Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері



бет11/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция 7

Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері:
  • Дебильдік – олигофренияның ішіндегі ең жеңіл және кең тараған түрі. Көмекші мектептердің негізгі контингентін, осы дебил балалар құрайды. Арнайы мектепті бітірген ақыл-ойы кем балалар, алғашқы еңбек дайындығын алып шығады. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.
  • Имбецильдік – анағұрлым төмен дәреже. Логикалық үдерістер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде. Олардың кейбірі, көмекші мектепте оқиды, басым көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында тәрбиеленеді. Кейде, күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе жұмыс операцияларына үйретіледі.
  • Идиотия – қабылдау қызметінің мүлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға деген реакциясы жоқ немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.

Олигофренияның клиникалық-патогенетикалық заңдылықтары

Патогенездің негізгі ерекшеліктері екі фактордан құралады:
Тотальдылық – бұл барлық жүйкелік–психикалық қызметтің төменгі деңгейінен (моторика, қарапайым эмоция) танымдық үдерістерді қамтамасыз ететін, жоғары деңгейге дейін тұтас органикалық жетілмеуі. Олигофренияда жалпы психикалық үдерістердің баяу қарқыны, қабылдау, зейін, естің т.б. жеткіліксіздігі, сондай-ақ, эмоциональдық ерекшеліктердің қалыптаспауы байқалады.
Иерархиялылық – бұл олигофренияның екінші маңызды белгісі. Мұнда зейін, ес, сөйлеу, эмоционалды-ерік саласы мен моторика кемшіліктері, ойлау кемшілігіне қарағанда, аз байқалады. Ал ойлаудың жоғары формаларының жетілмеуі, олигофренияға тән күйде қалады.
6. Психикалық дамуы тежелген балалар
Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бұл балалардың эмоционалды ерікті саласының жетілмеуі, органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. «Органикалық инфантилизм термині, алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған, психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы, яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс.
Инфантилизм, әсіресе мектеп жасына келген кезде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі. Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда, үйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда, жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе, жұмыстан бас тартады. Бұл балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі. Бұл – гармониялық инфантилизм деп аталады».
М.С.Певзнердің пікірінше, эмоционалды-ерікті саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін, баланың жеке ерекшеліктерімен сай келетін дамыту бағдарламалары дұрыс жүзеге асырылса, бұл кемшіліктер толық жойылады. Сондықтан, психикалық дамудың тежелуін, уақытша құбылыс деп санауға болады. Бірақ, балаларды тереңірек зерттей келе, үлгермейтін оқушылардың психикалық және дене бітіміндегі инфантилизмінің, басқа даму ауытқуларымен ұласатындығы анықталған.
«1966 жылы М.С.Певзнер ПДТ–ң клиникалық нұсқауларына сүйеніп жасаған өз классификациясын ұсынды:
  • Қалыпты интеллект пен эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм.
  • Танымдық әрекеттің жетілмеуі.
  • Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен асқынған, психофизикалық инфантилизм.
  • Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен асқынған психофизикалық инфантилизм.

  • Кейінірек, 1980 жылы К.С.Лебединская ПДТ классификациясының жаңа нұсқасын ұсынды. Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ–ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды.
    Бұлардың әрқайсысы, өзінің клиникалық–психологиялық құрылымымен, соматикалық, энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет