ролі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.
Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбие-ленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу және бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау және өткізу бірнеше кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды. 
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал – жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады. 
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке – дара, топтық, ұжымдық іс – шаралар жүктеме ретінде тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет