СУППОЗИТОРИЙЛЕРДІҢ СТАНДАРТИЗАЦИЯСЫ Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы Лиофильденген суппозиторийлер. Лиофильденген суппозиторийлердің негізгі массасы дәрілік заттар болып табылады, негіздің мөлшері өте аз. Суппозиторийлер дайындау суппозиториялық қалыпта дәрілік заттардың эмульсиясын немесе суспензиясын 50-70°С температурада тоңазыту әдісімен жүргізіледі. Тоңазыган суппозиторийлерді қалыптан шыгарып алып, лиофипьдейді және суппозиториялық негізді қосады. Тік ішекте тез ериді, оны тітіркендірмейді.
Престелген (немесе габлеттелген) суппозиторийлер.Мұндай суппозиторийлер дайындауда майлы суппозиториялық негіздерді ұнтаққа айналдырады, олардың тиеуші воронкадан еркін ағылуын қамтамасыз етеді және суппозиторийлерді, таблеткалар тэрізді, престеу тэсілімен дайындайды. Престеу үшін тиісті формалы матрицалар мен пуансондар қолданылады.
Екі қабатты немесе екі қүрамды суппозиторийлер.Мұнда суппозиторийлердің қабықшасын балқу температурасы төмен негіздерден дайындайды. Бұл негіздің құрамына жергілікті эсер ететін заттар (анестезин, белладонна экстракты) болады. Суппозиторийдің стерженіне резорбтивті эсер етуші затгар енгізеді.
Ректальді майлармайлы, гидрофильді негіздерде дайындалады. Гидрофильді негіздер ретінде полиэтиленгликольдер, МЦ, оксипропилметилцеллюлоза, Na-КМЦ гельдері қолданылады. Ректальды жагар майлар ұзын ұштыты бар шприц-тюбиктерде шыгарылатын дозаланган дәрілік түр.
Ректальді капсулалар.Көлемі мен формасы бойынша олар суппозиторийлерге ұқсас. Капсуланың қабықшасы 70% желатин мен 30% глицериннің қоспасынан түрады. Капсула эсер етуші заттың майлы суспензиясы немесе оның мандаты - су типті эмульсиясы, немесе ерітіндісімен толтырылады. Тік ішекке енгізген кезде капсула ісініп, жарылады, оның ішіндегі дэрілік құрам сіңірілу бетіне таралады. Ректальді капсулалар жоғарғы температураға төзімді, олар 40°С температурада өз формасын сақгайды.
Ректальды тампондарда белгілі. Олар сыртынан дәрілік зат сіңірілген мактамен оралған пластмасса стержень болып табылады.