ІІ.Негізгі бөлім : Әңгімелесу. Тәрбиеші: - Балалар мен балабақшаға келе жатқанда алдымнан Айгүл қуыршақ кездесті. Айгүл қуыршақ көңілсіз екен. Айгүлдің көйлегі әшекейленбепті. Көмек береміз бе?
Бала: - Әрине, Айгүл қуыршақ уайымдама, саған бәріміз көмектесеміз. Тәрбиеші: - Қалай безендіруге болады?
Бала: - Көйлектің үстіне сурет саламыз.
Тәрбиеші: -Көйлекті кімдер киеді? Бала: - Көйлекті қыздар киеді.
Тәрбиеші: - Біз казір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Тігіншілер» Ойын барысы: Балалар, киімдердің кесінділерін тауып қою керек.Үлкен қызыл түсті көлекті, үлкен кесіндігі кіргізіп, түймелерін тағып беру керек.
Алдияр, сен қандай киім кесіндісін құрастырдың?
Неге шалбарға кішкентай түйме тақтың?
Сергіту сәті: Кәне, достар тұрмайық,
Ойын-сауық құрайық.
Дәрумендер күнінде,
Биде билеп алайық.
Үлгіні талдау: - Балалар көйлектің түсі, пішіні қандай?
Бала: -Көйлектің түсі ақ түсті.
Тәрбиеші: - Қандай түсті бұршақтармен безендіреміз?
Бала: - Қызыл түсті бұршақтармен безендірілген.
Айгүл қуыршақ: - Жарайсындар.
Сурет салу әдіс-тәсілі: Матадан жасалған көйлек кесіндісіне сәбізден жасалған мөрді бояуға батырып алып, түрту таңба басу әдісі арқылы безендіреміз. Көлектің жағасына жылтырақ сепкішпен себеміз.
Саусақ жаттығуы: Бала-бала, балақан.
Кәне, көрсет алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Жеке жұмыс. (балаларға көмек беру)
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Тәрбиеші: - Балалар, көйлекті қалай безендірдік?
Бала: - Жылтырақ септік, таңба басып.
Тәрбиеші:- Балалар, сендерге Айгүл қуыршақ риза болтын болды, достары сендердің жұмыстарына таң қалатын болды. Мадақтау.