Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
10.3 Өңделмеген кірпіш, саманды және шлак-бетонды ғимарат қабырғаларын күшейту
10.3.1 Сыртқы және ішкі көтеруші қабырғалар екі жағынан тік қабаттармен
арматураланған сылақпен маркасы 100 кем емес цементті-құмды ерітіндіде, ұяшық
өлшемі 150x150 мм қалыңдығы 40 мм кем емес арматуралық тоқылған тормен, Bp-І
болат класының диаметрі 5 мм беріктігі жоғары сымымен күшейтеді;
- арматуралық торларды қабырғаға Г-тәрізді өзектердің диаметрі 6 мм (А-І болат
класы) көмегімен бекітеді, алдын-ала бұрғыланған тесікке шахматты түрде 600 мм
адыммен орнатады; анкерлерді орнатқан соң тесіктерді қатты цемент ерітіндісімен бітеу
керек;
- қабырғалар мен арқалықтардың үстіңгі тор жабынын өзара арматуралық
өзектермен диаметрі 6 мм А-I класты 300 мм артық емес қадаммен байлау керек;
- қабырға бұрыштары мен олардың қиылысу жерлерінде торды майыстырып және
1000 мм кем емес шамаға бұрыштарын кіргізу керек;
- аралас торларды тігінен және көлденеңінен үстіне жапсару (айқасатын ұзындық
150 мм кем емес);
- аралас торлардың өзектерін өзара тоқыма сыммен біріктіреді;
- есіктер мен терезелер ойықтарында қабырғаның екі жағынан А-ІІІ класты болаттан
жасалған жазық арматуралық қаңқаны диаметрі 10 мм кемінде екі өзекті бойлық
арматурамен міндетті түрде орнату керек; қамыттарды диаметрі 6 мм А-І болат класының
200 мм жоғары емес қадамымен арматуралық өзектерден орындайды; жалпақ
арматуралық қаңқаларды күшейтудың арматуралық торларымен байланыстыру;
- тұтас құймалы емес сейсмикалыққа қарсы белдігі жоқ ғимараттарда жабын
деңгейімен қабырғаның екі жағынан алаңның сейсмикалылығы 7 балл кезінде А-ІІІ
класты болаттан жасалған диаметрі 10 мм және 8 және 9 баллдық сейсмикалықпен А-ІІІ
болат класының өзек диаметрі 12 мм кем емес жазық арматуралық қаңқаны кемінде екі
өзекті бойлық арматурасымен міндетті түрде орнату керек; диаметрі 6 мм А-І болат
класының 200 мм жоғары емес қадамды өзектерден қамыттарды орындайды;