Бала : - Білмеймін.
Тәрбиеші : - Не туралы музыка тыңдадыңдар?
Бала: - Күн суық , боран дауысы естілді.
Тәрбиеші:- Балалар, жан –жақтарындағы суреттерге қараңдаршы , қай жыл мезгілі бейнеленген суреттерде ?
Бала: - Қыс мезгілі бейнеленген.
Тәрбиеші: - Неге қыс мезгілі деп ойлайсыңдар ?
Бала:- Мұздан , қардан жасалған сарай бар.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар , біз қар ханшайымың хандылығындамыз. Қар ханшайымының сарайы көк , жалт – жұлт етіп тұр, суық жел қыдырып жүр , қар жауып тұр.
Басқа қандай түстерді көріп тұрсыңдар?
Бала: - Күлгін , көк түстер.
Қар ханшайымы келеді.
Қар ханшайымы: - Сендер қайдан келдіңдер ?
Бала: - Балабақшадан келдік.
Қар ханшайымы:- Менің сарайым сондай әдемі, ха-ха-ха. Кіргендердің бәрін қатырамын. Өз қандай жылы ма?
Бала: - Сарайың әдемі, бірақ суық болып тұр.
Тәрбиеші: - Неге суық болып тұр?
Бала: - Қар ханшайымы суық жерді ұнатады.
Тәрбиеші: - Қар ханшайымы суық, аяз болғанды ұнатады.
Қар ханшайымы:- Балалар , менің құбылыстарым шатысып кетіп жүр, бөліп беріңдерші.
Көктем , жаз , күз мезгілдерінің құбылыстарын бөліп салып беріңдерші.
Күз мезгілін - сары түсті жапыраққа салыңдар, көктем мезгілін – бәйшешек гүліне , қыс мезгілін – аққалаға, жаз мезгілін – көбелекке салыңдар.
Қар ханшайымы: - Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?
Бала:- Қар жауады , боран, мұз.
Қар ханшайымы: - Көктем мезглінің ерекшелігі неде ?
Бала: - Гүл өседі , күн жылиды , қар ериді , құстар ұшып келеді.
Тәрбиеші: - Ал, енді топтастырып жинап беріңдерші, қар ханшайымына. Қар Ханшайымы: - Жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар , балалар!
Тәрбиеші: - Қар ханшайымы, біздің балалар бәрін орындай біледі, тағы қандай тапсырма бар?
Қар ханшайымы : «Аққала» ойынын ойнайық.