1. Фонетикалық бұзылулар. Бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң- ұяң-үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық- фонематикалық жетілмеу жатады.
2. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар.Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау–жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
3. Әуендік – екпіндік бұзылулар:екпінді дұрыс қоймаумен байланысты (логикалық — фразада, грамматикалық — сөзде); дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарлығыңқы, бақылдақ, тұншыға шығатын, анық емес, мәнерсіз, шырылдақ, күмілжіңі). Мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б..
4. Қарқындық–ырғақтық бұзылулар:мидағы қозу үдерістерінің басымдығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (тахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік–үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).
5. Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б.
оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық–буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
6. Сөйлеудің жүйелі бзылуы:сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Сөйлеудегі кемшіліктерге қарай, балаларды бірнеше топтарға бөлу, коррекциялық жұмыстар жүргізуде қолайлы болып табылады.
5. Ақыл-ой қабілеті зақымдалған балалар Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения) – орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде, танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы.
Олигофрения – грек тілінен аударғанда, «ақылы аз» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғасырдың басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл терминмен, этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері – тотальды психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер:
Психикалық жетіспеушіліктің түзелмеуі.
Интеллектуалды құрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы.
Қазіргі кезде ақыл-ойдың кемістігі педагогикалық және психологиялық тұрғыда ең көп зерттелген мәселе болып саналады.
Деменция – егер ақыл-ойдың кемістігі 2-3 жасқа дейінгі кезеңде, әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына, деменция кіреді. Ми қызметінің бұзылуы, біраз уақыт қалыпты жұмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері – түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит). Деменцияда ми жұмысының бұзылуы, прогрессивті сипатқа ие болады. Емдеу және педагогикалық көмек көрсету арқылы, науқас баланың психологиялық жағдайын тұрақты күйге келтіруге болады. Ол үшін жоғары педагогикалық тәжірибе керек.