11
12
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 81:001.891(045)
А. Ғ. Ақылбаева
ТІЛДЕРДІҢ ӘЛЕМДІК КӨРІНІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Берілген маңажіда «әлемдік көрініс» және «әлгмнің тілдік көрінісі»
тусініктерінің теоретикалъщ негіздері әр түрлі галымдардың
көзңарастарын негізге ала отырып қарастырылган.
«Әлем көрінісі» термині ғылымға XIX ғасырдың аяғында еніп, физика,
философия, логика ғылымдарында (Вингенштейн Л , Герц Г.), ал XX ғасырда
антропология, семиотикада (В. Иванова, В. Топоров, Ю. Степанов, Гуревич),
лингвистикада (JI. Вайсгербер, Ю. Караулов. Г. Колшанский, В. Постовалова
т.б.) қоданылды.
Элем - адам мен қоршаған ортаның өзара әсерлесуінде көрініс табуы,
ал әлем көрінісі - « адам мен орта туралы ақпараттың өнделген нәтижесі»
болып абылады.
Тілшілер (Б. А. Серебреников, В. И. Постовалов, А. А. Уфимцева,
Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия т.б.) тілдегі адамзаттың рөлін айта отырып,
элем көрінісін адамның барлық рухани шығармашылығы, оның әлеммен
байланысының нәтижесінде қалыптасқан «элемнің глобальді бейнесі» деп
анықтайды.
Жалпы ғалымдардың әлем көрінісіне келесідей анықтама береді.
В. М. Сергеев элем көрінісінің қальштасуьшдағы теория мен тәжірибенің
өзара эсерлесуінің маңыздылығын атап өтеді: «Картина мира формируется
в ходе познания окружающей действительности в результате сложного
взаимодействия теории и практики» [2, 36].
Э. Д. Сүлейменова оны танымдық когнитивті феномен ретінде таниды,
ягни оньщ айтуынша: «Картина мира - это познавательный когнитивный
феномен, который не складывается из значений или суммы значений
отдельных слов» [3,1316].
Туманова: «Элем көрінісі - жалпы адамзаттьщ элем бейнесі, элем туралы
білімнің жиынтыгы» [4, 20-226] - деп ауқымды түрде түсінеді.
Элем көрінісі дегеніміз - адамзатты қоршаган объективті шындық. Ол
танымга тэуелсіз өмір сүреді.
Әлем көрінісі - өмір шындыгының нақты ақиқат қүбылыстары, оның
санадагы, адамдар танымындагы, үгымындагы оймен жасалган бейнесі, ал
біздің әлем туралы білімімізді аныгьфақ бейнелейтін адамның дүниені тану
қүралы - тіл.
Тіл - мәдениеттің қүрамы, мәдениеттің бір бөлігі жэне де оның қүралы.
Халқының мэдениеті тілде вербальданады, тап тіл мэдениеттің негізгі
түжырымдарын жинақтайды, оларды сөздерде белгі ретінде іске асырады.
Тілден туындайтын әлемнің үлгісі объективті элемнің субъективті бейнесі
болып табылады, ол өзінде адамның әлемді кабылдау тэсілдерін алып жүреді,
нақтьфақ айтқанда, түтас тілден өтетін, антропоцентризм.
Б. А. Серебреников: «Язьпс и мышление - две самостоятельные области,
хотя и тесно между собою связанные» [5, 15-166] - дей келіп, осыған орай
екі түрлі, екі басқа «әлемдік көрініс/бейне» танылатындығын айтады. Оның
бірі - түжырымдық бейне болса, екіншісі - тілдік көрініс. Мүның біріншісі
- ойлауға, үғымға қатысты, ал екіншісі - тілге қатысты.
Әлемнің тілдік көрінісі - көрсетілген тілдік үжымның күнделікті
санасында тарихи түрде қалыптасқан жэне тілде бейнеленген элем туралы
түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі
бір тәсілі. Әлемнің тілдік көрінісі туралы үғым В. Фон Гумбольдт жэне
жаңа гумбольдтшылдықтың (Вайсгербер т.б.) тілдің ішкі формасы туралы
айтылған ойларына қатысты жэне американдық этнолингвистиканың
идеяларына, негізінен Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық
гипотезасына қатысты.
Ал JI. В айсгербердің үлесі, ғы лы ми терм инологиялы қ жүйеге
«әлемнің тілдік көрінісі» терминін енгізуімен анықталады. Бүл түсінік
лингвофилософиялық концепциямен қоса, тілдің «кезеңдік элемі» мен
«энергиясының ерекшелігі» анықтады.
JI. В айсгербердің әлем нің тіл д ік көрін ісін аны қтаудағы басты
мінездемелері:
1. Әлемнің тілдік көрінісі - бүл барлық ықтимал мазмүндардың жүйесі:
рухани, берілген тілдік түтастықтың ділі мен мәдениеттің ерекшеліктерін
анықтаушы, жэне тілдік, сол тілдің атқаратын қызметі мен өмір сүруін
шарттаушы.
2. Әлемнің тілдік көрінісі бір жағынан, тіл мен этностың тарихи
дамуының салдары, ал екінші жағынан олардың эрі қарай дамуының ерекше
жолдарының себебі болып табылады.
3. Әлемнің тілдік көрінісі біртүгас «тірі организм» сияқты дүрыс қүрылған
жэне тілдік анықтамаларда көпдеңгейлі болып табылады. Ол дыбыстар мен
дыбыстық тіркестердің айрықша тобын анықтайды, тілдік шеберлердің
артикуляциялық аппаратының қүрылуының ерекшеліктерін анықтайды,
сөздңғ просодияльщ аньщтамаларьш, тілдік қүрамын, тілдің сөзтудырушылық
мүмкіндіктері жіне сөз тіркестері мен сөйлемдердің синтаксисі, сонымен бірге
өзінің паремиологиялық жиынтығы. Басқа сөзбен айтсақ, тілдердің әлемдік
көрінісі суммарлық коммуникативтік тэртібін, табиғаттың сыртқы дүниесі
мен адамның ішкі жан дүниесін жэне тілдік жүйені шарттайды.
серия Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я . 2014. № 2
13
4. Әлемнің тілдік көрінісі эрбір «тірі ағза ретінде» уақыт кеңістігінде
өзгеріске ж эне д ам уы н а үш ы райды , ан ы қтап ай тсақ верти калд ы
(диахроникалық) мағынада ол эрбір келесі даму кезеңінде өз-өзіне ішінара
тендестіру.
5. Әлемнің тілдік көрінісі тілдік мэннің біркелкілігін жасайды, тілдің
нығаюына ықпалын тигізеді, яғни сонымен бірге оның элемдік көрінісіндегі
мэдени ерекшеліктері жэне оның тілдік қүралдармен анықталуы.
6. Әлемнің тілдік көрінісі біркелкі өзіндік тілдік түтастықта өмір сүреді
жэне келесі үрпаққа өзінің ерекше дүниетанымы, өзін-өзі үстау ережелері,
өмір сүруі арқылы беріледі.
В.
А. Маслованың айтуынша: «әлемнің тілдік көрінісі - үлттың жалпы
мәдени мүрасы. ол қүрылымданған, көп деңгейлі. Тап элемнің тілдік көрінісі
коммуникативті тэртіпті қамтамасыз етеді, ішкі жэне сыртқы адам әлемін
түсіндіреді. Ол осы не басқа кезеңге тэн сөз ойлау қызметін оның рухани,
мэдени жэне үлттық қүндылықтарымен бірге суреттейді».
Әлемнің тілдік көрінісі үғымын Ю. Д. Апресян былай деп есептейді,
«табиғи тілде қабылдау тәсілдері мен элемнің түжырымдалуының көрінісі.
Тілдің негізгі түжырымдары біртүтас көзқарастар жүйесіне бүктетіледі, өз
алдына үжымдық философияға, барлық тіл меңгергендерге мэжбүр түріндс
міндеттеледі»[1; 39].
Әлемнің тілдік көрінісіне бейнелер емес, бейнеленгендер енеді. Ол
субъективті тэжірибе жемісі. Осыған орай А. Вежбицкая эр тіл о бастан
өз иелеріне белгілі бір әлем көрінісін беретіндігін айтады: «Нельзя на
естественном языке описать «мир как он и есть»: язык изначально задает
своим носителям определенную картину мира, причем каждый данный язык
- свою.. .Языковое значение - это интерпретация мира человеком, и никакие
операции над «сущностями реального мира» не приближают к пониманию
того, как устроено это значение» [8, 5-66].
И. А. Стернин элем туралы білімді сол не басқа затқа қатысты білім
жиынтығы деп түсінеді жэне элем туралы білімді ғылыми түрмыстық
энциклопедиялық білім ретінде қарастырады. Оның ойынша, элем туралы
тілдік білім тілдік емес білімге қарсы түрады. Тілдік білім сөз мағынасында
дербес семантикалық компоненті ретінде көрінсе, тілдік емес білім сөз
мағынасында қандай да бір компоненттерді жасайды. Тілдік емес білім адам
санасында нақты, көрнекі, сезімдіктүрде сақталады жэне жан-жануарлармен
адамның ортақ ойлауының нәтижесі екенін айтады [9, 20-326].
Е. М. Абақан «Тілдің мәдени философиясы» еңбегінде: «Тіл білімінде
«әлемнің көрінісі», «әлемнің үлттық көрінісі» сияқты термин ретінде
қолданылып жүрген сөйлемдерде элем бейнесінің жасалуы жеке адамға,
я болмаса, бүкіл адамзатқа тэн қүбылыс ретінде қарастырылады. Оның
когнитивтік (санаға қатысты), гносеологиялық (танымдық) сипаты адам
14
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ойында пайда болады. Бірақ «әлемнің тілдік көрінісі» қоршаған ортаның
тікелей, тура бейнесі бола алмайды екен. Себебі, болмыс пен тіл арасында
адамның санасы түрады» [10, 756],- деген пікір айтады.
Г. В. Колшанскийдің пайымдау ынша, э лемнің тілдік көрінісі о л хальщтьщ
әлеуметтік жэне еңбек тэжірибесінің ерекшеліктерінде негізделеді. Ақьф
соңында, осы ерекшеліктер өзінің көрінісін жэне үдерістің лексикалық жэне
грамматикалық номинациясының ажьфымында, ана немесе өзге мағьшаның
тіркесімінде табады, оның этимологиясінда (алғашқы белгінің талғамы
номинация жэне сөздің мағынасының білімінде) жэне т.б. тілде адамның
(әлеуметтік жэне жеке)», яғни мағынасы «ол үйлесімді шексіз шарттың
санымен, оның бағытталған біліміне ынта болып табылатын, эрдайым
пэннің шексіз ерекшелігін, көрінісі мен қатынасының біреуін тандайды
жэне бекітеді. Тап осы адами фактор көрнекі түрде барлық тілдік білімдерде
қарастьфылады, оның ауытқушылықтарында жэне жеке стильдерде» [8; 33].
Ю. Д. Апресян: «Әр табиғи тіл әлемді қабылдау мен үйымдастырудың
(концептуализациялаудың) белгілі тәсілін көрсетеді. Онда көрініс тапқан
мағыналар ортақ көзқарастар жүйесін, былайша айтқанда белгілі бір
міндеттілік ретінде тіл иелеріне таңылатын үжымдық философияны қүрайды.
Осы тілге тэн шындықты концептуализациялау бір жағынан әмбебап, бір
жағынан үлттық ерекшеліктерге ие, сондықтан эр тіл иелері әлемді өзгеше,
өз тілдерінің призмасы арқылы көруі мүмкін. Әлемнің тілдік көрінісі
«аңғал», яғни «ғылыми» элемнен өзгеше» [14, 3506] - дей отырып, тілде
көрініс табатын аңғал түсініктердің қарапайым еместігін, тіпті көп жағдайда
ғылымидан күрделірек жэне қызығьфақ болатынын атап өтеді.
Әлемнің тілдік көрінісі бір-бірімен байланысты, бірақ өзгешеліктері бар
екі идеяны қамтиды: 1) тілдің үсынатын әлем бейнесі «ғылымидан» өзгеше
жэне 2) эр тіл шындықты бейнелейтін бейнені өзге тілдерден ерекше етіп,
өзінше салады.
И. В. Черемысина элемнің тілдік көрінісін былайша жіктейді:
1. Әмбебап жэне идиоэтникалық элем көрінісі.
2. Әмбебап жэне идиоэтникалық элем көрінісі материалды (шындық)
жэне рухани (ментальді) әлем, эмперикалық жэне рационалды: кеңістіктік-
уақыттық, реалды- қиялды, жерлік- аспандық, жалпы үлттық-әлеуметтік
салада шектеулі аймақтьщ, кэсіби т.б. әлемнің тілдік бейнелері қарама-қарсы
қойылады.
Қ оры ты нды лай келе айтаты н болсақ: «әлем к өр ін ісі» - өмір
ш ындығының нақты ақиқат қүбылыстары, оның санадағы, адамдар
үғымындағы оймен жасалған бейнесі; «әлемнің тілдік көрінісі» - белгілі
бір тілдік үжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан
жэне тілде бейнеленген элем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты
концептуализациялаудың белгілі бір тэсілі болып табылады.
серия Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я . 2014. № 2
15
16
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMI
1 Сулейменова, Э. Д. Понятие смысла в современной лингвистике.
- Алма-Ата, 1989. - 160 б.
2 Туманова, А. Б. О соотношений «картина мира», «языковая картина
мира» и «концептуальная картина мира» // ҚазҮУ хабаршысы №9, 2004.
3 Серебреников, Б. А., Кубрякова, Е. С., Постовалова, В. И., и др.
Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. - Москва : Наука,
1988. - 242 б.
4 Вежбицкая, А. Язык. Культура. Познание. - М осква : Русские словари,
1996.
5 Стернин, И. А. Лексическое значение слова в речи. - Воронеж, 1985.
6 Абакан, Е. М. Тілдің мэдени философиясы. - Алматы : Айкос, 2002.
7 Апресян, Ю. Д. Избранные труды. - Москва, 1995. - 7676.
8 Гумбольд, В. Избранные труды по языкознанию. - М осква: Прогресс,
1984. - 396 6.
9 Маслова, В. А. Языковая картина мира и культура / В. А. Маслова
// Когнитивная лингвистика конца XX века. Материалы международной
научной конференции (в трех частях). - Ч. 1. - Минск, 1997.
10 Копыленко, М. М. Основы этнолингвистики. - Алматы : Евразия,
1 995.- 178 6.
11 Аскольдов-Алексеев, С. А. Концепт и слово // Русская речь. Новая
серия. Выпуск 2. - Ленингшрад, 1928.
12 В ежбицкая Семантические универсалии и описание языков.
- Москва : Школа «Языки русской культуры», 1999.
13 Гюдатов, Г. Г., Шеляховская,
JL
А. О соотношении концептуальных
и языковых структур // Функционирование единиц языка и речи. - Караганда,
1994.
Л. Н. Гумилев атындагы
Еуразия үлттық унивеситеті, Астана қ.
Материал 04.03.14 редакцияга түсті.
А. Г. Акылбаева
Теоретические основы исследования языковой картины мира
Евразийский национальный университет
имени Л. Н. Гумилева, г. Астана.
Материал поступил в редакцию 04.03.14.
A. Akylbayeva
Theoretical bases of the study of a language picture of the world
L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana.
Material received on 04.03.14.
В данной статье рассматриваются теоретические основы
исследования «картины мира» и «языковой картины мира», принимая
во внимание мнения и определения разных теных и исследователей в
этой области.
Theoretical bases o f the study o f “a world picture " and “a language
picture o f the world” are considered in the given article, taking into account
opinions and definitions o f different scientists and researchers in this area.
ӘОЖ 800:61-057.875
A. Қ. Алпысбаева, А. С. Ержанова, Г. К. Масабаева
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ
БАСТЫ ҚҮРАЛЫ
Маңалада тілдің кргамдъщ ортада алатын орны туралы айта
келе, оның ңарым-ңатынас ңуралы болуымен ңатар, сойлеу мәдениеті
де адамдар әрекетінің қурамдас болігі екендігіне, сондъщтан тіл
білімін дурыс игермейінше, адамдардың сөйлеу мәдениеті тольщ
жетілмейтіндігіне, сойлгу әдебі, сөз байлыгы сияқты тусініктерге
ж алпы сипат тама берілген. А вт орлар тіл м әдениет і, сойлеу
мәдениеті, сой.т’ әдебі мәселелгрін арнайы зерттеген галымдардың
еңбектеріне суйене, сілтеме жасай отырып, өз түжырымын берген.
Кілт создер: тіл мәдениеті, сой.щ’ мәдениеті, сойлеу әдебі,
сухбаттық тілдесім, сөз байлыгы.
Тіл қоғамдық қүбылыс болғандықтан, қоғамда өмір сүріп, дамып,
жетіліп отыратындықтан адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші
қүрал ретінде де қызмет етеді. Кез-келген тілде халықтың дүние танымы,
өмірге деген көзқарасы бейнеледі. Тіл арқылы адам өзінің ойын, көңіл-күйін
жарыққа, шығарады, тіл арқылы бір-бірімен пікір алысып, бір-біріне деген
ілтипатын, ниетін көзқарасын білдіреді [1].
Тіл қоғамның эр мүшесінің мәдениетінің даму жэне оны игеру қүралы
болып табылады. Тіл мәдениеті тілдік қолданыста «адам-мәдениет-тіл»
жүйесін реттеуші қызметін атқарады. Мәдениет - адамзат қоғамы жасаған
материалдық жэне рухани қүндылықтарды оқып-үйрену деген сөз. Тіл
серия Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я . 2014. № 2
17
мен мәдениеттің арақатынасы туралы Ж. Манкеева: «Бүл екі фактордың
тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер үлт мэдениетін немесе
үлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің
сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады» [2], десе, Н. Уэли:
«тіл-мәдениеттің фактісі, себебі ол ата-бабамыздан келе жатқан мәдениеттің
қүрамдас бөлігі», «тіл - мәдениетті игеруді жүзеге асыратын негізгі қүрал»,
«тіл - мәдени қүбылыстың ең маңыздысы», «тіл - жан-дүниеміздің ақиқатқа
айналуы, мэдениеттің бет-бейнесі, үлітық менталитетке тэн ерекшеліктерді,
бүркелемей, «жалаңаш» күйде көрсетуші» [3], - деп түжырымдайды. Тіл
- адамзат қоғамының ең басты қүндылығы. Тілдің көмегінсіз мэдениетті
оқып-игеру мүмкін емес. Үлттық тіл - мэдениеттің негізі жэне іргетасы
больш табылады. Тіл, біріншіден, оны қолданушылардьщ санасында сактаған
бірліктер мен ережелердің жиынтығынан түратын қоғамдық қүбылыс болса,
екіншіден, сол жиынтықты жекелеген адамдардың қолдануы.
Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана
тіліміздің дыбыстық жүйесін, оның ырғақ әуездерін, сөзді, оның мағыналық
қырларын, сөздің түлғалық қүрылымдарын, оның жүрнак. жалғауларын, сөз
тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік қүралдарын т.б. эдеби тілдің
нормасына сай қолдана білу, дүрыс эрі бедерлі жүмсай білу деген үғымды
білдіреді.
Сөйлеу - адамдарға ғана тэн қабілет. Б. Хасанүлы: «Адамға тілдік
қабілет туа бітеді, сол қабілеттің арқасында ол биологиялық тіршілік иесінен
элеуметтік тіршілік иесіне айналады. Адам әлеуметтену барысында тілдік
қабілетін жетілдіреді де. тілдік түлғаға айналады» [4] деп, адамдарды
биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде таниды. Тілдік қабілеттің жетілуі тілді
таныммен сабақтастыра зерттеуге, тіл арқылы адамды тануға, тіл мен адамды
біртүгастықта қарастыруға арқау болып, тіл мен түлғаның, тіл мен қоғамның
өзара әрекеттесуінен қалыптасатын мәдени-әлеуметтік факторлардың мэнін
ашады. Дәлірек айтқанда, адамдардың тілдік мәдениетін (немесе тілді
қолданудағы адамдардың мэдениеті) айқындауға мүмкіндік береді.
«Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айьфылмастық бірлікте болатындарына
қарамастан бұл екеуінің бірлігі тепе-тендік бірлік емес, эрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық бірлік. Тіл дегеннен оның қүрамына
енетін дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық формалар мен үлгілерді
түсінеміз. Тіл дегеніміз - сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы.
Ф. де Соссюрше айтқанда, қоймасы. Ал сөйлеу - сол жансыз материалдардың
өзара қарым-қатынасқа келуі, тілдің қимыл үстіндегі күйі. Тілдің жаны,
тіршілігі - сөйлеуде. Сөйлеу процесінде тілдік материалдар жанданып, өз
бойындағы мағыналық мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алады. Бірақ сол
мүмкіндікті эркім өз шама-шарқынша пайдаланады: біреулер оның ішіндегі
асылдарьш іріктеп альш, оларды өз мақсаттарына лайықтытиісті орындарына
18
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
қоя білсе, енді біреулерде ондай шеберлік, дарындылық болмайды. Осьщан
келеді де тіл шүбарлығы, тіл мәдениетсіздігі пайда болады, қоғамдьщ сипатты
тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде даралық сипатқа ие болады. Тіл мен
сөйлеудің бір-бірінен өзгешелігі осында. Тілге жақсы, жаман, мәдениетті,
мэдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен «тіл мәдениеті» деуден гөрі
«сөйлеу мәдениеті» деу мазмүнға сай келеді. Бүл айтылғандардан тіл мен
сөйлеу арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, тереңірек зерттей түсу
қажеттігі байқалады», - дейді [5]. Ғалым атап көрсеткендей, тіл - қоғамдық
сипатгағы қүбылыс, сөйлеу жеке адамдарға тэн даралық сипаттағы қүбылыс.
Тіл - дүниедегі заттар мен қүбылыстардың мазмүны мен формасын
қарастырып, талдау жасауға мүмкіндік береді. Дыбыстардың, сөздердің,
сөйлемдердің таңбалық белгісін, байланысу жолдарын айқындап, белгілі бір
халықтың дыбыстық жүйесін, сөздік қорын, өзіндік ерекшелігін саралайтын
қоғамдық қүбылыс.
Сөйлеу адам эрекетінің қүрамдас бөлігі болғандықтан, адамның
физиологиясымен, психологиямен, ойлау процесімен байланысады.
Нэтижесінде адамдардың танымдық қабілетін, түлғалық мәдениетін,
этностық болмысын, үлттық психологиясын, өмірлік дағдысын, ішкі
толғанысын, көңіл-күйін, жандүниесін дэйектейтін антропоөзекті категория
ретінде ерекшеленеді. Сөйлеу тілдің материалдық элементтері, яғни тіл
дыбыстары, сөз, сөйлем арқылы орындалады. Оларды айту мен қабылдау
процесі адамдардың физиологиялық қасиеті, яғни сөйлеу мүшелері мен
есту мүшелері негізінде жүзеге асады. Сөйлеу мүшелері мен есту мүшесі
қоршаған дүниедегі қүбылыстардың тікелей эсерінен болатын түйсіктер
мен елестердің қызметі арқылы сөйлеу аппаратының іске қосылуына арқау
болады. Нәтижесінде адамдардың сөйлеуге қабілетті екенін білдіретін
сигналдар жүйесі ми қабығьша барып, сойлеу органдарьшьщ эр түрлі қальшта
жүмсалуына мүмкіндік береді. Әрбір дыбысты, сөзді, сөйлемді мэніне,
мағынасына қарай өзінің сазымен айта алуға жағдай туғызады.
Адамдардың сөйлеу эрекеті мен жан-қуаттарының (психикалық
қүбылыстар) арасындағы байланыстар сөйлеу процесі мен оны қабылдау
процесінің арасындағы тілдік қарым-қатьшасты анықтайды. «Тілдік қатынас
сөйлеу тілі арқылы үғынысу, түсінісу дегенді білдіре келіп, адамның екінші
біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін; қоғамның
дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы
арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдар қатынасының түп
қазығы дегенді білдіреді» - деген Ф.Оразбаеваның түжырымы негізінде
сөйлеудің мэні адамдардың бір-бірінің үғынысуы, түсінісуі деп қорытуға
болады [6]. Адамдар бірін-бірі үғу, түсіну үшін өзара пікір алысуы қажет
екені белгілі. Пікір алысу айтылған сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну
процесі арқылы жүзеге асады.
серия Ф И ЛО ЛО ГИ ЧЕСКА Я . 2014. № 2
19
Сөйлеу кезінде затгар мен қүбылыстардың қыр-сырын үғыну. оларды
пайымдау сияқты логикалық категориялар жарыққа шығады. Үғым сөз
арқылы, байымдау сөйлем аркылы жүмсалып. тіл бірліктері сөйлеу процесіне
енеді. Әрбір сөз ойлы да, мәнерлі болып, өз қисынымен жүмсалуы керек.
Айтылған сөз жүйесіз болып, тілдік нормаға сай болмаса, тыңдаушы
психологиялық кедергіге үшырап, мэліметті қабылдау процесі орын
алмайды. Бүдан дүрыс сөйлеудің белгілі бір психологиялық, логикалық
қағидаларға сүйенетінін көруге болады. Оның ең басты көрсеткіші де тіл
жүйесіндегі білімді игеру болып табылады. Білім - ақылмен байланысты
болатын адамға тэн қасиет. Ж.Баласағүни айтқандай,«Ақылдың көркі - тіл,
тілдің көркі - сөз». Білім мен ой үшқырлығының, сергектігінің, белгілі бір
мәселені тез шешудің, затты эр қырынан танудың, жаңа нәрсені аңғарудың,
орынсыз асып-саспаудың т.т. көрсеткіші ретінде адамның сапалық қасиетін
айқындауға мүмкіндік береді.Адамға тэн осы қасиет тіл білімін игеруді
қажет етеді. Тіл білімін игермейінше адамдардың сөйлеу мәдениеті де
толық жетілмейді. Сөйлеу мәдениеті қоғамдық қарым-қатынастың барлық
саласында қажет. Сөйлеу арқылы тілді қолданушылардың санасында
сақталған бірліктер мен ережелердің жиынтығы сараланады. Адамдардың
сөйлеу процесіндегі даралық сипаты анықталады. Сондықтан тілдің
қоғамдық қарым-қатынастағы қызметі сөйлеу процесі арқылы айқындалады.
Осыған орай, сөйлеудің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: ауызекі
сөйлеуцарапайым сөйлеу, түрпайы сөйлеу, көркем сөйлеу гылыми сөйлеу
ресми сөйлеу. А.Байтүрсынүлы сөйлеудің маңызын былайша бағалайды:
«Біздің заманымыз - жазу заманы жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден
артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды:
жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі.
Сондықтан сөйлеу білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да
артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек
болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек» [7].
Сөйлеу мэдениеті туралы үғым әдеби тілмен тығыз байланысты. Өзінің
ойын айқын да дэл бере білу, сауатты сөйлеу, сөйлеу арқылы өзіне жүрттың
назарын ғана аударып қоймай, оларға эсер ете білу - сөйлеу мәдениеті
бар адамның белгісі. Сөйлеу мэдениеті үғымына тілдік қатынас үстіндегі
эдеп нормаларын сақтау, әдеби тіл нормаларының ауызша жэне жазбаша
формаларын меңгеру, тілдесім кезінде дүрыс тілдік қатынас жасауға қол
жеткізетін тілдік қүралдарды дүрыс таңдай білу жатады. Сөйлеу мэдениеті
үш қүрамдас бөліктен түрады: нормативтік, қатысымдық жэне этикалық.
Мэдениетті сөйлеу әдебі сүхбаттасу барысында тілдік қүралдарды
іріктеу мен қолдануға дүрыс дағды қалыптастыруын қажет етеді.
Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп ережелері бар.
Ол үлкенді сыйлау, кішіге қүрмет көрсету, бейтаныс адамдарға сыпайылық
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |