Негізгі өрім класына құрылымның бірдей элементтерінен (ілмектерінен) тұратын қарапайым өрімдер жатады. Негізгі өрімдердің құрылымы қарапайым болып келеді.Туынды өрім кластарына бірнеше бірдей негізгі өрімдердің үйлесімімен тоқылған өрімдер жатады. Олар бір өрімнің ілмекті бағаналарының арасында екінші өрімнің ілмекті бағаналары орналасып тоқылады.

Суретті трикотаж өрімдері басты және туынды өрімдердің базасында құрылады. Суретті өрімдердің сан алуан түрін базалық өрімдердің құрылысын өзгерту, олардың әр түрлі комбинациясын құру, қосымша жіптерді енгізу, ілмектерді қалдырып кету арқылы алады.
Классификация негізін басты және туынды өрімдердің базасында суретті өрімді алу принципі жатады.
Трикотаждың құрылымы кез-келген текстиль бұйымдары сияқты өзін құрайтын элементтердің өлшемдерімен, формасымен және өзара орналасуымен анықталынады. Трикотаж құрылымы элементтерінің формасына байланысты олар ілмектер, нобайлар және созылма түрінде болады. Трикотаждың бірнеше түрлерінде ілмектер, нобайлар және созылмалармен қатар оның құрылымына жіптердің қосымша кесінділері кіруі мүмкін.
Суретті өрім класына қосымша элементтерді (нобайлар, созылмалар, қосымша жіптер) қосу жолымен, немесе жаңа қасиеті бар трикотажды алу мақсатымен өндіру процестерін өзгерту жолымен негізгі және туынды өрімдер негізінде алынатын өрімдер жатады.Негізгі, туынды және суретті өрім негізінде жасалған кластар тармағының саны шектеулі.Ал қиыстырылған өрімді трикотаж әртүрлі негізгі, туынды және суретті өрімдердің белгілерімен үйлеседі. Әр қиыстырылған өрімді трикотаждың екі әртүрлі класс белгілері болады.