Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!



бет15/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция 7

8. Күрделі кемістік
Күрделі кемістік дегеніміз – екі немесе одан да көп дамудың бұзылуы. Күрделі даму бұзылуы, ағзаның әртүрлі жүйесінің зақымдануымен байланысты. Бұл көру кемістігі мен БЦП немесе көру және есту кемістігі, естімеушілік пен БЦП, немесе үш кемістік бірден қатар келеді, т.б. түрінде болуы мүмкін. Бірнеше қызметтің бірден зақымдануы, асқынған кемістік деп аталады. Күрделі кемістікті ерте диагностикалау өте маңызды болып саналады. Себебі, күрделі кемістіктің дамуы, тұқым қуалау арқылы немесе экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін.
«Күрделі кемістік этиологиясының бірнеше нұсқаларын қарастыруға болады:
1. Бір кемістік – генетикалық, ал екіншісі – экзогендік факторлардың әсерінен болады. Мысалы, баланың көру
нашарлығы шешесінен беріледі, ал қимыл-қозғалысының бұзылуы туу кезіндегі немесе одан кейін алған жарақаттардың әсері болуы мүмкін.
2. Екі кемістіктің тегі генетикалық болып келеді. Бірақ, олар өзара байланысты емес. Мысалы, баланың көру қабілетінің нашарлығы әкесінен беріледі, ал есту қабілетінің нашарлығы шешесінен беріледі.
3. Әр кемістік экзогендік факторлардың салдарынан пайда болады. Мысалы, скарлатина ауруынан кейін, баланың есту қабілеті төмендейді, ал қимыл-қозғалыс қиындығы, омыртқаның жарақаттану нәтижесінде болады.
4. Екі кемістік те тұқым қуалау синдромының көрінісі.
5. Екі кемістік те бір ғана экзогендік әсерлердің нәтижесінде пайда болған.
Күрделі кемістіктің соңғы екі нұсқасы (экзогендік немесе тұқым қуалау арқылы берілген), қазіргі кезде ең көп зерттеліп қарастырылады. Бұлар күрделі кемістіктің, тіпті бірнеше кемістіктің түпкі себебі болуы мүмкін. Алуан түрлі кемістіктер тобында, балаларда туа біткен патологиялардың түрлері, яғни генетикалық тектес патологиялар басым болып келеді. Күрделі кемістіктер, яғни хромосомдық синдромдар сирек кездеседі. Тегі хромосомдық күрделі кемістікке айқын мысал – Даун синдромы. Бұл хромосомдық аурулар қатарына жатады. Мұндай науқасқа шалдыққан балаларда, ақыл-ойдың кемдігінен басқа есту кемістігі, көру кемістігі жиі кездеседі»
  • Кемістіктердің қатар кездесуінің 20-дай түрін көрсетуге болады. Бұл сенсорлық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу және эмоционалды әртүрлі зақымданулардың өзара қабаттасуы болуы мүмкін (есту мен көру кемістіктерінің күрделі сенсорлық бұзылу ретінде қабаттасуы; көру бұзылуы мен сөйлеудің бұзылуы; көру бұзылуы мен қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдануы), сондай-ақ, барлық кемістіктердің әртүрлі дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігімен қабаттаса кездесуі (естімеушілік пен интеллектуалды бұзылу ретінде қабаттасуы; көру бұзылуы мен сөйлеудің бұзылуы; көру бұзылуы мен қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдануы).

«Күрделі бұзылулардың пайда болу уақытына қарай, оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады :
  • туа біткен немесе ерте кезден пайда болған күрделі кемістік;
  • мектеп жасына дейін көрініс берген немесе пайда болған күрделі кемістік;
  • жасөспірімдік шақта пайда болған күрделі кемістік;
  • егде жаста пайда болған күрделі кемістік;
  • қартайған шақта пайда болған күрделі кемістік»

  • Туа біткен немесе өте ерте кезден пайда болған күрделі кемістік, баланың даму үдерісін мейілінше қиындатады және өмір бойы әртүрлі профильдегі мамандар тарапынан, ерекше назарды қажет етеді. Отбасында кешенді кемістігі бар баланың дүниеге келуімен туындайтын мәселе, оның қайда тәрбиеленетіндігі жайында. Кейбір жағдайда, осы балалар арнайы балалар үйлеріне түседі, олардың даму мүмкіндігі өте қиын жағдайда болады. Осы уақытқа дейін, ата-анасы тәрбиелеуден бас тартқан кешенді кемістігі бар баланың жақсы дамып өскен жағдайы болған емес.

Кез келген жаста пайда болған күрделі кемістік жағдайлары үшін, баланың осы науқастану сәтіндегі даму ерекшеліктері мен білім, білік дағдыларын, психологиялық жасын анықтап алу өте маңызды.
Мамандар арасында естімейтін-көрмейтін баладағы, кҥүделі кемістік пайда болғанға дейінгі психикалық даму деңгейінің, жалпы дамудағы рөлі жайлы пікірталастар туды. Көру және есту қабілетінен мектеп жасына дейін айрылған бала, тумысынан көрмейтін-естімейтін балаға қарағанда, анағұрлым ілгері дами алады. Екінші жағынан, мамандар жасөспірімдік және егде жаста есту-көру қабілетінен айрылған адамдарда, қиын психологиялық мәселелер пайда болатындығына назар аударады.
Жасөспірім бала өзінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасының бұзылғанын, бұрынғы мүмкіндігінің жоғалуын қатты уайымдайды. Егер бұл кезеңде, айналадағы ересек адамдар, оның мұндай мінез-құлқының себебін түсінбесе, дұрыс жәрдем бермесе, агрессивтілігі күшейіп, психикалық құлдырауға немесе жеке тұлғалық ауыр өзгерістерге соқтыруы мүмкін.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет