Престік өрімдердің анықтамасы мен құрылысы, қасиеттері және алу принциптері.Өрімдердің құрамында тұйық ілмектермен бірге нобайылар(тұйықталмаған ілмектер) тоқылса, оларды престік өрімдері деп атайды. Престік өрімдердің құрылымы екі элементтерден ілмек және нобайыдан тұрады. (16 сур.)
Престік ілмекті алу принципі мынадай: тоқу кезінде жіп барлық инелерге салынады да, жаңа ілмектерді құрайды, бірақ бұрынғы ілмектер әрқашанда емес, тек өрнекке сай түсіріледі.
Престік өрімдер
Престік өрімдерді алу тәсілдері инелердің конструкциясына және ілмек құрау үдерісіне байланысты. Бұл ілмек құрау үдерісінің циклынан кейбір операцияларды шығарып тастағанан не өзгеруінен болады.
Мысалы, толық аяқталусыз, иілдірусіз, престеусіз тәсілдері.
Реңкті эффекттерді құру үшін біртегіс ілмектері престік ілмектерімен жолақ, тік бұрыш, көп бұрыш және т. б. түрінде алмасады. Ілмектер қатарының биіктігі неғұрлым төмен болса, соғурлым жіптер көп қисаяды, сондықтан біртегіс қатарының биіктігі престік ілмектеріне қарағанда төменірек болып, жарық шағылынысуы көбірек әлсізденеді де, прес ілмегіне қарағанда қараңғы болады.
Бедерлі эффекттерді, нобайылары көп престік ілмектері біртегіс ілмектер тобын бойлай тарту арқылы алады, нәтижесінде тоқыманың беті тегіс емес бедерлі болады. Жоғары индексті престік ілмектерді орны-орнына белгілі тәртіппен қойып бедерлі өрнектер алуға болады.
Жаккардты өрімдер
Жаккардтыөрімді трикотажда инелер жұмысқа іріктеліп, берілген өрнекке сай қосылады. Егер инеге жіп салынбаса, онда осы кезде бұрынғы ілмек түсірілмейді мұндай өрімдерді жаккардты деп атайды.
Жүйелі және жүйесіз жаккард
Жүйелі жаккардты трикотаж,яғни жүйелі тәсілмен тоқылған, тоқыманың екі жағы бір ілмек құрау циклында құрылады. Сондықтан оның әр қатары қанша түс болса, сонша жіптер жүйелі салынумен құрылады. Мысалы, екі түстіде – екі жіп, үш түстіде – үш жіп және т. б.
Жүйесіз жаккардты трикотаж, яғни жүйесіз тәсілмен тоқылған, ілмек құраудың әр циклында алынады. Сондықтан ілмектердің мөлшері әр түрлі болады, себебі оның ілмек қатары бір немесе бірнеше жіптерден құрылады.
Жалаң жаккард
Жалаң жаккардты трикотаждың оң және теріс жағыныңфактурасы бірдей емес.
Жайманың оң жағындағы түрлі-түсті өрнек әсем және айқын, олар түсі әр-түрлі жіптерден тоқылады.
Жайманың теріс жағында түрлі-түсті жіптерден алынған созылмалар айқын көрінеді, олар бір горизонтальді қатарда бір түстес ілмектерді біріктіреді, сонымен қатар созылмалар жіптердің қосымша қабатын құрайды да, жылусақтағыш қасиетін арттырады.
Жайманың теріс жағында түрлі-түсті жіптерден алынған созылмалар айқын көрінеді, олар бір горизонтальді қатарда бір түстес ілмектерді біріктіреді, сонымен қатар созылмалар жіптердің қосымша қабатын құрайды да, жылусақтағыш қасиетін арттырады.
Жалаң жаккардтың суреті ұсақ, содай-ақ ұзын созылмалары бұйымның созылымдылығы мен беріктігін азайтады, суретті құру кезінде бір түстен горизонтал қатарында қатарынан 4-5 ілмектен артық құруға болмайды.
Қосарлы жаккардты трикотаж түрлі-түсті ірі өрнектермен сипатталады. Оң және теріс жағының сипаттамасына байланысты толық және толымсыз жаккардты түрлеріне бөлінеді.
Толық қосарлы жаккардтың оң ілмектері теріс ілмектен ұзынырақ болады.
Толымсыз косарлы жаккардтың оң жағы толық түріне ұқсас, ал теріс жағында әр түсті ілмектер кезегімен алмасады, яғни инелер біреуден кейін жұмыс істейді.