126
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
биологиялық өндеуінен өткен эртүрлі өнімдері, сүг қанты, лакто-лактулоза
шэрбэті. Осының іпгінде су сынға токталатын болсақ, сүг сарысуынан жасалған
сусындар өте қүнды өнімдерге жатады, диетальщ жэне емдік қасиеттерге ие.
Сүт сарысуы — ірімшік, сыр, казеин өндірісі кезінде пайда болатын,
жанама өнім. Алынатын өнім түріне байланысты ірімшіктен, сырдан,
казеиннен шығатын сүт сарысуы болып бөлінеді. Сарысудың қүрғақ заты
негізінен лактозадан немесе сүт қантынан түрады. Лактоза - артық майдың
жиналуын болдырмайтын, «оңтайлы» көмірсу болып табылады. Сонымен
қатар, асқазан-ішек жолдарының жүмысын реттеуге қатысады. Сарысу
ақуыздары - толыққанды ақуыз, алмастырылмайтын аминқышқылдары
үйлесімді түрде кездесетіндіктен, биологиялық қүндылығы өте жоғары
болып саналады. Олар қантүзілу үрдісіне жэне бауырдағы ақуыз синтезіне
қатысады. Сүт сарысуының қүрамында никотин қышқылы, холин, биотин,
В тобының. А, Е, С дәрумендері жэне кальций, магний кездеседі. Жалпы
сарысудың екі мағынасы болады. Бірінші, сарысу (провослав. Syrovatb -
сырмен байланысты деген мағына береді) сүт ашыған кезде пайда болатын,
майсыз жэне ақуызсыз сүйықгық. Екіннгісі, қан жэне лимфаның үйюы кезінде
пайда болатын сүйықтық. Медицинада емдік жэне диагностикалық қүрал
ретінде пайдаланылады.
Ертедегі адамдар, ашыған сүтті сүзгенде пайда болатын ірімпгік массасын
үзақ сақтауга болатындыгына көңіл бөлген. Гомер, Аристотель, Гиппократ,
Катон, Палладий жэне т.б.) ақындардың туындыларында, философтардыц
жэне галымдардың еңбектерінде мэліметтер келтірілген. Біздің дэуірімізге
дейінгі 1 гасырда өмір сүргсн Колумелла, сүтке қойылатын талаптар мен оны
қалай ашыту туралы кеңестерді егжей - тегжейлі жазган [1].
Сүт шикізатын кешенді өңдеудің негізгі жолы сыр, ірімшік жэне
казеиннің қалдықсыз технологиясын жасау болып табылады. Қазіргі
танда сүт сарысуын өңдеудің екі шешімі бар, бірі қүргақ заттарын толық
пайдалану, екіншісі қүрамдық компоненттерін жекелеп қолдану. Бірінші
шешім екі багыт бойынша жүзеге асады. Соның біріншісіне тоқталайық
- табиги сүт сарысуын нан өнімдерінің ингредиенті ретінде, сусын жэне
желе, десерт жэне балмүздақ, сонымен қатар қорекетік орта дайындау үшін,
жем жэне тыңайтқыш, жуғыш қүралдарын алу, косметика жэне сауықтыру
ванналарында пайдаланылады.
Сүт сарысуынан сусын алу үшін, мөлдір сүт сарысуына дэмдік
толықтыргыштарды қоса отырып, лактозаны ашытатын болгар жэне
ацидофильді таяқшаларды, сондай - ақ сүт ашытқысын қосып ашытады.
Сүт сары суы н м өлдірлету м ақсаты н да, сүт сары суы ақуы здары н
улырафилырациялық әдіспен бөліп алады. У льтрафильтрация - ең бастысы
ірімшіктен немесе сырдан шыққан сүт сарысуынан ақуызды бөліп алу,
өндірістік шыгындарды қысқарту жэне сыр көлемін үлгайту мақсатында
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
127
сүтті концентрлеу үшін пайдаланылды. Дәстүрлі әдіспен сүттен ірімшік
алуда биологиялық белсенді өнімдерге жататын сүт сарысуының ақуыздары,
сонымен қатар казеинді ақуыздың бір бөлігі жоғалады. Ашыған сүтті
ультрафильтрациялауға негізделген, жаңа технологиямен ірімшік алу кезінде
алынатын ірімшіктегі сүт сарысу ақуыздарьшың сақталуьш қамтамасыз етеді
жэне де казеинді ақуыздар толығымен бөлінеді [2].
Табиғи (казеин шаңынан тазаланған) ірімшіктен шыққан сүт сарысуына
дэмдік жэне хош иістендіргіш қосу жэне қоспау арқылы келесідей сусындар
жасалады: пастерленген сүт сарысуы жэне табиғи сүт сарысуы. Сонымен
қатар ашыту арқылыда сүт сарысуынан сусындар алады. Пастерленген
сүт сарысуын майсыздандырылған ірімшіктен шыққан сүт сарысуынан
пастеризациялау жэне салқындату жолымен алады. Ол тамаққа тікелей
қолдануға жэне кулинарлық өнімдерді жасауға арналған сусын.
Сүт сары суы н ул ьтраф и льтрац и ялы қ қон ды рғы да 50— 55 ° С
температурамен өңдейді. Сусындарға қосылатын толықтырғыштарға
байланысты тэтті жэне жеміс - жидекті болып екі түрге бөлінеді. Қантты
немес жеміс - жидек шэрбэтін сүт сарысуына ашытар алдында қосады.
Қазақ - тіл білімінде термин мен терминология мәселесі әсіресе,
XX ғасырдың соңғы онжылдығында күрт өзгеріске ие болып, ерекше
қарқьшмен зерттеле бастады. Бүған себеп - эдеби тіліміздің терминологиялық
жүйесінің “қазақылану” сипаты болды. Солақай саясаттың тілге үстемдік етуі
салдарынан, термин атаулыны орыс тілінен ешқандай талғаусыз қабылдау
үрдісінің басым болғаны шындық [3].
Ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына
көшкен бүгінгі танда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа
түсініктер, үғымдар пайда болуда. Яғни біздің өміріміз сияқты, тілде үздіксіз
даму үстінде болады. Биотехнологияның ғылыми тілін игеріп, оқып үйрену
үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Термин (лат.
terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми үғымға айқын
анықтама беретін, оның мағыналық шегін дэл көрсететін сөздер. Әдетте
тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық
шегі айқын болмай, жылжымалы болады. Ал ғылыми ой - пікірді дэл
білдіру үшін сөздің мағынасы түрақты, айқьш болу қажет. Сондықтан сөздің
мағыналық шегін дэл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып
қолдану арқылы жасалады [4].
Мысалы, биотехнология, казеин, ультрафильтрация, лакто - лактулоза
сияқты создер терминдер болып табылады.
Биотехнологиялық сөздің магынасын терең ашып беретін арнайы
терминдер үгымдар деп аталады. ¥ ғ ы м — объективті нагыздық нәрселерін
жэне олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі.
Мысалы, ірімшік, сыр, желе, десерт сияқты үгымдар жиі қолданылады.
128
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Терминология саласы бойынша эр алуан кайшылықты козқарастар,
түрлі бағытгар қалыптасып жатыр. Сол себептен алдыға қойылған мақсаттың
мағынасы өзгермес үнгін, «термин» ретіндегі сөздерді еш аударусыз «термин»
қылыи иайдаланған жөн. Ал. оларды аударып жатқан жағдайда, эркім өзінше
жеке түсінбейтіндей етіи аударып, бір терминнің бірнеше алуан баламасы
болғаннан гөрі, барлығы орталықтан бір жүйе арқылы жүзеге асырылса,
нүр үстіне нүр болар еді. Жэне де осы сөздерді, күн сайын пайда болып
жатқан жаңа қолданыстардың сондай - ақ, үмытылып бара жатқан сөздерді
санамызда жаңғырту көпшілікке тез таралуына мүрындық болып, қазақша
сөз үсынатын телехабарлар арқылы насихаттаса, қазақ тілі деңгейінің
мэртебесі жоғарылайтын еді.
Қорыта келгенде, жоғарыда айтылған биотехнология саласында
иайдаланылатын терминдер мен үғымдар мемлекеттік тілде кең қолданыс
алып келе жатыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Храмцов, А. Г., Павлов, В. А., Нестеренко, П. Г. и др. Переработка
и использование молочной сыворотки: Технологическая тетрадь - М. :
Росагропромиздат, 1989.
2 Евдокимов, И. А., Володин, Д. Н., Дыкало, Н. Я. Электродиализ
- перспективный метод переработки молочной сыворотки //Переработка
молока. № 2. 2001.
3 Әлісжанов, С. Ғылыми прозаның синтаксисі: қүрылымдық жэне
коммуникативтік негіздері / - Арыс. 2007.
4 http://kk.wikipedia.org/wiki.
С. Торайгыров атындагы
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 29.05.14 редакцияга түсті.
А. Ф. Зейнулина, Б. М. Оспанова
Смысл терминов употребляемых в отрасли биотехнологической
обработки (на основе молочной сыворотки)
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 29.05.14.
A. Ғ. Zeimilina, В. М. Ospanova
Meaning of terms used in industry of biotechnological treatment (on the
basis of lactoserum)
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
129
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 29.05.14.
В этой статье рассматривается то, что на сегодняшний день
во всем мире 50°о молочной сыворотки выливается в канализацию,
главным выходом рационального использования ее, является получения
напитка, используя метод биотехнологической обработки и эти
термины в области биотехнологии начали широко использоваться
на государственном языке.
In this article it is considered that today 50° о oflactoserum is poured
into the sewer worldwide. The main exit o f rational use is getting a drink,
using the method o f biotechnological processing and these terms in bio
technology have been widely used in the (official) state language.
ӘОЖ 93/94(574)
Э.
E. Ибраева
Ж. ЖӘНІБЕКОВТІҢ ШЕТЕЛ ТАҚЫРЫБЫНА
АРНАЛҒАН МАҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ
МҮРАТ
X X гасыр басында цазац зиялыларының алдында улы міндет
турды. Олміндет —халыңтың мәдени оміріндегіжаппай оқу-агарту
ісі еді. Қазақтың X X гасыр басында цалыптасцан интеллигенция
өкілдері өркениетке үмтылудың бірден-бір жолы — халыңтың
онер-гылым, оңу-білім игеруі екенін угынды. Зиялы азаматтар
осы багытта табанды іс жүргізіп, елге насихат айтты. Елдік
мәселеге ерте жастан араласңан алаш азаматы — Ж. Жәнібеков
ңай таңырыпты ңаламына арқау етсе де, оның астарынан елін оңу-
білімге үгіттеген агартушылық мақсат көрінеді.
Кілт создер: Ачаш, интелигенция, мәдениет, агарту, насихат.
Ж анрақ Жәнібеюв - қоғамдық-әлеуметтік өмірге ерте жастан араласқан
қазақ зиялыларының бірі. Ресей империясының қоластында болған қазақ
жерінің, қазақ елінің тағдыры Ж.Жәнібековті қатты толғандырды. Халқының
басына түскен тауқымет оны ерте есейтті. Отаршылдық жүйеге қарсы
түрарлық елдік күш - білім-ғылымда екенін үғынды. Қазақ халқын оқу-
130
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
білім үйреніп, өнер-ғылым игеруге үгіттеді. Ол осы бағытта еңбек етуден
шаршамады.
Ж. Әлжанүлының Қазан қаласында басылған «Айна» (1908) жэне
«Балалар бэдуамы» (1909) жинақтары ағартушылық бағытга жазылды. Ол
өзінің 19 жасында екінші рет басылған «Айна» кітабында: «Балаларыңызды
келешек заман үшін үйретіңіздер. Осы заманымыз - келешек заманның
айнасы. Келешек заман үшін нелер керегін осы күннен аңғарып қойыңыздар»
[ 1,15 -6], - деп жазды.
Өркениетті елдердің дамуына жіті бағып, қазақтың болашағына ойша
көз тіккен өз дэуірінің зиялы азаматы қазақтың басқа елдермен терезесі тең
болуы үшін өнер-білім игеру қажеттігін түсінді. Қаламы арқылы халқына
білім-ғылымды насихатгаудан шаршамады. Надандықтан арылуды көксеген
ол жас үрпақтың оқу оқып, білім алуын жан-тәнімен қалады. Онсыз үлы
державаның қоластында біржола жойылып кету қаупі барын сезді.
Ж.Жәнібеков өркениетке бет алған елдердің қателігінен үйреніп,
жетістіктерін меңгеруді меңзеді. Көбіне бауьфлас түрік елі туралы мақалалар
жазып, Түркияның ғылым жолындағы заманауи жаңалықтарын сөз етті.
1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарық көрген «Қазақ» газетінің эр
санында «Сыртқы хабарлар» айдары басылды. Бүл айдар бойынша бірінші
дүниежүзілік соғыс жайы, әсіресе Балқан соғысына дейінгі, соғыстан кейінгі
түрік бауьфларымыздың ішкі жағдайын қалт жібермей, андаған мақалалар
бірінен соң бірі жарық көрді. Солардың ішінен Жанүзақ Жәнібековтың
мақалаларын бағамдап, идеялық мақсатын тануға әрекет жасап көрелік;
«Қ азақ» газетін ің № 26 саны н да Ж. Ж әнібековты ң «О см анлы
түріктері»[2] атты мақаласы басылады. «Біздің қазақ Стамбүлдағы османлы
түріктерін «түрік» деп атайды, халифе жүрты деп атаушылары да бар. Төтесі
оларды османлы түріктері деп атау керек. Газетімізде олар туралы мақалалар
жарияланып жатыр, осы түріктер біздің нағыз бауырларымыз болады», - деп
басталады мақала.
Автор осы османлы түріктерінің осы күнгі Түркия дейтін мықты
патшалық қүрып, заманында аузынан от шашқан айбарлы патша болғанын
жазады. Алайда, Балқан түбегіндегі кішкентай төрт патшалықтан жеңіліп
қалғанын, 30-40 жыл бүрын түріктің қойын бағып, қосын артқан сол елдерге
енді жерлерін беруге мэжбүр болғанын қынжыла баяндайды. Анадолы
елінің білімді азаматтары кезінде айбары асқан өз елінің соғыста жеңілуінің
себебін іздейді, соңында мынадай шешімге келіп, қорытынды жасайды. Түрік
зиялыларының тілі араб, парсы, француз тілдерімен араласып, түрік тілінің
тазалығы жоғалған. Осы себептен, түріктің оқығандары мен қарапайым
бүқара халық арасындағы байланыс үзілген. Осы жағдай қарапайым түрік
азаматтарының көкірегіндегі Отанға деген махаббатының азаюына әкелді
деп түжьфымдайды. Анадолы жүртының зиялылары осы қателіктерін түзеу
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
131
мақсатында бүқара халықтың ішіне мектеп ашып, кітаптарын араб, парсы,
рум тілдерін араластьфмай, таза түрік тілінде, қара халық үғынатындай жеңіл
тілмен жазуды қолға алғанын баяндайды.
Тіл мәселесі - қай үлт болмасын, қай дэуір болмасын қашанда өзекті
екені даусыз. Түріктердің үлы шайқаста жеңілуінің себебі - сол кезеңдегі
түрік тілінің бейшара халімен байланыстырылады. Үлттық тілдің дэрежесі
- сол үлттың түтастығы, бекемдігі мен қуатының айғағын білдірері сөзсіз.
XX ғасырдың басында қазақ халқының басына да қара бүлтгай үйірілген
қатер, ол - қазақ тіліне төнген қауіп болатын. 1913 жылы «Қазақтың» №2
санында А.Байтүрсынов: «Үлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп
болатын нәрсенің қуаттысы - тіл. Сөзі жоғалған жүрттың өзі де жоғалады» [3],
- деп ешнәрсемен өлшенбейтін тілдің қүндылығы жөнінде ой түйеді.
Ыдыраған Осман империясының орньша Жаңа Түркия Республикасын қүрған
Кемал Ататүрік: «Түрік үлты деген сөз - түркі тілі деген сөз» [4,90-6], - деп
тілдің тек қоғамдық қатынас қүралы ғана емес, тіл - түгас үлт екенін баян
еткен.
Жанүзақ Жэнібеков «Османлы түріктері» мақаласында бауырлас түрік
елінің соғыстан кейінгі ішкі ахуалын баян ете отырып: «Бүл заманда бір
патшалықтың қуаты оқу-өнерінің мөлшерімен білінеді. Қай патшалықтың
халқы оқу-өнерлі болса сол патшалықтың айбары өткір болмақшы», - деп
оқу-білімнің маңызын келтіреді.
Автордың бүл сөйлемдерінің астарында феодалдық мешеуліктен айыға
қоймаған қазақ қоғамын оқу-өнерге, білім-ғылымға шақырғаны сезіледі. Өз
елінің болашағын ойлап, халқының білім-өнер жолында еңбектеніп, өзге
елдермен терезесі тең болғанын арман еткен Жанүзақ Әлжанүлы қазаққа
жан-тәнімен оқу-білімді насихаттаумен болды.
Жанүзақ Жэнібековтьщ «Қазақ» газетінің №48 санында «Түркияның іппсі
істері» [5] атты мақаласы жарық көреді. Бүл мақаласында да автор бауырлас
Түркияның Балқан соғысынан кейінгі ішкі жағдайына шолу жасайды. Жаңа
мезгілдік реформалар жасалынып, Түркия халқының әлеуметтік күйінің
жандана бастағанын жазады.
Мақала барысында Ж.Жәнібеков: «...түріктердің терең ой жіберіп, көп
күш сарп қылып қолға алған нәрселері оқу-өнер жолы», - дейді. Анадолы
жүртының оқу-өнер, білім-ғылымға мойын бүрып, түрік жастарының оқу-
өнер үйренуге Еуропа мемлекеттеріне кетіп жатқанын қуаньпппен баяндайды.
«Өткен жыл декабрь айында «Осман сүлтанның жеке патша болғанын еске
түсіру» деген мейрамдары болып өтті», - деп автор сол мейрамда түріктер
өздерінің түрік, үлы түрік екендіктерін естеріне алып, елдің рухын көтеру
мақсатында заманында қаһармандықпен аты шыққан ата-бабаларын еске
түсіргенін жазып: «Өзінің кім екендіктерін білмеген үлтта жігер аз, қайрат
кем болады», - деп ой түйеді. Осылайша, Түркия еліндегі бауырлас мүсылман
132
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
халқының түрмыс ахуалының жақсарып, қоғамдық-әлеуметтік жағдайының
беталысын қуана баяндаған мақала авторы - Жанүзақ Жэнібеков енді
түрік бауырларымыздың «мандайы ашық, мерейі үстем болуы анық» деп
қорытынды жасайды.
Жанүзақ Әлжанүлы Жэнібековтың көңіл қоярлық тағы бір мақаласы -
«Түрік үшушыларының өлімі» [6]. Бүл мақала«Қазақ» газетінде 1914жылы
(9 март) №53 санында «Сыртқы хабарлар» айдарымен жарияланады.
Бүл м ақаласы нда Ж .Ж әнібеков өркениетке қол созған Еуропа
елдеріндегі өнер-білімнің дамуы мен адамзат баласының ғылым жолындағы
жетістіктерін қаламына арқау еткен. Автор адамзаттың озық ақыл-ойынан
туған автомобиль, поезд, кеме секілді түрмыстық техникалардың дамып
жатқанын, енді көкте үшу ісі қолға алынғанын баяндайды. Үшақ жасау ісі
алдымен Европа, Америкада басталып, осы күнде түріктер де бүл білімді
игеруге әрекет етіп жатқанын жазады.
«Стамбүлға жалғас бір қорғанда түрік үшушыларын үшуға үйрететін
мектеп бар, сонда түрік офицерлері үшып, не түрлі тәсіл-тетік бар болса,
үйреніп талаптанып жатыр», - дейді мақала авторы.
Түркия үкіметінің үшақтарды байқап көріп, сынақтан өткізуді атақты
үшушы-офицерлер Фахтибек пен Нүрибекке тапсырғанын жазып, оқиғаның
дамуы мен салдарын одан эрі баяндап береді.
Үшушы-офицерлер - Фахтибек пен Нүрибек Анадолы түбегіндегі
ауылдытаңьфқатып, Ескі-Шеһир, Кония, Адана, Алеппо деген шаһарлардан
аман өтіп, Кония мен Адана шаһарларының арасындағы биіктігі үш жарым
шақырым Торос деген асқар биік таудың үстінен де үшып өтіп, түрік
халқының қошеметі мен қүрметіне бөленгенін келтіреді.
Соңында Бейруттан Ш амға жетіп, Ш амнан Қүдысқа бет алған
Фахтибектің үшағы қазаға үшырап, күл-талқан болады. Офицер Фахтибектің
сүйегі Шам шаһарындағы ескі түрік сүлтаны Сүлтан Салахаддин Аиубдің
қабірі қасына жерленеді. Түрік-болгар соғысында зор ерлік көрсеткен
үшушы-офицер Фахтибектің өлімі туралы Ж.Жәнібеков: «Түрік үлтына
аспан жолын ашып беріп шаһид болды. Мүның өлімі ардақты өлім», - деп
өз түжьфымын жазады.
Үшушы-офицер Нүрибек те Шам шаһарына барып, онан Бейрутке
жеткенін, соңгы келген телеграмма хабары бойынша ол да Яфа қаласының
маңайында теңізге түсіп опат болганын жазады.
Әуеде үшу өнерін игеріп, заманауи техниканы меңгеруге талаптанган
түріктердің беталысын өз жүртына осылайша баяндаган мақала авторы
«Түрік үшушыларының өлімі» мақаласын былай аяқтайды:
«Ануар паша нөкерлеріне мынаны айтты: «Аспан жүзінде үшып,
тәсіл-тетік үйрену міндетіміз, бүл жолда қанша қүрбан берсек те, әйтеуір
Искандарияга жетпей қоймаймыз», - деді». Бүл - мақала түйіні. Автор
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
133
озық білім мен заманауи техниканы игеруге үмтылған түріктердің қайтпас
қайсарлығы мен өжет рухын паш етеді. Өз кезегінде бүтін түріктің атасы
Мүстафа Кемал: «Әлемдегі барлық нәрсе үшін, табысқа жету үшін ең шынай
жол бастаушы - ғылым, техника.
Ғылым мен техникадан басқа жол көрсетуші іздеу - қате, қараңғылық,
адасушылық» [7,90-6], - депті. Алған бағытынан танбай, ғылым мен білім
жолында ізденіп, тәуелсіз дамыған Түрік елі - XXI ғасырда өркениетті елдер
қатарынан көрінген Европадағы бауырлас мүсылман мемлекеті.
«Қызым саған айтам, келінім сен тында» деген мақал бар. Бауьфлас түрік
халқының көзі ашық азаматтары кезінде Балқан соғысындағы жеңілісінің
себебі - халық арасында оқу-білімнің жеткіліксіздігі деп топшылаған
болатын. Жанүзақ Әлжанүлы түріктердің соғыста жеңілісін қынжыла
баяндаса да, я болмаса түрік азаматтарының әуеде үшу өнерін меңгеруге
талабын қуана хабарласа да - оның астарынан озық білімді насихаттау
көрінеді.
Жанүзақ Әлжанүлының түріктер жайында жазылған ендігі бір мақаласы
- «Қазан»[8],- деп аталады. Автордың бүл еңбегі ақпараттық бағытта
жазылған, «Қазақ» газетінің №63 санында жарық көрді.
Қазан шаһарында түратын профессор Катановтың 7 мың түптелген
кітабын Түркияның уақфтар назараты (
араб сөзі, уақфтар
назараты - бүл жерде «қайырымдылық қордың қаржысына» деген мағынада)
Стамбүлда жасалатын кітапханаға қою үшін 6 мың сомға сатып алғаны
баяндалады мақала басында. Түріктердің осы кітапты қарап алу үшін Қазанға
екі кісі жібергенін, бүл кітаптардың ішінде эр түрлі ғылым, пэн кітаптары
бар екенін жазады.
Жанүзақ Әлжанүлы: «Олар 100 абдыраға салып алып жөнелмекші.
Түріктер осы күнде Стамбүлда бір зор кітапхана ашпақшы. Бүл кітапханаға
дүниенің эр шетіндегі шаһардың кітапханасындағы түрік һэм түріктік
хақында жазылған кітаптарды сатып алмақшы. Яки сонан көшіріп алмақшы.
Бүл түріктердің артына айналып қарағандарының бір белгісі. Өзінің
бабаларының тілін, тегін, ерлігін білмеген жүрт басқа жүрттардың қарасына
еріп, өзінің үлттығын жоғалтады. Үлттығы жоғалған халықта жүрек, табан
болмайды.
Сөйтіп осы күнгі жас өспірім балаларының көңіліне түріктің түқымын
егіп, үлттық сүйкімін күшейтіп, келер заман үшін ер жүректі, жігерлі,
шыдамды азаматтар даярламақшы болып жатыр», - деп ой түйеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Жәнібеков, Ж. «Айна». - Қазан, 1908. 15 б.
2 Жәнібеков, Ж. А. Османлы түріктері // Қазақ. - 1913. - №26.
134
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
3 Байтұрсы нов, А. Оренбург. 10 февраль. // Қазақ. - 1913.-№2.
4 С м айы л, С. «Ататүрік». - Алматы : Жас Түркістан. 1998. - 90-6.
5 Жәнібеков, Ж. Түркияның ішкі істері // Қазақ. - 1914. - №48.
6 Жәнібеков, Ж. Түрік үшушыларының өлімі // Қазақ. - 1914. - №53.
7 С м айы л, С. «Ататүрік». - Алматы : Жас Түркістан. 1998. - 90-6.
8 Жәнібеков, Ж. Қазан // Қазақ. - 1914. - №63.
JI. Н. Гумилев атындағы
Еуразия үлттық университеті, Астана қ.
Материал 04.03.14 редакцияға түсті.
Э. Е. ІІбраева
А вторская идея статей Ж. Ж анибекова по зарубежной тематике
Евразийский национальный университет
имени JI. Н. Гумилева, г. Астана.
Материал поступил в редакцию 04.03.14.
Е. Е. Ibrayeva
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |