Бала: - Құмырсқа қара түсті, аяғы көп, денесі басы болады.
Тәрбиеші: - Құмырсақның суретін қалай салуға болады ?
Бала: - Сопақша пішінді етіп салуға болады.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты орнынан,
Солға бұрылды,
Оңға бұрылды,
Қойды допты орнына.
Түймемен сурет салу әдісі: құмырсқа бейнесін түймемен таңба басу арқылы саламыз. Денесің сопақша пішінді, басын дөңгелек, аяқтарын таяқшалармен жасаймыз.
«ӨРМЕКШІ» саусақ жаттығуы. Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдыңалақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)
Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті, дереу, тезірек
Балалар жеке жұмыс жасайды, тәрбиеші көмек көрсету.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Тәрбиеші: - Балалар , біз бәріміз ненің суретін салдық?
Бала: - Құмырсқаның суретін салдық.
Тәрбиеші: - Кім суретті қалай салды?
Бала: - Түймемен мөр басу арқылы салдық.
Тәрбиеші: - Біз құмырсқалардың суретін салдық. Мадақтау
№36
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Бақбақ гүлі »
Мақсаты: бақбақ гүлінің сұлбасынқатты жартылай құрғақ қылқаламның қырымен суретсалу әдістерін жетілдіру; дәстүрлі емес техникасын қолдану арқылы сурет салу балалардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамыту; сурет салу кезінде бір-біріне көмек беруге және де шағын ұжымдық жұмыс жасау кезінде бір – бірінің ойын тыңдап, бірлесе отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.