Ойын барысы: тәрбиеші тақтаға жолақ қалталары бар суретті іліп, шыны тарелкелерді қойып шығады. Бала осы ған сәйкес түсті саптаяқты іздеп, шыны аяқ үстіне қояды.
«Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық» ойыны
Мақсаты:негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Құралдар: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,сары. Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшінҚуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.
«Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
Мақсаты: 1. Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді бекіту.
2. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге жаттықтыру. Құралдар:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк) Ойын барысы:Тәрбиеші балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленгенжолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер. Қане қыздарымызға көмек берейік . Жолақшаға бір - бірлеп түсті тіктөртбұрышты ретпенен орналастырады. Бұл түсті кемпірқосақтың түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. «Бірінші қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді» ойын соңында түстердің қызылдан сия көкке ауысқандығына назар аударады.
«Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту; балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді дағдыларын жетілдіру; ойын арқыл балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою - өрнекпен әшекейленген. 2. Түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар, Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған. Ойын барысы: Балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мысалы «Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым».
«Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында молайту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Құралдар: тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді, қарындаштар. Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді.
Күннің айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді.
Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Тәрбиеші екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.
«Сайқымазақтарды киіндір»
Мақсаты: бояу түстер және өзіндік ерекшелігі туралы алған білімдерін тиянақтау. Құралдар:
1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан.
2. 2 - 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек. Ойын барысы:Тәрбиеші балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлытүсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады.
«Шыршаны безендір»
Мақсаты:түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету. Құралдар:көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.
Ойын барысы:Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді.
Тәрбиеші:
- Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті. Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.