Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесінің зерттеулер тарихына шолу жасаңыз, Сауат ашу әдістемесінің зерттеген ғалымдар еңбектерін талдаңыз
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесінің зерттеулер тарихына шолу жасаңыз, Сауат ашу әдістемесінің зерттеген ғалымдар еңбектерін талдаңыз.
Сауат ашу әдістемесі – кештеу қолға алынып, кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Оның ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты.
Қазақ бастауыш мектебіндегі сауат ашу әдістемесін алғаш жазған ғалым – М.Қ.Жұбанова. Оған ғалымның 1965 жылы «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы дәлел. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерін айқындап берді және сауат ашу әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану жолдарын тәжірибеде көрсетіп берді. Ол сауат ашудың Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған талдау, жинақтау және талдау-жинақтау әдістерін одан әрі жалғастырып дамытты. Бұл әдістерді тәжірибеде орнықтырды. Бұған ғалымның «Әліппені оқыту» [1], «Сауат ашу методикасы мәселелері» [2], «Әліппе оқулығына методикалық нұсқау» [3] атты еңбектері дәлел.
Ғалым С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы»оқу құралдарында сауат ашу әдістемесін арнайы бөлім ретінде қарастырады.
Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.
2
Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттерін талдаңыз, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама беріңіз.
Бастапқы жазуға үйретудің алғашқы сабақтарында оқушылардың гигиеналық талаптары, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң құрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, «Қай әріпті жоғалттым» ойнауға болады.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады.