Суппозиторийлерді алу жолдары: Суппозиторийлері жасаудың технологиялык схемасы келесі сатылардан тұрады:
негізді дайындау
дәрілік заттарды негізге енгізу
қалыптау (құю)
стандарттау
суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау.
Қолмен илеу әдісі
Қолмен илеу әдісімен суппозиторийлерді дайындау арнайы құрал-жабдықты қажет етпейді. Бұл әдіспен дәрілік заттың негізде біркелкі таралуы қамтамасыз етіледі. Бірақ қолмен илеу әдісімен суппозиторийлерді дайындау экономикалық жағынан тиімді емес, себебі механизацияның жоқтығы көп қол еңбегін қажет етеді, ал дайын өнімнің сыртқы түрі қалыпқа құю әдісімен дайындалған суппозиторийлерден сапасы төмендеу.
Дайындау сатылары:
- дәрілік заттарды және негізді дайындау;
- суппозиторийлік массаны дайындау (дәрілік заттар және негіз қоспасын алу);
- массаны дозалау;
- суппозиторийлерді қалыптау;
- орамдау, безендіру.
1. Сыртқы түрі (сипаттама). Суппозиторийлердің барлығы бірдей қалыпты пішінде болуы керек
2. Массаның біртектілігі кесінді бойынша анықталады. Ешқандай мәрмәр және ысқыланбаған ұнтақтың бөлшектері (дақтар деп аталатын) болмауы керек Кесуде ауа өзегі немесе шұңқыр тәрізді ойық болуы мүмкін.
3. Орташа салмақты анықтау – 20 суппозиторий 0,01 дәлдікпен өлшенеді. Массадағы ауытқулар ± 5% аспауы керек, ал 2 суппозиторийден артық емес ± 7,5% ауытқуы болуы мүмкін.
4. Дәрілік заттың құрамы 5. Дозалаудың біркелкілігі (жеке мақалаларда) 6. Балқу температурасы - липофильді негіздегі суппозиторийлер үшін ─ 37 ° C жоғары болмауы керек, егер НҚ басқаша көрсетілмесе.
7. Толық деформация уақыты (егер балқу температурасын анықтау қиын болса) ─ 15 минуттан аспауы керек.
8. Еру уақыты (гидрофильді негіздегі суппозиторийлер үшін): сыйымдылығы 100 мл ыдысқа 37 ± 1 ° C температурада 50 мл су құйыңыз. Мерзімді түрде шайқаңыз. Еріту уақыты 1 сағаттан аспауы керек.
9. Микробиологиялық тазалық.