Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет65/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74
І. Кіріспе бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Аспан Атадан күш-қуат алайық.
Армысыз, қайырымды Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
ІІ. Негізгі бөлім :
Әңгімелесу .
Тәрбиеші: - Балалар, қандай жәндіктерді білесіңдер ?
Бала: - Құмырсқа , көбелек , қаңқызы , шегіртке .
Тәрбиеші: - Дұрыс, бұлардың бәрі жәндіктер. Мен балабақшаға келе жатқанда бір жәшік тауып алдым , үстінде жазылған хат бар екен оқып берейін.
Балалар, бұл жұмбақ екен .
Жұмбақ.
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)
Ол не?
Бала: - Тышқан.
Тәрбиеші: - Дұрыс, жәшік ішінде тышқан бар екен ,ашып көрейік.
Тышқан: - Сәлем , балалар! Мен сұм мысықтан қашып , осы жәшіктің ішіне жасырындым.
Тәрбиеші: - Тышқан сен қорықпа, біздің топта мысық жоқ.
Тышқан : -Менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Бала: - Иә , ойын ойнауға дайынбыз.
Дидактикалық ойыны : "Мекенін тап"
Мақсаты: жәндіктердің өз мекендерін жаңылмай таба білу.
Ойыншарты: үстел үстіндегі муляж жәндіктерді өз мекеніне орналастыру.
Көбелеке қайда мекендейді ?
Бала: - Көбелек гүлдерден гүлге қонып , ұшып жүреді.
Тәрбиеші: - Тышқан қайда мекендейді?
Бала: - Тышқандар үйде , шөл далаларда мекендейді. Өздеріне қазып ін жасап алады.
Тышқан: - Балалар , енді менің мысықтан жасырынып ,үйге баратын жолымды тауып беріңдерші.
Ойын: «Шытырман жол»
Ойын шарты: Жол бағыттарын бақылап, мысықтан жасырынып баратын тышқанның жолын тауып , сызып көрсетіңдер.
Тышқан менің үйге баратын жолымның суретін салып беріңдерші , мен жоғалып кетпей үйімен тез жетейін.
Жіппен сурет салу әдісі: жіппен жұмыс жасағанда қағазды бір- біріне тенестіріп, ортасына бүктеп, ашып қояды. Қылқаламды бояуға малып, бір жартысына шашырату арқылы түрлі- түсті тамшылар түседі. Жіптің екі шетін түйіп, бірінші түйіншігін қағаздың дәл ортасына салады да, екінші түйішігін қағаздың сыртыны қалдырады. Қағазды бүктеп, сол қолдың бас бармағымен ортасындағы жіптің түйіншігін үстінен басып, оң қолымен жоғары төмен жүргізеді. Осыдан кейін қағазды ашып, жіпті еппен алып тастайды. Тышқанның мысықтан қашқан жолының суретін саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет