Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/180
Дата31.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#22599
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180
3.47  Торкретті  сылақ:  Жоғары  тығыздықтағы  цемент  ерітіндісінің  қоспасын 
сығылған  ауаның  қысымымен  канал  (сопло)  арқылы  өңделген  бетке  шашатын  арнайы 
сылақ. 
 
4 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
4.1 Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін бағалау келесі негізде 
жүзеге асырылады: 
a) Сейсмикалық әрекетті болжау. 
б) Ғимараттың (құрылыстың) жай-күйін бағалау. 
в) Ғимараттың (құрылыстың) сейсмикалық төзімділігі туралы қорытынды. 
Қолданыстағы  ғимараттар  мен  құрылыстардың  сейсмикалық  төзімділігін  бағалауға 
келесі жұмыстар жүргізіледі: 
-  зерттеу  объектілерінің  жалпы  санын  жаппай  құрылыстағы  ғимараттардың 
(құрылыстардың)  конструкциялық  схемалары  мен  ерекшеліктерін  талдау  арқылы, 
жауапкершілігінің  дәрежесінің  сипаттамасын  ескере,  жекелеген  объектілерді  жіктей 
отырып анықтайды; 
-  белгілі  бір  аймақтың  ерекшеліктерін  зерттеу  (жергілікті,  табиғи,  құрылыс, 
әлеуметтік жағдай, болжамды жер сілкінісі); 
- ғимараттар мен құрылыстардың табиғи зерттеулерін жүргізу; 
-  ғимараттардың  (құрылыстардың)  сейсмикалық  қауіпсіздігін  және  пайдалану 
сенімділігін  қамтамасыз  етуі  бойынша  ұсыныстары  бар  тұжырымдамасын  әзірлеумен 
нақты сейсмикалық төзімділігін бағалау. 
         4.2. Сейсмикалық әсердің болжамы мыналарды қамтиды: 
          а) елді мекендердің тізіміне сәйкес құрылыс ауданының сейсмикалығы [1] 2 және 3-
қосымшаларында келтірілген. 
б) 
аумақтарды 
сейсмикалық 
ықшамды 
аудандастырудың 
қолданыстағы 
карталарымен  құрылыс  алаңының  сейсмикалылығы  анықталады;  сейсмикалық  ықшамды 
аудандастырудың  карталары  жоқ  аудандарда,  құрылыс  алаңының  сейсмикалылығын  [1]  
4.1-кестесі 
бойынша
 
құрылыс 
алаңының 
сейсмикалылығы 
мен 
топырақ 
категорияларындағы сейсмикалық қасиеттеріне негізделген анықталады. 
 
г) құрылыс алаңындағы инженерлік – геологиялық ізденістерінің  есебінде  құрылыс 
ауданының  сейсмикалылығы,  топырақ  категорияларының  сейсмикалық  қасиеттері  және 
құрылыс алаңының нақтыланған сейсмикалығы көрсетуі керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет